Электронды тахеометрдің құрылымдық ерекшеліктері, құрылысы және жұмыс істеу тәртібі 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Электронды тахеометрдің құрылымдық ерекшеліктері, құрылысы және жұмыс істеу тәртібі

Поиск

Қазіргі заманғы геодезиялық аспаптарды жоғарғы технологиялардың өнімі деп айтуға болады. Оның құрамына соңғы жетілдірілген электроника, дәл механика, оптика, т.б. ғылымдар кіреді. Ал қазіргі қолданылып отырған электронды тахеометриялық жүйелер – жетекші жасаушыларға SPECTRA (Швеция – Германия), LEICA (Швейцария), NIKON, SOKKIA TОPCON (Жапония), PENTAX, TRIMBLE/ SPECTRA/ PRECISION (АҚШ), УОМЗ (Ресей) жатады. Осы аталған жетекші фирмалар жүзден астам электронды тахеометрлердің моделін модификацияларын және 2008 ж. LEICA (Швейцария) электронды тахеометр мен жер серігі қабылдағышының қосылған роботталған түрін жасап шығарды. Электронды тахеометр – жер бетінде горизонталь бұрышты, горизонталь ара қашықтықты және өзара биіктікті өлшеуге арналған топографиялық электрондық – оптикалық аспап. Электронды тахеометр құрылымында кодтық теодолит пен шағын жарық қашықтық өлшеуіш біріктірілген. Көздеу нысанасы ретінде шағын габаритті призмалық шағылдырғышы бар арнайы қада қолданылады. Өлшеу процесі автоматтандырылған. Ара қашықтықты, горизонталь және вертикаль бағыттарды өлшеу нәтижелері электрондық цифрлы таблода көрініп, бір мезгілде ақпаратты жинағышта тіркелуі мүмкін. Перфорациялық тіркеудің мәні – далалық өлшеу аспабының мамандандырылған элекрондық есептеу машинасымен қосылуында. Ол дала өлшеулерінің мәліметтері бойынша, автоматты түрде жергілікті жердің түсіру жоспарын сызады. Электронды тахеометр арқылы өзара биіктікті анықтаудың, көлбеу қашықтықты горизонталь жазықтыққа келтірудің автоматты түрде атқарылуы, сондай-ақ жарықтың ауада таралуын жылдамдығы үшін түзетудің, автоматты түрде есепке алынуы мүмкін. Тахеометр жинағына шағылдырғыштар, штативтер, батарея, зарядтау құрылғысы, аспапты жөндеу және күту жабдықтары кіреді. Оның түнде жұмыс істеуге арналған жабдығы бар. Ол цифрлық таблоға берілетін жедел ақпарат пен жадтағы жинағышқа шығарылуына мүмкіндік бар. Қазіргі таңда электронды тахеометрлердің қолдану саласына, дәлдігіне және орындалатын функциясына байланысты үш топқа бөлуге болады: · жәй электронды тахеометр; · орташа класты электронды тахеометрлер; · сервожетекпен жабдықталған (роботталған) тахеометрлер.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 77; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.176 (0.007 с.)