Кәсіпкерлік түрлері және олардың сипаттамасы 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Кәсіпкерлік түрлері және олардың сипаттамасы

Поиск

Бірлескен кәсіпкерлік – екі не бірнеше елдер серіктестерінің өндірістік-шаруашылық қызметінің кең ауқымды нысаны, яки өндіріс пен айналыс аясындағы, ғылыми-техникалық, инвестициялық және қызмет көрсету салаларындағы бірігу;

Жеке кәсіпкерлік –кәсіпкерлік қызметпен заңды тұлға құрмай айналысу; мемлекеттік кәсіпкерлік – ұлттық экономиканы дамыту үшін тауарлар шығаратын, қызметтер көрсететін мемлекеттік кәсіпорындардың қызметі, тәуекелдікті кәсіпкерлік – көбінесе ғылымды көп қажетсінетін салаларға бағытталған, жаңа технологияны жасаумен және таратумен айналысатын, яки инвестициядан табысты кем алу қатері үлкен салалардағы ұсақ фирмаларға тән кәсіпкерлік.

Жалған кәсіпкерлік- Кәсіпкерлік немесе банктік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз несие алу, салық, төлеуден босатылу, өзге де мүліктік пайда алу немесе тыйым салынған қызметті жасыру мақсаты бар, азаматтық ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірген коммерциялық ұйым құру экономикалық қызмет саласындағы қылмыс болып табылады.

Заңсыз кәсіпкерлік - Кәсіпкерлік қызметті тіркеуден өтпей не рұксат алу міндетті болған жағдайларда арнаулы рұқсатсыз немесе лицензиялау шарттарын бұзып жүзеге асыру, сол сияқты кәсіпкерліктің тыйым салынған түрлерімен шұғылдану, егер осы әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірсе, не ірі мөлшерде табыс табумен немесе ірі мөлшерде акцизделетін тауарларды елеулі мөлшерде тауарларды өндірумен, сақтаумен не өткізумен байланысты болса, экономикалық қызмет саласындағы қылмыс болып табылады.

Кәсіпкерліктің түрлері: • Өндірістік кәсіпкерлік – бұл тауар өндіру мен қызмет көрсетумен байланысты кәсіпкерлік. • Коммерциялық кәсіпкерлік – бұл өнім өндірумен байланыссыз тауарлар мен қызметтерді қайта сату бойынша операцияларды жүргізумен ерекшеленетін кәсіпкерлік. Коммерциялық кәсіпкерліктің іс өрісі тауар биржалары мен сауда мекемелері. • Қаржылық кәсіпкерлік –бұл сату, сатып алу объектісі ақша, валюта, құнды қағаздар болып табылатын коммерциялық кәсіпкерліктің түрі. Қаржылық кәсіпкерлікке коммерциялық банктер және қор биржалары жатады. • Кеңес беру кәсіпкерлігі – бұл нарыққа бағытталу туралы қаржылық шаруашылық талдауды жасауға, басқару мәселелері жөнінде көмектер көрсетумен айналысатын кәсіпкерлік. • Сақтандыру кәсіпкерлігі – бұл белгілі бір жағдайларды сақтандырудан сақтандыру төлемін алу нәтижесінде пайда болатын қаржылық кәсіпкерліктің түрі. • Делдалдық кәсіпкерлік – бұл белгілі бір мәмілеге мүдделі тараптарды біріктіретін кәсіпкерлік.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 42; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.009 с.)