Trimble фирмасының тахеометрлері, техникалық сипаттамалары және өлшеу жүргізу технологиялары; 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Trimble фирмасының тахеометрлері, техникалық сипаттамалары және өлшеу жүргізу технологиялары;

Поиск

Жаңа геодезиялық өлшеу технологиялары Trimble SPS610 және SPS710 электронды тахеометрлерінің серияларында іске асырылып, бұл аспаптардың өнімділігін арттырды. Бұл сериядағы аспаптар үш модификацияда Servo, Autolock және Robotic шығарылған. Электронды тахеометрлердің жұмыс істеу технологиясы үш бағытта бөлінген: - MagDrive сервотехнологиясы; - MuliTtrack технологиясы; - SurеPoint технологиясы.

MagDrive сервотехнологиясы. Динамикалық, әрі тез қысқа аралықтағы геодезиялық өлшеулерді орындау кезінде, аспаптың MagDrive сервоқозғалтқышы үйкеліссіз электрмагниттік технологияны пайдаланды. Сервоқозғалтқыш пен тәуелсіз бұрыш өлшегіш, өлшеу жылдамдығы мен дәлдігін жоғарылатады. Қосымша аспап пен тахеометр арасындағы байланыс USB каналы арқылы орындалып, оператордан аспапқа берілетін команда жоғарғы жылдамдықпен қамтамасыз етіледі. Яғни, аспап тез айналады, іздейді және өлшейді.

MultiTtrack технологиясы. Trimble SPS серияларының тахеометрлері автоматты режімде дәл бағыттайды. Жәй призмаларға 5000 м ара қашықтықта өлшейді. Бірақ жәй призмаларды қолдану кезінде тахеометр мен шағылдырғыш арасындығы байланыс үзіліп қалуы мүмкін. Сондықтан іздеу функциясы бар Target ID шағылдырғышы қажетті нысананы ешқандай қиындықсыз таба алады. Бұл шағылдырғыш тахеометрге өзінің орналасқан жерінен сигнал жіберіп, аспаптың оны тез табуына мүмкіндік береді. Target ID – бұл қадаға орнатылған құрал, Tracker функциясы қажетті призманы тез тауып, ID кодын сәуле арқылы жібереді.

SurеPoint технологиясы. SPSx10 сериясының тахеометрлері SurеPoint технологиясымен, яғни призмаға бағыттауда автоматты түрде түзету жүйесімен қамтылғын. Бұл технология аспап немесе штативтің теңселуінен болған қателерді түзетеді. Дәлірек айтқанда, аспаптың жұмыс істеу кезіндегі жағдайын бақылайды



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 71; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.176 (0.01 с.)