Электронды тахеометрдің құрылымдық ерекшеліктері, құрылысы және жұмыс істеу тәртібі; 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Электронды тахеометрдің құрылымдық ерекшеліктері, құрылысы және жұмыс істеу тәртібі;

Поиск

3. Жарық қашықтық өлшеуіштер теориясы және олардың жіктелуі, “Топаз” СП2 жарық қашықтық өлшеуішінің сипаттамалары.

“Топаз” СП2 жарық қашықтық өлшеуіші ара қашықтықты өлшеуге арналған. Жарық қашықтық өлшеуіштің қолдану саласы: екінші разрядты өлшеу құралы ретінде топографиялық жарық қашықтық өлшеуіштер мен әкімшіліктік метрологиялық қызметтердегі тахеометрлерді тексеру; қолданбалы геодезияда ара қашықтықтарды өлшеу: машина жасаудағы үлкен өлшемдерді өлшеу; арнайы құрылыстарды жүргізу мен ғимараттарды пайдалану кезінде қолданылады.

Жарық қашықтық өлшеуішті пайдалану жағдайы: 

- қоршаған ортаның ауа температурасы,ºС…- 25…+ 40; - салыстырмалы ауа ылғалдылығы +20ºС 95%-ға дейін; - атмосфералық қысым, кПа 84…107(630…800). 

Техникалық сипаттамалары:

- Ара қашықтықты өлшеудегі орташа квадраттық қатесі мм, +- (2+2*10-6 Д*) аспауы керек.

- Жарық қашықтық өлшеуіштің құрылысы мен жинағының құрам бөліктері.

Билет №20

1. Шағылыспайтын қашықтық өлшеуіштердің құрылымы және геодезиялық жұмыстарда қолданылуы, DISTO Pro/DISTO ProA қашықтық өлшеуіштері;

Бұл дәлдігі жоғары және қосымша мүмкіндіктері көп бейнесіз лазерлі қашықтық өлшеуіш, (1,5 мм-ге дейін). Оның жады 800 өлшеудегі жұмыс нәтижесін сақтауға мүмкіндігі бар. Кеңейтілген әріптік – сандық пернелер тақтасы деректерді енгізіп, әрі қарай қолдануға мүмкіндік береді. DISTO Pro және DISTOProA жеке компьютерге қосылып, нақты уақыт режімінде жұмыс істей алады: 

- ең көп қосымша функциялар жинағымен қамтылған;

- 60 секундқа дейінгі үзілісіпен өлшеу; - үзіліссіз өлшеулер режімі;

- ғимарат пен фасадтық бөлшектердің биіктігі мен енін анықтайды; 

- ара қашықтықты вертикаль және горизонталь өлшеу; - 10 рет өлшеуден орта мәнін шығару; - тригонометриялық функциялар: үшбұрыштың ауданы және қарама-қарсы жатқан ең ұзын қабырғасын, бұрышын, биіктігін анықтайды;  

- ғимарат франтонының ауданы мен үйдің төбесінің ылдилығын, бұрышын, ұзындығын өлшеуге арналған трапеция функциясын өлшеу; - диаметр бойынша дөңгелектің ауданын өлшеу функциясы; - еденнің және төбенің ауданын, қабырғаның жалпы ауданын, периметрін, бөлменің көлемін өлшейтін функция.

Электронды тахеометр – жер бетінде горизонталь бұрышты, горизонталь ара қашықтықты және өзара биіктікті өлшеуге арналған топографиялық электрондық – оптикалық аспап. Электронды тахеометр құрылымында кодтық теодолит пен шағын жарық қашықтық өлшеуіш біріктірілген. Көздеу нысанасы ретінде шағын габаритті призмалық шағылдырғышы бар арнайы қада қолданылады. Өлшеу процесі автоматтандырылған. Ара қашықтықты, горизонталь және вертикаль бағыттарды өлшеу нәтижелері электрондық цифрлы таблода көрініп, бір мезгілде ақпаратты жинағышта тіркелуі мүмкін. Перфорациялық тіркеудің мәні – далалық өлшеу аспабының мамандандырылған элекрондық есептеу машинасымен қосылуында. Ол дала өлшеулерінің мәліметтері бойынша, автоматты түрде жергілікті жердің түсіру жоспарын сызады.

Қазіргі таңда электронды тахеометрлердің қолдану саласына, дәлдігіне және орындалатын функциясына байланысты үш топқа бөлуге болады: жәй электронды тахеометр; орташа класты электронды тахеометрлер; сервожетекпен жабдықталған (роботталған) тахеометрлер.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 81; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.176 (0.006 с.)