Leica фирмасының тахеометрлері, техникалық сипаттамалары және өлшеу жүргізу технологиялары 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Leica фирмасының тахеометрлері, техникалық сипаттамалары және өлшеу жүргізу технологиялары

Поиск

3 Жер серігі мен навигациялық жүйе аспаптары. Геодезиялық GPS өлшеулердің концепциялары. GPS өлшеулердің әдістері. GPS–тің жұмыс істеу тәртібі

Жер серігінің геодезиялық аспаптарын көптеген компаниялар шығарады. Қазақстанда бұл аспаптарды кеңінен ұсынып отырған барлық әлемге танымал, GPS – жүйелерін жасап шығарушы фирмаларға Trimble (США), Leica Geosystem (Швейцария), Жапондық Topcon Positioning System, т.с. компаниялар жатады. Бұл компаниялар NAVSTAR жер серігінің сигналдары бойынша жұмыс істейтін бір жилікті (L1) және екі жилікті (L1+L2) қабылдағыштарын Қазақстанға ұсынуда. Соңғы кездері Trimble, Leica Geosystem және Topcon фирмалары ГЛОНАСС және NAVSTAR сигналдары бойынша жұмыс істейтін жер серігінің геодезиялық аспаптарын жасап шығаруда. Сонымен қатар, бұл аспаптарды GALILEO жүйелерінің сигналдарын қабыладуға бейімдейді. GPS (Global Position System) – геодезиялық негіздерді құрудағы ең тиімді аспап болып табылады. GPS көмегімен орындалған геодезиялық өлшеулер дәлдігі, әмбебаптығы, жылдамдығы және үнемділігі, тиімділігімен кеңінен тарады. Бұл жұмыстардың орындау әдісінің классикалық геодезиялық өлшеулерден айырмашылығы бар. GPS өлшеуде арнайы ережелерді сақтаған кезде тиімді нәтижелерді алуға болады. GPS қабылдағыштарының ең басты ерекшеліктерінің бірі – ауа райының кез келген жағдайларында өлшеу жұмыстарын орындауға болады. Оптикалық аспаптардың кемшіліктерінің бірі – рейка/белгі/шағылдыру құралына дейінгі тікелей көрініс болмағанда жұмысқа жарамсыздығы, ал GPS үшін ондай қиыншылықтар туындамайды. Қабылдағыштармен 10-шақты шақырым аралықта өлшеулер жүргізе беруге болады. Қазіргі қабылдағыштар 1-2 батырмамен басқарылып жұмыс істеле беретіндіктен, оператордың арнайы дайындығының қажеті жоқ. Осы орайда экономикалық үнемділік артып, жеке персоналдардың саны төмендейді (GPS қабылдағыштары бір оператормен жұмыс орындайды). GPS қабылдағыштармен бірге болатын программалардың көмегімен, өлшеу нәтижелерін өңдеп, алынған геодезиялық жүйелерді теңестіруге және пункт координаталарын келесі тахеометриялық түсірістерге есептеуге болады. GPS көмегімен жүргізілген геодезиялық жұмыс, сіздің еңбек өнімділігіңізді жоғарылатады. Нүкте координатасын анықтау кезінде басқа жалпы қолданылатын геодезиялық аспаптарға қарағанда GPSпен сантиметрлік дәлдік деңгейін аласыз. GPS- пен геодезиялық жұмысты тәулік бойы істеуге болады, сонымен қатар нүктелер арасы көрінбеген жағдайда да жұмыс істеуге мүмкіндік туады.

Билет№30

1 Геодезиялық құралдарға қойылатын талаптар, жаңа технологияларды енгізу қажеттілігі, жаңа технологияларға қойылатын талаптар

Жаңа өлшеу құралдары мен әдістерінің енгізілу барысында геодезиялық аспаптанудың ролі артты. Бұл қолданбалы техникалық пән- жаңа геодезиялық аспаптардың теориясын, құрылысын, пайдаланылуы және метрологиялық қызмет көрсетуін үйрететін, сонымен қатар олардың техникалық қызмет көрсету ережелерін және эксплуатациялау жұмыстарымен таныстырады. 

