Электронды тахеометрдің құрылымдық ерекшеліктері, құрылысы және жұмыс істеу тәртібі; 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Электронды тахеометрдің құрылымдық ерекшеліктері, құрылысы және жұмыс істеу тәртібі;

Поиск

2 Жарық қашықтық өлшеуіштер теориясы және олардың жіктелуі, “Топаз” СП2 жарық қашықтық өлшеуішінің сипаттамалары.

Жарық қашықтық өлшеуіш өлшеу принципі, жарық көзінен шағылатын затқа дейінгі, яғни тура және кері аралықтағы сәуленің өту уақытын өлшейді. Атмосфераның сыну көрсеткіші - оның оптикалық қасиеттеріне, сыртқы ортаның қысымына, температурасы мен ылғалдылығына байланысты. Сондықтан, қашықтық өлшеуішпен ара қашықтық өлшеу кезінде өлшеу нәтижелеріне, атмосфералық түзетулер енгізіледі. Модульді жарық қашықтық өлшеуіштер негізінен – фазалық, импульстік және құрама (жинақталған) болып бөлінеді. Фазалық жарық қашықтық өлшеуіштерде (ЖҚӨ) жарықтың өту уақыты аралық өлшеу бойынша жанама болып анықталады. Яғни, фазалардың салыстыру әдісі арқылы шағылған сигналдардың аралықтарымен анықталады. Соңғы кездері электрмагниттік қашықтық өлшемдер геодезияда жиі қолданылуда. Соның ішінде екі аспапты атап өтуге болады: 1) жарық қашықтық өлшеуіш; 2) радио қашықтық өлшеуіш. Кеңінен тарағаны – жарық қашықтық өлшеуіш. Қазіргі жаңа жарық қашықтық өлшеуіштер әр түрлі кластағы және дәлдіктегі геодезиялық жұмыстар мен құрылыстардың жарықшақтарын зерттейді. Сонымен қатар, ғылыми-зерттеу және ерекше инженерлік құрылыстарды жобалауға, жоспарлық құрылыстық өлшеулерге арналған. Осы орайда жарық қашықтық өлшеуіш техникаларының дамуында жалпы әлемдік практикада, қашықтығы мен дәлдігіне байланысты 3 негізгі бағыт пайда болды. 1. Г жарық қашықтық өлшеуіштер. Мемлекеттік геодезиялық тораптарды жүйелерді құруда қолданылады. 2. Қ жарық қашықтық өлшеуіштер қолданбалы геодезияда және маркшейдер ісінде қолданылады. 3. Т жарық қашықтық өлшеуіш геодезиялық толықтыру және түсіріс тораптары мен топографиялық түсірісте қолданылады. Осы аспаптарды шығаратын негізгі мемлекеттерге – Швейцария, АҚШ, Германия, Жапония, Ресей жатады. П топтарына – жоғары дәлдікті қашықтық өлшеуіш жатады. СП2 жарық қашықтық өлшеуішінің аралық өлшеу ауқымы 0,5-3000 м. “Топаз” СП2 жарық қашықтық өлшеуіші “Топаз” СП2 жарық қашықтық өлшеуіші ара қашықтықты өлшеуге арналған. Жарық қашықтық өлшеуіштің қолдану саласы: екінші разрядты өлшеу құралы ретінде топографиялық жарық қашықтық өлшеуіштер мен әкімшіліктік метрологиялық қызметтердегі тахеометрлерді тексеру; қолданбалы геодезияда ара қашықтықтарды өлшеу: машина жасаудағы үлкен өлшемдерді өлшеу; арнайы құрылыстарды жүргізу мен ғимараттарды пайдалану кезінде қолданылады. Жарық қашықтық өлшеуішті пайдалану жағдайы: · қоршаған ортаның ауа температурасы,ºС…- 25…+ 40; · салыстырмалы ауа ылғалдылығы +20ºС 95%-ға дейін; · атмосфералық қысым, кПа 84…107(630…800). Техникалық сипаттамалары Ара қашықтықты өлшеудегі орташа квадраттық қатесі мм, +- (2+2*10-6 Д*) аспауы керек. Жарық қашықтық өлшеуіштің құрылысы мен жинағының құрам бөліктері.

3 Шағылыспайтын қашықтық өлшеуіштердің құрылымы және геодезиялық жұмыстарда қолданылуы, DISTO Pro/DISTO ProA қашықтық өлшеуіштері;

