Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) және оның қызмет етуінің сипаттамасы 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) және оның қызмет етуінің сипаттамасы

Поиск

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) — белгілі бір шаруашылық қызмет жүргізу мақсатында бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде құрылтайшылардың үлесіне (салымдарына) бөлінген заңды тұлға. Қызмет мақсаты пайда алуды көздейді. Қатысушыларының саны жүзден аспауға тиіс. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді, ал серіктестіктің қызметіне байланысты залалдарға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде ғана жауап береді. Жарғылық капиталдың мөлшерін Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтайшылары белгілейді. Қазақстан Республикасының “Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы” Заңына сәйкес жарғылық капиталдың бастапқы мөлшері 100 айлық есептік көрсеткіш шамасына бара-бар сомадан кем болмауы керек. Егер Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысында өзгеше жағдай қарастырылмаса, қатысушылардың жалпы жиналысы серіктестік мүлкіне қатысушылардың қосымша жарналар енгізу туралы шешім қабылдай алады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жоғарғы органы оған қатысушыларының жалпы жиналысы болып табылады. Серіктестіктің алқалы ұйымы ретінде басқарма және байқаушы кеңес сайланады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік заң құжаттарында белгіленген реттер мен тәртіп бойынша қатысушылардың жалпы жиналысының шешімімен шаруашылық серіктестіктің бір түрінен екінші түріне, мысалы, акционерлік қоғамдар немесе өндірістік кооперативтер болып қайта құрылуы мүмкін. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік тарату туралы шешім шығару қатысушылардың жалпы жиналысының құзыретіне жатады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктегі басқару мәселелері Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, заң актілеріне және оның жарғысына сәйкес іске асырылады.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 49; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.006 с.)