Инженер-геодезист геодезиялық аспаптарды таңдау үшін және оларды оңтайлы қолданып, қажет болған жағдайда ақаулықтарын жоя білуі керек, сондықтан олардың құрылымын жетік меңгерулері шарт, сонымен қатар жаңа жоғары өнімді геодезиялық құралдардың өңдеуіне қатысулары шарт.

Қазiргi геодезиялық құралдарға қойылатын шарттар келесідей талаптармен анықталады:

- геодезиялық өлшемдердiң еңбек өнiмдiлiгiнiң жоғарылату қажеттiлiгімен және экономиканың даму қарқынымен;

- геодезиялық жұмыстарды автоматтандыру өзектiлiгі және үлкен масштабтағы түсiрістер;

- құралдарды эксплуатациялау, тасымалдау және сақтау шарттарымен;

- зауыт-аспап жасап шығарушылардың техникалық және технологиялық мүмкiндiктермен;

- тұтынушылардың сұраныстарымен.

Заманауи геодезиялық құралдар еңбектiң жоғарғы өнiмдiлiгiн далалық жағдайларда тасымалдау және эксплуатациялаудың жоғары сенімділігін, сонымен қатар өлшеу опрецияларының оңай және ыңғайлылығын қамтамасыз етуi керек.

Қойылған талаптарды тек қана габариті және массасы аз, коорозияларға және басқа қоршаған орта күштеріне қарсы тұра алатын, ыңғайлы автоматтандыру элементтері бар құралдар қанағаттандыра алады.

Геодезиялық өлшемдер кеңістікте координата мен бұрыштарды өлшеудің негізін қалайды. Қазіргі уақытта геодезиялық өлшемдерде қолданатын аспаптар, заман талабына сай, лазерлі- компьютерлі технологияларға көшті. Сондықтанда, өлшемдердің дәлдігін қажет еткенде қандай технология әдісімен орындалғанын қарастырады.

Қазіргі геодезиялық аспап – ол электроника, дәл механика, оптика, және басқа ғылымдардан тұратын жоғарғы технологиялық өнім. Ал спутниктік навигациялық жүйені қолдану геодезиялық аспаптардың жаңа цивилизациясы болып саналады. 

Материалдарды сандық өңдеу әдісінің дамуы стандартты түрдегі өнімдер – сандық карта, әр түрлі мақсаттағы пландар, сандық фотопландар, сонымен қатар өнімнің жаңа түрлерін – 3D модельдер, оперативті және планды мониторингке ақпараттар алуға мүмкіндік беретін жаңа эффектілі технологияны түзеді.

Келешектегі даму бағыты – ол өлшемдерді толығымен автоматтандырып, және жаңа технологиялар құрастыру.

Стандартты технологияларға қарағанда, арнайы әдістер кез – келген бір өлшеуді тез арада және өте жоғары дәлдікпен алуға мүмкіндік тудырады.

Технология саласындағы прогресстер салдарынан қағаз карталар толығымен сандық карталарға ауыстырылды.

Геодезиялық жүйелердің даму тенденциясына электронды тахеометрді жатқызуға болады. Соңғы кездері электронды тахеометрдің жай аспаптардан робот тәрізді станцияларға өзгерту тенденциясы орын алады. 

