Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдер, олардың түрлері және табысқа кері әсері 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдер, олардың түрлері және табысқа кері әсері

Поиск

Кәсіпкерлік тәуекел - өнімдерді тауарларды, қызмет көрсетулерді өндірумен, оларды өткізумен, тауар-ақша және қаржы операцияларымен, коммерциямен байланысты кез келген қызмет түрінде пайда болатын әлеуетті мүмкін қауіптілік, ресурстарды ықтимал жоғалтулар. Ол ресурстардың күтпеген, есептелмеген шығыны ретінде немесе ресурстарды ұтымды пайдалануға есептелген нұсқамен салыстырғандағы табысты ала алмауы ретінде сипатталады.                               

Кәсіпкерлік тәуекелді жіктеу күрделілігі олардың көп түрлігінде. Тәуекелді жіктеу әртүрлі белгілері бойынша жүзеге асады: пайда болу себебі, атқарымдық түрі бойынша және кәсіпкерлік сала бойынша, сақтандыру мүмкіндігі. жіберілетін деңгейі бойынша және т.б.

Кәсіпкерлік тәуекелдің жіктелуі: Кәсіпкерлік қызмет белгілері бойынша: өндірістік тәуекел өнім тауар өндіруге және қызмет көрсетуге, кез келген өндірістік қызмет түрін жүзеге асыруға байланысты; коммерциялық тәуекел өндірген немесе сатып алған тауарларды және қызмет көрсетуді өткізу процесінде туады; қаржылық тәуекел кәсіпкердің банктермен және басқа қаржы институттарыен қатынас сферасында пайда болады; заңдық – заң актілерінің төмен сапасымен және заңдағы күтпеген өзгерістермен байланысты; инвестициялық тәуекел – техникалық экономикалық негіздемені сапасыз жасаумен, жобаның құнының күтпеген өсуімен, қоршаған орнһтаны қорғау туралы заңның күшеюіне байланысты; сақтандыру т. – сақтандыру қорын қалыптастурымен, қорды басқарумен байланысты. Аумағы бойынша: жергілікті, салалық, елдік. Пайда болу табиғаты бойынша: субъективті және объективті. Туу сферасы бойынша: ішкі, сыртқы. Мүмкіндігі бойынша: сақтандырылатын, сақтандырылмайтын.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 42; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.146 (0.005 с.)