Trimble фирмасының тахеометрлері, техникалық сипаттамалары және өлшеу жүргізу технологиялары; 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Trimble фирмасының тахеометрлері, техникалық сипаттамалары және өлшеу жүргізу технологиялары;

Поиск

Американдық Trimble фирмасы өзінің заманға сай геодезиялық аспаптарын жылдан жылға жаңартуда. Солардың ішінде Trimble 3600 DR TCU, 5600 DR TCU және Trimble S6, Trimble M3 аспаптарының жаңа технологияларын айтуға болады. Trimble S6 аспаптарының жаңа технологиялары Жаңа геодезиялық өлшеу технологиялары Trimble SPS610 және SPS710 электронды тахеометрлерінің серияларында іске асырылып, бұл аспаптардың өнімділігін арттырды (67-сурет). Бұл сериядағы аспаптар үш модификацияда Servo, Autolock және Robotic шығарылған. Электронды тахеометрлердің жұмыс істеу технологиясы үш бағытта бөлінген: · MagDrive сервотехнологиясы; · MuliTtrack технологиясы; · SurеPoint технологиясы. MagDrive сервотехнологиясы Динамикалық, әрі тез қысқа аралықтағы геодезиялық өлшеулерді орындау кезінде, аспаптың MagDrive сервоқозғалтқышы үйкеліссіз электрмагниттік технологияны пайдаланды. Сервоқозғалтқыш пен тәуелсіз бұрыш өлшегіш, өлшеу жылдамдығы мен дәлдігін жоғарылатады. Қосымша аспап пен тахеометр арасындағы байланыс USB каналы арқылы орындалып, оператордан аспапқа берілетін команда жоғарғы жылдамдықпен қамтамасыз етіледі. Яғни, аспап тез айналады, іздейді және өлшейді. MultiTtrack технологиясы Trimble SPS серияларының тахеометрлері автоматты режімде дәл бағыттайды. Жәй призмаларға 5000 м ара қашықтықта өлшейді. Бірақ жәй призмаларды қолдану кезінде тахеометр мен шағылдырғыш арасындығы байланыс үзіліп қалуы мүмкін. Сондықтан іздеу функциясы бар Target ID шағылдырғышы қажетті нысананы ешқандай қиындықсыз таба алады. Бұл шағылдырғыш тахеометрге өзінің орналасқан жерінен сигнал жіберіп, аспаптың оны тез табуына мүмкіндік береді. Target ID – бұл қадаға орнатылған құрал, Tracker функциясы қажетті призманы тез тауып, ID кодын сәуле арқылы жібереді. SurеPoint технологиясы SPSx10 сериясының тахеометрлері SurеPoint технологиясымен, яғни призмаға бағыттауда автоматты түрде түзету жүйесімен қамтылғын. Бұл технология аспап немесе штативтің теңселуінен болған қателерді түзетеді. Дәлірек айтқанда, аспаптың жұмыс істеу кезіндегі жағдайын бақылайды. Trimble 3303 DR/3305 DR тахеометрі Trimble 3303 DR лазерлі көрсеткішпен қамтамасыз етілген. Ол көру түтікшесінде құрылып, жіптің ортасында жобаланған. Бұл ерекшелік – түсіріс кезінде нашар жарық берілетін және ғимарат ішіндегі жұмыстарды орындауға ыңғайлы. Тахеометрдің техникалық сипаттамасы; · бұрыштарды өлшеу дәлдігі: 3"; · ара қашықтықты өлшеу дәлдігі: 3мм+2мм/км (сәулесіз); · призма бойынша 2мм+2мм/км бір призма бойынша 3000 м); · 1900 нүктеге дейінгі жад; · біржақты дисплей; · орысшаланған . Trimble 5600 Servo сериясының – базалық моделі. · Бұрыштық қателігі 3²-5” құрайды, басқа да контроллерлермен TCU, GDM, TSC2 жинақталып жұмыс істеуге бейімделген. Экраны түрлі-түсті графикамен жабдықталған. Ерекшеліктері: · шексіз дәл бағыттау; · 4 бұранда орнына – 2; · аспаптың 4 айналу жылдамдығы; · бөлу кезіндегі автоматты позиционирлеу; · эргономикалық қолайлылығы; · жұмыс істеу өнімділігі 30% жоғарылатылған. Nikon ДТМ 333/352 – NPL 602/652 серияларының тахеометрлері Nikon электронды тахеометрі жапондық аспап шығарушылардың қазіргі заманғы аспаптарының бірі. Nikon электронды тахеометр геодезиялық және инженерлік жұмыстардың кең спектрлі өндірісі үшін құрастырылған. Бұл тахеометр геодезиялық аспаптардың қазіргі заманғы талаптарын қанағаттандырады: салмағы жеңіл, есте сақтау қабілеті жоғары, сенімді, ыңғайлы және жұмыс өнімділігі жоғары. Nikon тахеометрінің ерекшеліктері: • қондырғыларды жылдам ауыстыру; • графикалық дисплеймен жабдықталған екіжақты сандық әріптік батырмалар; • батареяның 30 сағат бойы жұмыс істеуі; • аспап толық орыс тіліне аударылған; • есте сақтау қабілеті 10000 нүкте; • төмен температуралы модификация (-30º -қа дейін); • шаңнан, ылғалдан толық қорғалған (стандарт IP х 6).



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 71; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.156 (0.007 с.)