2 Шағылыспайтын қашықтық өлшеуіштердің құрылымы және геодезиялық жұмыстарда қолданылуы, DISTO Pro/DISTO ProA қашықтық өлшеуіштері

DISTO tm classic 4/lite электронды аспабын қолмен жасайтын лазерлік қашықтық өлшеуіштердің қазіргі заманғы аспаптарына жатқызуға болады. Конструкциясы қазіргі жаңа қызметтерді және автоматты іске қосу немесе міn/мах ара қашықтықта өлшеу сияқты жаңа қызметтер, өлшеу жұмыстарын едәуір жеңілдетеді. Құрылыстар ұзындық пен ара қашықтықты өлшеуге және оны қарапайым есептеуге жақсы бейімделген. Жұмыста құралдың қарапайымдылығы соншалық, оған қысқа уақыт аралығында үйренуге болады. Мұндай басқарушылық, DISTO/classic 4 үшін де, DISTO/life-ге де арналған, 65-суретте DISTO/life бейнесі көрсетілген. Жалпы сипаттама барлық модельдерге жарамды. DISTO мынадай мақсатта пайдаланылады: · ара қашықтықты өлшеу; · аудан мен көлемді есептеу; · өлшеу нәтижелерін сақтау, тіркеу; · құралды нұсқаусыз пайдалану; Жүйені жұмыстан қауіпсіз шығару және құралдан бағыттау, әрі ескерту жазбаларын алып тастау. DISTO Pro/DISTO ProA Бұл дәлдігі жоғары және қосымша мүмкіндіктері көп бейнесіз лазерлі қашықтық өлшеуіш, (1,5 мм-ге дейін). Оның жады 800 өлшеудегі жұмыс нәтижесін сақтауға мүмкіндігі бар. Кеңейтілген әріптік – сандық пернелер тақтасы деректерді енгізіп, әрі қарай қолдануға мүмкіндік береді. DISTO Pro және DISTOProA жеке компьютерге қосылып, нақты уақыт режімінде жұмыс істей алады: · ең көп қосымша функциялар жинағымен қамтылған; · 60 секундқа дейінгі үзілісіпен өлшеу; · үзіліссіз өлшеулер режімі; · ғимарат пен фасадтық бөлшектердің биіктігі мен енін анықтайды; · ара қашықтықты вертикаль және горизонталь өлшеу; · 10 рет өлшеуден орта мәнін шығару; · тригонометриялық функциялар: үшбұрыштың ауданы және қарама-қарсы жатқан ең ұзын қабырғасын, бұрышын, биіктігін анықтайды; · ғимарат франтонының ауданы мен үйдің төбесінің ылдилығын, бұрышын, ұзындығын өлшеуге арналған трапеция функциясын өлшеу; · диаметр бойынша дөңгелектің ауданын өлшеу функциясы; · еденнің және төбенің ауданын, қабырғаның жалпы ауданын, периметрін, бөлменің көлемін өлшейтін функция. Стандартты жиынаққа: аспап, тасмымалдайтын дорба, белдік, айналғыш табан, жылжитын бұрышты табан, өткізгіш – табанша, интерфейс үшін CD – ROM, бағдарламалы Onlіne – құжаты, ААА типті 4 батарея кіреді.

