Topcon фирмасының тахеометрлері, техникалық сипаттамалары және өлшеу жүргізу технологиялары; 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Topcon фирмасының тахеометрлері, техникалық сипаттамалары және өлшеу жүргізу технологиялары;

Поиск

Билет №16

1. Topcon фирмасының тахеометрлері, техникалық сипаттамалары және өлшеу жүргізу технологиялары;

Жапонның TOPCON корпорациясы – бүкіл әлемге танымал оптикалық – электронды аспаптарды жасаушы фирма. Көптеген жылдар бойы TOPCON корпорациясы аспаптар саласына айрықша жаңалықтар енгізді. Қазіргі таңда олар барлық әлемде жоғарғы сапалы геодезиялық аспаптардың стандартына ие болды.

Қазіргі шығарылып отырған электронды тахеометрлер дәл оптика, механика, электронды-есептеу техникасы, бағдарламалар және жаңаланған конструкцияларымен жинақталған. Дәстүрлі оптикалы-механикалық аспаптарға сай бұл тахеомтерлер үш бағытта жіктеледі.

1. Жалпы мақсаттағы тахеометрлер (GTS-100N, GTS-230N, -²-тан 9²GTS-3100N сериялары) – олардың бұрыштық қателгігі 2 қа дейінгі дәлдікке тең. -тан²

2. Инженерлік тахеометрлердің бұрыштық қателігі 1 -қа дейінгі дәлдікті береді (GPT-3002LN, GPT-3003LN, GPT3005LN,²5 GPT-3007LN). GTS720 - GTS7000 тахеометрлері Windows және GTS-820, GPT-8000 тахеометрлерімен қоса, MSDOS операциялық жүйелерімен қамтылған.

3. Жоғарғы класты тахеометрлерге – GPT-3000, GPT-7000 сериялары жатады. Олар 250 м-ге дейін аралықты призмасыз, ал 7000 м-ге дейінгі аралықты бір призмамен өлшейді. Аспаптардың ішкі бағдарламалары орыс тілінде жазылған.

2. Жер үсті лазерлік сканерлеу жүйелері, Scanstation жерүсті лазерлік сканері, лазерлік сканерлеу мәліметтері бойынша шешілетін тапсырмалар.

Геодезиялық аспаптар жасау нарығында «Leica Geosystems» фирмасы үш бірдей лазерлік сканерді ұсынып, геодезиялық аспаптар саласында тағы бір стандарт жасалды. Барлық үш сканер өз аттарына ие болды, олар: ScanStation, HDS6000, ScanStation 2 немесе жоғарғы деңгейлі түсіріс. Жоғарғы қабілетті түсіріс – геодезистер мен инженерлерге арналған 3D лазерлі сканирлеу тапсырмаларын шешуде пайдаланылып, кеңістіктегі деректерді өңдеуге бағытталған.

Бұл үш түрлі, үш көлемді жер сканері – инженерлік ізденістерде, құрылыста, архитектурада, топотүсірістерде, картографияда және тау-кен жұмыстарында, жерге орналастыру, кадастр, т.б. салаларда түрлі тапсырмаларды шешуге арналған.

ScanStation, HDS6000, ScanStation2 сканерлері Cyclone программасымен басқарылады. Cyclone – программасы жерді лазерлік сканирлеуге және түсіріс нәтижелерін автоматты өңдеуге арналған.

Leica ScanStation – геодезистер тахеометрмен жұмыс істегенде өте қажет төрт іргелі тахеометрдің ерекшеліктерін қамтиды, әдетте ол лазерлік сканерлердің жаңа түрін анықтайды



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 71; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.156 (0.007 с.)