Topcon фирмасының тахеометрлері, техникалық сипаттамалары және өлшеу жүргізу технологиялары; 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Topcon фирмасының тахеометрлері, техникалық сипаттамалары және өлшеу жүргізу технологиялары;

Поиск

3 Topcon фирмасының тахеометрлері, техникалық сипаттамалары және өлшеу жүргізу технологиялары;

TOPCON тахеометрі Жапонның TOPCON корпорациясы – бүкіл әлемге танымал оптикалық – электронды аспаптарды жасаушы фирма. Көптеген жылдар бойы TOPCON корпорациясы аспаптар саласына айрықша жаңалықтар енгізді. Қазіргі таңда олар барлық әлемде жоғарғы сапалы геодезиялық аспаптардың стандартына ие болды. Қазіргі шығарылып отырған электронды тахеометрлер дәл оптика, механика, электронды-есептеу техникасы, бағдарламалар және жаңаланған конструкцияларымен жинақталған. Дәстүрлі оптикалы-механикалық аспаптарға сай бұл тахеомтерлер үш бағытта жіктеледі. TOPCON GTS – 800A/GTS – 800A тахеометрі Жоғары жылдамдықтағы “жетекті” механизм тахеометрді 50º/с. максималь жылдамдықпен айналдыруға мүмкіндік береді. Бұл горизонталь және вертикаль жазықтықта көру дүрбісін тез және ыңғайлы бұруды қамтамасыз етеді (75-сурет). GTS – 800A сериялы TOPCON тахеометрі 5º/с-қа дейінгі максималь жылдамдықпен нысананы, автоматты режімде бақылай алады. Ресейдің 3ТА5Р/3ТА5РМ тахеометрі 3ТА5Р (3ТА5РМ – 2 дисплейлі) электронды тахеометр – ірі масштабты топографиялық түсірістерді, пландық – биіктік негіздердің жүйесін құруға арналған. Ал салынған және салынып жатқан аумақтағы түсірісті орындау, қолданбалы есептеу программалары әр түрлі геодезиялық және инженерлік есептерді далалық жағдайларда, автоматты түрде орындауға арналған.

Билет№5

1 Leica фирмасының тахеометрлері, техникалық сипаттамалары және өлшеу жүргізу технологиялары;

LEICA TPS – 300 сериялы тахеометр TPS – 300 LEICA тахеометрі – тез, әрі дәл жұмыспен қамтамасыз етеді. Олар құрылыс аймақтарында қарапайым және күрделі өлшеулер жүргізу үшін құрастырылған. Құрастыру кезінде «Leica Gеоsystems» фирмасының инженерлері пайдалануы кезіндегі ыңғайлылығына және өндіріс көлемінің ұлғайтылуына ерекше көңіл бөлген. Салмағы өте жеңіл, әрі жаңа функционалды мүмкіндіктерге ие. TPS 300 жүйелі тахеометріне аспапты нүктенің үстіне жай, тез және ыңғайлы орналастыру үшін лазерлік центрир енгізілген. TPS 300 базалық жүйесіндегі TCR тахеометрін модификациялау, өлшеулер мен шағылыстырғышты пайдаланбай-ақ, нүктелердің координаталарын анықтауға мүмкіндік береді. Мұнда өлшеу жұмыстары тез, әрі дәл орындалады. Бұл тахеометрлер өлшеу объектілері қиын берілетін жерлерді өлшеуге ыңғайлы: мысалы, ғимараттың бұрыштары, т.б. Қызыл лазерлі шағылыспайтын қашықтық өлшеуіш, қиын жұмысты қауіпсіздендіріп және жеңілдетеді. Қызыл лазер арқылы өлшемі 1–2 см болатын затқа дейінгі ара қашықтықты өлшеуге болады. Беткейдің түрі мен құрылымына байланысты 80 м-ге дейінгі ара қашықтық бірнеше сек ішінде 3 мм+2 мм дәлдікті тахеометрмен өлшенеді. Тахеометрге арнайы жұмыстарды (жүргізу үшін есептеу программалық пакет енгізілген.) түсірісті, қиылыстыру мен ауданның мәнін жүргізу үшін бағдарламалық пакет енгізілген. Бастапқы меню, бірте-бірте тахеометрдің барлық функциялары мен бекіткіштерінен жекелеп өтеді. Осы арқылы қателіктерді жібермеуге және қымбат өлшеулерді қайта жүргізбеуге болады. Қарапайым батырмалардың көмегімен әріптік – сандық деректерді оңай енгізуге болады. Ал үлкен графикалық дисплей, жұмысты орындау кезінде өте ыңғайлы. Тахеометрдің жад көлемі 4000 мәліметтер блогын құрайды, ал басқару жүйесі далалық мәліметтерді жеңілдетеді. TPS 400, Leiсa TS 407/405/403 сериялы электронды тахеометрлері Топографиялық-геодезиялық, т.с. геодезия саласындағы жұмыстарға, құрылысқа және зерттеуге арналған классикалық электронды тахеометр. Қарапайым қолданылатын интерфейс, енгізілген программалық қамтамасыз етуді жеңілдетеді. Ерекшеліктері: · сирек дисплей; · ыңғайлы батырмалар; · шексіз, тура келтіру бұрандалары; · лазерлік центрир; · екі осьті компенсатор; · жіптік тордың түстері; · үйлестірілген қоректендіру элементтері; · шағылдырғышсыз өлшеу. Leica TPS1200 сериясының тахеометрі TPS1200 тахеомтері «Leica Geosystems» компаниясының соңғы туындысы. TPS1200 сериялы аспаптарда осы күнгі аспап жасау саласындағы жетістіктер жүзеге асырылған. Электронды тахеометрлердің жаңа мүмкіндіктері кез келген геодезиялық жұмыстарды тез, дәл және тиімді орындауды қамтамасыз етеді. Қажетті аспаптарды тұтынушылар керегінше таңдап алу үшін, TPS1200 сериялы тахеометрлері көп сериялы болып шығарылады, әрине ол қаржыны үнемдеуге мүмкіндік туғызады (78-cурет). Бұл серияның мынадай модельдері бар: ТС – базалық модель. Бұл аспап барлық стандартты жұмыстарды аз қаржы жұмсау арқылы жүзеге асырады. Бұл аспаптар 2мм+2ррм дәлдікпен 3000 м артық өлшеуішпен жабдықталған. TPS1200 – тахеометрлерінің сипаттамалары мен мүмкіндіктері Үлкен радиуста жұмыс атқаратын, «Коаксиальды» дәлдігі жоғары бірнеше өлшеу режімі бар, тез және дәл қашықтық өлшеуіш. Бір призмамен 3 км-ге дейін өлшейді. Шағылдырғышсыз лазерлі қашықтық өлшеуіш. «Коаксиальды» қызыл лазерлі қашықтық өлшегіш ең кіші радиусты дақпен 500 м-ге дейін қашықтық өлшей алады. Өлшеуді ғимараттың бұрышына, қол жетпейтін нысандарға дейін жүргізуге болады. Сондықтан бұл тахеометрдің ара қашықтықты өлшеуде R100 және R300 екі варианты бар. Шағылдырғышқа бағыттаудың қажеті жоқ. Жобадан жергілікті жерге көшіру жұмыстары оңай және тез атқарылады.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 75; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.176 (0.006 с.)