Геодезиялық аспаптар жасау тарихы; 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Геодезиялық аспаптар жасау тарихы;

Поиск

Билет №18

1.Геодезиялық аспаптар жасау тарихы;

М.В.Ломоносов, В.Я.Струве, В.Ф.Гербет, Д.Д.Гедеонов, К.И.Темпер П.А.Чебылов пен А.Н.Крылов, т.б. орыс ғалымдары мен инженерлері, өнертапқыштары геодезиялық аспаптарды жасауды қолданбалы ғылым ретінде қарап, геодезиялық жаңа аспаптар жасауда елеулі еңбек етті.
Геодезиялық аспаптарды жасап шығару Ресейде 1919 жылы басталды. 1923 жылы әскери топографиялық шеберхана негізінде “Геодезия” зауыты құрылды. Сөйтіп, алғаш теодолиттер, мензулалар, нивелирлер шығарылды. 1927 жылдан бастап, “Геофизика” атты басқа оптикалық-механикалық кәсіпорын, дүрбілі ТТ-30 теодолитін, ал 1930 жылдары ОТ және ОТ – 10 теодолиттерін шығара бастады.
1928 жылы Мемлекеттік геодезия және картография институты (ЦНИИГАиК) ұйымдастырылды. Ол жаңа геодезиялық аспаптарды даярлап зерттеуде, геодезиялық өлшеу әдістерін жасауда маңызды рөл атқарды. Институттың ең алғашқы директоры, әрі ғылыми жетекшісі – көрнекті орыс ғалымы, геодезист, профессор Ф.Н.Красовский болды. Ол геодезиядағы ғылыми-зерттеулердің көпжылдық болашағын алдын ала анықтады.

2. Электронды тахеометрдің құрылымдық ерекшеліктері, құрылысы және жұмыс істеу тәртібі;

Электронды тахеометр – жер бетінде горизонталь бұрышты, горизонталь ара қашықтықты және өзара биіктікті өлшеуге арналған топографиялық электрондық – оптикалық аспап. Электронды тахеометр құрылымында кодтық теодолит пен шағын жарық қашықтық өлшеуіш біріктірілген. Көздеу нысанасы ретінде шағын габаритті призмалық шағылдырғышы бар арнайы қада қолданылады. Өлшеу процесі автоматтандырылған. Ара қашықтықты, горизонталь және вертикаль бағыттарды өлшеу нәтижелері электрондық цифрлы таблода көрініп, бір мезгілде ақпаратты жинағышта тіркелуі мүмкін. Перфорациялық тіркеудің мәні – далалық өлшеу аспабының мамандандырылған элекрондық есептеу машинасымен қосылуында. Ол дала өлшеулерінің мәліметтері бойынша, автоматты түрде жергілікті жердің түсіру жоспарын сызады.

Қазіргі таңда электронды тахеометрлердің қолдану саласына, дәлдігіне және орындалатын функциясына байланысты үш топқа бөлуге болады: жәй электронды тахеометр; орташа класты электронды тахеометрлер; сервожетекпен жабдықталған (роботталған) тахеометрлер.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 71; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.009 с.)