Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Topcon фирмасының тахеометрлері, техникалық сипаттамалары және өлшеу жүргізу технологияларыСодержание книги
Поиск на нашем сайте Билет№29 1 Dini 12/12t/22 сандық нивелирі, DNA Leica Geosystems, SPRINTER серияларының сандық нивелирлерінің құрылымдық ерекшеліктері мен сипаттамалары Dini 12/12t/22 сандық нивелирі Сандық нивелирлер – қазіргі заманғы көптеген жұмысты атқаратын геодезиялық аспап. Ол дәлдігі жоғары оптикалық нивелирден, мәліметті сақтап қоятын электронды құрылғыдан және алынған нәтижелерді өңдейтін есептеу программасымен қамтамасыз етілген жабдықтан тұрады. Басқа нивелирлерге қарағанда сандық нивелирлердің басты айырмашылығы – ішінде орналасқан электронды құрылғы. Электронды құрылғы арқылы арнайы рейкадан өте жоғары дәлдікпен санақ алуға болады. Сандық нивелирлерді қолданғанда уақыт үнемделіп, өлшеу процесі жылдамдатылады. Өлшеу үшін аспапты рейкаға көздеп, бейнені айқындап, санақ алу пернесін басса жеткілікті. Аспап өлшеулерді өзі автоматты түрде жүргізеді, алынған нәтижелер мен рейкаға дейінгі ара қашықтықты цифрлы түрде көрсетеді. DіNі электронды нивелирлеріндегі алдыңғы қатарлы технологиялар мен қолайлы интерфейсы, жұмыстың сапасы мен өнімділігін арттыруға мүмкіндік туғызады. Ара қашықтықтарды ДіNі нивелирлері арқылы өлшеу мүмкіндігі, иіндерді теңестірудің жылдам тәсілі болып отыр. Dini 12/12t/22 сандық нивелирі Сандық нивелирлер – қазіргі заманғы көптеген жұмысты атқаратын геодезиялық аспап. Ол дәлдігі жоғары оптикалық нивелирден, мәліметті сақтап қоятын электронды құрылғыдан және алынған нәтижелерді өңдейтін есептеу программасымен қамтамасыз етілген жабдықтан тұрады. Басқа нивелирлерге қарағанда сандық нивелирлердің басты айырмашылығы – ішінде орналасқан электронды құрылғы. Электронды құрылғы арқылы арнайы рейкадан өте жоғары дәлдікпен санақ алуға болады. Сандық нивелирлерді қолданғанда уақыт үнемделіп, өлшеу процесі жылдамдатылады. Өлшеу үшін аспапты рейкаға көздеп, бейнені айқындап, санақ алу пернесін басса жеткілікті. Аспап өлшеулерді өзі автоматты түрде жүргізеді, алынған нәтижелер мен рейкаға дейінгі ара қашықтықты цифрлы түрде көрсетеді. DіNі электронды нивелирлеріндегі алдыңғы қатарлы технологиялар мен қолайлы интерфейсы, жұмыстың сапасы мен өнімділігін арттыруға мүмкіндік туғызады. Ара қашықтықтарды ДіNі нивелирлері арқылы өлшеу мүмкіндігі, иіндерді теңестірудің жылдам тәсілі болып отыр. DiNi 12 және DiNi 12T электронды нивелирлері – өзара биіктік пен ара қашықтықтарды дәл өлшеудің ең жақсы құралы. DiNi 12T нивелирінің DiNi 12-ден айырмашылығы, онда бұрыш өлшеуге қажет горизонталь лимбаның орнатылғандығы. DiNi 12 және DiNi 12T аспаптары, нивелирлік жүрістерді есептеуге және теңестіруге мүмкіндік береді. Сандық DiNi 22 нивелирі дәлдігі төмендеу жұмыстарды жүргізгенде қолдануға лайықталған. Өзара биіктікті анықтаудың 1 км қос жүрістегі орташа квадраттық қателігі ± 0,3 мм, дүрбінің үлкейтуі Г=32х есе. Ішкі есепетеу программалық жабдығында, биіктіктерді нивелир жүрістерінің орнын жобадан жерге көшіру, жүрісті теңестіру бар. Ал DiNi12T аспабында, нүктелердің координаталарын анықтайтын электронды тахеометрдің режімі бар. DNA Leica Geosystems серияларының сандық электронды нивелирлері Leica Geosystems компаниясының DNA сериялы нивелирлері, биіктіктер мен ара қашықтықтарды автоматты түрде тіркеп, бейнелерді сандық өңдеуге лайықтаған дүниежүзіндегі алғашқы нивелирлер. DNA – сандық нивелирлер жасап шығару көшбасшысы – Leica Geosystems фирмасының, барлық алдыңғы қатарлы идеялары пайдаланылып жасалған екінші буынды нивелирлер. Нивелирдің сырт бейнесі жаңа дизайнмен жасалғандығы, нарықтағы ең үлкен және эргономикалық сұйық кристалл дисплейлі екендігі бірден көңіл аударады. Алдыңғы қатарлы электронды технологиялар, ең күшті оптика мен дәл механикасы, 700 сериялы тахеометрлерге негізделгені – қолданушыға ыңғайлы интерфейсы, жұмысқа