LEICA TPS – 300 сериялы тахеометр TPS – 300 LEICA тахеометрі – тез, әрі дәл жұмыспен қамтамасыз етеді. Олар құрылыс аймақтарында қарапайым және күрделі өлшеулер жүргізу үшін құрастырылған. Құрастыру кезінде «Leica Gеоsystems» фирмасының инженерлері пайдалануы кезіндегі ыңғайлылығына және өндіріс көлемінің ұлғайтылуына ерекше көңіл бөлген. Салмағы өте жеңіл, әрі жаңа функционалды мүмкіндіктерге ие. TPS 300 жүйелі тахеометріне аспапты нүктенің үстіне жай, тез және ыңғайлы орналастыру үшін лазерлік центрир енгізілген. TPS 300 базалық жүйесіндегі TCR тахеометрін модификациялау, өлшеулер мен шағылыстырғышты пайдаланбай-ақ, нүктелердің координаталарын анықтауға мүмкіндік береді. Мұнда өлшеу жұмыстары тез, әрі дәл орындалады. Бұл тахеометрлер өлшеу объектілері қиын берілетін жерлерді өлшеуге ыңғайлы: мысалы, ғимараттың бұрыштары, т.б. Қызыл лазерлі шағылыспайтын қашықтық өлшеуіш, қиын жұмысты қауіпсіздендіріп және жеңілдетеді. Қызыл лазер арқылы өлшемі 1–2 см болатын затқа дейінгі ара қашықтықты өлшеуге болады. Беткейдің түрі мен құрылымына байланысты 80 м-ге дейінгі ара қашықтық бірнеше сек ішінде 3 мм+2 мм дәлдікті тахеометрмен өлшенеді. Тахеометрге арнайы жұмыстарды (жүргізу үшін есептеу программалық пакет енгізілген.) түсірісті, қиылыстыру мен ауданның мәнін жүргізу үшін бағдарламалық пакет енгізілген. Бастапқы меню, бірте-бірте тахеометрдің барлық функциялары мен бекіткіштерінен жекелеп өтеді. Осы арқылы қателіктерді жібермеуге және қымбат өлшеулерді қайта жүргізбеуге болады. Қарапайым батырмалардың көмегімен әріптік – сандық деректерді оңай енгізуге болады. Ал үлкен графикалық дисплей, жұмысты орындау кезінде өте ыңғайлы. Тахеометрдің жад көлемі 4000 мәліметтер блогын құрайды, ал басқару жүйесі далалық мәліметтерді жеңілдетеді. TPS 400, Leiсa TS 407/405/403 сериялы электронды тахеометрлері Топографиялық-геодезиялық, т.с. геодезия саласындағы жұмыстарға, құрылысқа және зерттеуге арналған классикалық электронды тахеометр. Қарапайым қолданылатын интерфейс, енгізілген программалық қамтамасыз етуді жеңілдетеді. Ерекшеліктері: · сирек дисплей; · ыңғайлы батырмалар; · шексіз, тура келтіру бұрандалары; · лазерлік центрир; · екі осьті компенсатор; · жіптік тордың түстері; · үйлестірілген қоректендіру элементтері; · шағылдырғышсыз өлшеу. Leica TPS1200 сериясының тахеометрі TPS1200 тахеомтері «Leica Geosystems» компаниясының соңғы туындысы. TPS1200 сериялы аспаптарда осы күнгі аспап жасау саласындағы жетістіктер жүзеге асырылған. Электронды тахеометрлердің жаңа мүмкіндіктері кез келген геодезиялық жұмыстарды тез, дәл және тиімді орындауды қамтамасыз етеді. Қажетті аспаптарды тұтынушылар керегінше таңдап алу үшін, TPS1200 сериялы тахеометрлері көп сериялы болып шығарылады, әрине ол қаржыны үнемдеуге мүмкіндік туғызады (78-cурет). Бұл серияның мынадай модельдері бар: ТС – базалық модель. Бұл аспап барлық стандартты жұмыстарды аз қаржы жұмсау арқылы жүзеге асырады. Бұл аспаптар 2мм+2ррм дәлдікпен 3000 м артық өлшеуішпен жабдықталған. TPS1200 – тахеометрлерінің сипаттамалары мен мүмкіндіктері Үлкен радиуста жұмыс атқаратын, «Коаксиальды» дәлдігі жоғары бірнеше өлшеу режімі бар, тез және дәл қашықтық өлшеуіш. Бір призмамен 3 км-ге дейін өлшейді. Шағылдырғышсыз лазерлі қашықтық өлшеуіш. «Коаксиальды» қызыл лазерлі қашықтық өлшегіш ең кіші радиусты дақпен 500 м-ге дейін қашықтық өлшей алады. Өлшеуді ғимараттың бұрышына, қол жетпейтін нысандарға дейін жүргізуге болады. Сондықтан бұл тахеометрдің ара қашықтықты өлшеуде R100 және R300 екі варианты бар. Шағылдырғышқа бағыттаудың қажеті жоқ. Жобадан жергілікті жерге көшіру жұмыстары оңай және тез атқарылады.

 

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 76; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.176 (0.008 с.)