DISTO tm classic 4/lite электронды аспабын қолмен жасайтын лазерлік қашықтық өлшеуіштердің қазіргі заманғы аспаптарына жатқызуға болады. Конструкциясы қазіргі жаңа қызметтерді және автоматты іске қосу немесе міn/мах ара қашықтықта өлшеу сияқты жаңа қызметтер, өлшеу жұмыстарын едәуір жеңілдетеді. Құрылыстар ұзындық пен ара қашықтықты өлшеуге және оны қарапайым есептеуге жақсы бейімделген. Жұмыста құралдың қарапайымдылығы соншалық, оған қысқа уақыт аралығында үйренуге болады. Мұндай басқарушылық, DISTO/classic 4 үшін де, DISTO/life-ге де арналған, 65-суретте DISTO/life бейнесі көрсетілген. Жалпы сипаттама барлық модельдерге жарамды. DISTO мынадай мақсатта пайдаланылады: · ара қашықтықты өлшеу; · аудан мен көлемді есептеу; · өлшеу нәтижелерін сақтау, тіркеу; · құралды нұсқаусыз пайдалану; Жүйені жұмыстан қауіпсіз шығару және құралдан бағыттау, әрі ескерту жазбаларын алып тастау. DISTO Pro/DISTO ProA Бұл дәлдігі жоғары және қосымша мүмкіндіктері көп бейнесіз лазерлі қашықтық өлшеуіш, (1,5 мм-ге дейін). Оның жады 800 өлшеудегі жұмыс нәтижесін сақтауға мүмкіндігі бар. Кеңейтілген әріптік – сандық пернелер тақтасы деректерді енгізіп, әрі қарай қолдануға мүмкіндік береді. DISTO Pro және DISTOProA жеке компьютерге қосылып, нақты уақыт режімінде жұмыс істей алады: · ең көп қосымша функциялар жинағымен қамтылған; · 60 секундқа дейінгі үзілісіпен өлшеу; · үзіліссіз өлшеулер режімі; · ғимарат пен фасадтық бөлшектердің биіктігі мен енін анықтайды; · ара қашықтықты вертикаль және горизонталь өлшеу; · 10 рет өлшеуден орта мәнін шығару; · тригонометриялық функциялар: үшбұрыштың ауданы және қарама-қарсы жатқан ең ұзын қабырғасын, бұрышын, биіктігін анықтайды; · ғимарат франтонының ауданы мен үйдің төбесінің ылдилығын, бұрышын, ұзындығын өлшеуге арналған трапеция функциясын өлшеу; · диаметр бойынша дөңгелектің ауданын өлшеу функциясы; · еденнің және төбенің ауданын, қабырғаның жалпы ауданын, периметрін, бөлменің көлемін өлшейтін функция. Стандартты жиынаққа: аспап, тасмымалдайтын дорба, белдік, айналғыш табан, жылжитын бұрышты табан, өткізгіш – табанша, интерфейс үшін CD – ROM, бағдарламалы Onlіne – құжаты, ААА типті 4 батарея кіреді.

Билет№4

Қазіргі заманғы геодезиялық аспаптарды жоғарғы технологиялардың өнімі деп айтуға болады. Оның құрамына соңғы жетілдірілген электроника, дәл механика, оптика, т.б. ғылымдар кіреді. Ал қазіргі қолданылып отырған электронды тахеометриялық жүйелер – жетекші жасаушыларға SPECTRA (Швеция – Германия), LEICA (Швейцария), NIKON, SOKKIA TОPCON (Жапония), PENTAX, TRIMBLE/ SPECTRA/ PRECISION (АҚШ), УОМЗ (Ресей) жатады. Осы аталған жетекші фирмалар жүзден астам электронды тахеометрлердің моделін модификацияларын және 2008 ж. LEICA (Швейцария) электронды тахеометр мен жер серігі қабылдағышының қосылған роботталған түрін жасап шығарды. Электронды тахеометр – жер бетінде горизонталь бұрышты, горизонталь ара қашықтықты және өзара биіктікті өлшеуге арналған топографиялық электрондық – оптикалық аспап. Электронды тахеометр құрылымында кодтық теодолит пен шағын жарық қашықтық өлшеуіш біріктірілген. Көздеу нысанасы ретінде шағын габаритті призмалық шағылдырғышы бар арнайы қада қолданылады. Өлшеу процесі автоматтандырылған. Ара қашықтықты, горизонталь және вертикаль бағыттарды өлшеу нәтижелері электрондық цифрлы таблода көрініп, бір мезгілде ақпаратты жинағышта тіркелуі мүмкін. Перфорациялық тіркеудің мәні – далалық өлшеу аспабының мамандандырылған элекрондық есептеу машинасымен қосылуында. Ол дала өлшеулерінің мәліметтері бойынша, автоматты түрде жергілікті жердің түсіру жоспарын сызады. Электронды тахеометр арқылы өзара биіктікті анықтаудың, көлбеу қашықтықты горизонталь жазықтыққа келтірудің автоматты түрде атқарылуы, сондай-ақ жарықтың ауада таралуын жылдамдығы үшін түзетудің, автоматты түрде есепке алынуы мүмкін. Тахеометр жинағына шағылдырғыштар, штативтер, батарея, зарядтау құрылғысы, аспапты жөндеу және күту жабдықтары кіреді. Оның түнде жұмыс істеуге арналған жабдығы бар. Ол цифрлық таблоға берілетін жедел ақпарат пен жадтағы жинағышқа шығарылуына мүмкіндік бар. Қазіргі таңда электронды тахеометрлердің қолдану саласына, дәлдігіне және орындалатын функциясына байланысты үш топқа бөлуге болады: · жәй электронды тахеометр; · орташа класты электронды тахеометрлер; · сервожетекпен жабдықталған (роботталған) тахеометрлер.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 87; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.176 (0.006 с.)