қолайлы және еңбек өнімділігін арттыра түседі. Бұл нивелирлердің ең басты ерекшеліктері – еңбек өнімділігін 50% арттыратындығы, өлшеу бағдарламаларының интегралданғандығы, биіктіктерді үздіксіз есептей алатындығы, ыңғайлы және эргономикалығы. Есептеу программалар пакеті, өлшеу нәтижелерін әрі қарай өңдей беруді қамтамасыз етеді. Мысалы, пикеттерден алынған нәтижелерді өңдеу, нивелирлік жүрістерді теңестіру, нивелирлік тораптарды теңестіру, профильдерді жасау және басып шығару. DNA 03 – 1 және 2 класты нивелирлеу, жарықшақтарды бақылау, өндірістік өлшеулер жүргізуге арналған жоғарғы дәлдікті нивелир (59-сурет). Нивелир тұтынушының белгіленген дәлдігіне сай, өлшеу нәтижелерін бір-бірімен салыстыру әдістемесі бойынша жұмыс істейді. Тұрақты нәтижелер – температураның әсерін ескере отырып, өлшеулерді автоматты түрде жүргізу арқылы алынады. Жан-жақты, жоғары дәлдікті, жұмыс істеуге қолайлы, әрі қарапайым аспап. DNA 10 нивелирі топографиялық, құрылыс жолдары, тоннельдер салу және тау-кен жұмыстарын, бақылау өлшеулерін, биіктік бөлу, т.б. жұмыстарды жүргізуге арналған. Аспап ішіндегі есептеу программалар тізбегі: · рейкадан санақ алу және ара қашықтықтарды анықтау; · жүріс ұзындықтарын ажырату және байланыстыру; · есептеу программалар арқылы аралық санақ алу және бөлу жұмыстарын желілік нивелирлеу; · биіктіктерді автоматты түрде есептеу; · тестеу және тексеру; · кодтау; · айырбастау (алмастыру). SPRINTER электронды нивелирі LEICA SPRINTER – құрылыс алаңының күрделі жағдайында жұмыс істеуге арналған жаңа электронды нивелир. LEICA SPRINTER – жаңа электронды нивелирін жасауда «Leica Geosystems» фирмасының 15 жыл бойы жинақтаған бай тәжірбиесі пайдаланылды. Электронды нивелир, құрылыс алаңының күрделі жағдайларында қолдануға арналып жасалған. Нивелир жарық жеткіліксіз жағдайда, тоннельдерде, ғимарат ішінде және түнде қосымша қол жарығымен жұмыс істей алады. Нивелирдегі «электрондық көз» құрылыс алаңындағы нивелирлеу кезіндегі санақ алу және жазу кезіндегі қателіктерді жойып отырады. Клавиатурасы қарапайым, әрі дисплейі үлкен. Қолдануға ыңғайлы интерфейс. Нивелирдің горизонттан өрескел ауытқуын ішінде орналасқан датчик дер кезінде ескертіп отырады. Станциясында өзара биіктіктер есептейтін, ара қашықтықтарды горизонтқа келтіретін, теңестіретін, үздіксіз өлшеу режімдері, т.б. қызметтерді атқаратын ішкі есептеу программалары бар. Бұл нивелир – геодезистің ең тиімді көмекшісі болып есептеледі. TOPCON тахеометрі Жапонның TOPCON корпорациясы – бүкіл әлемге танымал оптикалық – электронды аспаптарды жасаушы фирма. Көптеген жылдар бойы TOPCON корпорациясы аспаптар саласына айрықша жаңалықтар енгізді. Қазіргі таңда олар барлық әлемде жоғарғы сапалы геодезиялық аспаптардың стандартына ие болды. Қазіргі шығарылып отырған электронды тахеометрлер дәл оптика, механика, электронды-есептеу техникасы, бағдарламалар және жаңаланған конструкцияларымен жинақталған. Дәстүрлі оптикалы-механикалық аспаптарға сай бұл тахеомтерлер үш бағытта жіктеледі. TOPCON GTS – 800A/GTS – 800A тахеометрі Жоғары жылдамдықтағы “жетекті” механизм тахеометрді 50º/с. максималь жылдамдықпен айналдыруға мүмкіндік береді. Бұл горизонталь және вертикаль жазықтықта көру дүрбісін тез және ыңғайлы бұруды қамтамасыз етеді (75-сурет). GTS – 800A сериялы TOPCON тахеометрі 5º/с-қа дейінгі максималь жылдамдықпен нысананы, автоматты режімде бақылай алады. Ресейдің 3ТА5Р/3ТА5РМ тахеометрі 3ТА5Р (3ТА5РМ – 2 дисплейлі) электронды тахеометр – ірі масштабты топографиялық түсірістерді, пландық – биіктік негіздердің жүйесін құруға арналған. Ал салынған және салынып жатқан аумақтағы түсірісті орындау, қолданбалы есептеу программалары әр түрлі геодезиялық және инженерлік есептерді далалық жағдайларда, автоматты түрде орындауға арналған
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 81; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.176 (0.007 с.) |