Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Лазерлі нивелирлер құрылымдық ерекшеліктері мен сипаттамалары, жұмыс істеу принциптері;Содержание книги
Поиск на нашем сайте 2 Лазер қондырылған LDT5D SQKKIA теодолиті, Leica Builder Т100/Т200, R100, R100M/R200, R200M электронды теодолиттерінің құрылымдық ерекшеліктері мен сипаттамалары; Лазер қондырылған LDT5D SQKKIA теодолиті Лазер қондырылған LDT5D SQKKIA теодолиті тоннель, жерасты жұмыстарында жарығы әлсіз жерлерде жұмыс істеуге таптырмайтын аспап. Бұл аспап электронды теодолит пен лазерлі көздегіштің қосындысын береді. Сәуле таратқыш лазер екі режімде жұмыс істейді: фокусталған сәуле (жоғарғы дәлдікте бағыттау үшін) және параллель шоғырланған (бағытты бақылау үшін) сәуле. Екі осьті компенсатор бұрыштық өлшеулердің дәлдігін максималь алуға мүкіндік береді. Ұзақ мерзімді лазерлі диодтың екі сәулелену қуаты бар (1МВт – 200 м немесе 2,5 МВт – 400 м). Аспаптың функционалды батырмалары өте ыңғайлы, әрі қолайлы етіп жасалған (51-сурет). Стандартты жинақ: аспап, аккумуляторлар BDC25A – 2 дана, зарядты құрылғы, нұсқаулар, футляр. SOKKIA-нің DT500, 500Д, 600 теодолиттері – DT500/600 электронды теодолиттердің жаңа сериясы болып табылады. DT – бұрыштарды өлшеуге арналған жетік аспап. Аспапты қолдану кезінде санақ қателіктері толығымен жойылады (бұрыш нәтижелері дисплейге беріледі). Аспап, пішіні жағынан жұмыс істеуге қолайлы, жаңа дизайн, оптикалық центрлеу және қолайлы үлкен дисплеймен қамтылып, 4 кнопкамен жұмыс істейді. Leica Builder Т100/Т200, R100,R100M/R200,R200M электронды теодолиті Builder Т100/Т200 электронды теодолитері құрылыс саласында қолдануға арналған. Теодолиттің ОКҚ 9²- 6², екі осьті компенсатор және лазерлік тіктеуішпен қамтылған. Көру дүрбісінің үлкейтуі 30-есе, сонымен қатар клавиатура, трегер құралдарымен қамтылған. Builder R100,R100M электронды теодолитері құрылыс саласында қолдануға арналған. Теодолиттің ОКҚ 9²- 6². Электронды теодолит екі осьті компенсатор, лазерлік тіктеуішпен, сонымен қатар клавиатура және трегер құралдарымен жабдықталған. Көру дүрбісінің үлкейтуі 30 крат. Теодолит қашықтық өлшеу функциясымен қамтылған. Ара қашықтықты өлшеудегі қателігі 3мм+2мм/км. Builder R200,R200M электронды теодолиттері құрылыс саласында қолданылады. Теодолиттің ОКҚ 9²- 6², екі осьті компенстор және лазерлік тіктеуішпен қамтылған. Көру дүрбісінің үлкейтуі 30 есе, ол сонымен қатар клавиатура, трегер, призма, шағылдырғышқа арналған қада мен өлшенген деректерді көшіру және енгізуге арналған (Lemo-USB). RS232 интерфейспен жабдықталған. Теодолит, қашықтық өлшеу функциясымен қамтылған. Ара қашықтықты өлшеудегі қателігі 3 мм+2 мм/км. Ішкі жады бар, яғни 10000 нүктеге арналған. Бұл электронды теодолиттер бірнеше тілдер және Autocad программасында оқуға арналған «Direct.DXF» функциясымен қамталған. Нүкте координаталарымен аттарын бірнеше қабаттарда сақтауға болады. 3 Dini 12/12t/22 сандық нивелирі, DNA Leica Geosystems, SPRINTER серияларының сандық нивелирлерінің құрылымдық ерекшеліктері мен сипаттамалары; Dini 12/12t/22 сандық нивелирі Сандық нивелирлер – қазіргі заманғы көптеген жұмысты атқаратын геодезиялық аспап. Ол дәлдігі жоғары оптикалық нивелирден, мәліметті сақтап қоятын электронды құрылғыдан және алынған нәтижелерді өңдейтін есептеу программасымен қамтамасыз етілген жабдықтан тұрады. Басқа нивелирлерге қарағанда сандық нивелирлердің басты айырмашылығы – ішінде орналасқан электронды құрылғы. Электронды құрылғы арқылы арнайы рейкадан өте жоғары дәлдікпен санақ алуға болады. Сандық нивелирлерді қолданғанда уақыт үнемделіп, өлшеу процесі жылдамдатылады. Өлшеу үшін аспапты рейкаға көздеп, бейнені айқындап, санақ алу пернесін басса жеткілікті. Аспап өлшеулерді өзі автоматты түрде жүргізеді, алынған нәтижелер мен рейкаға дейінгі ара қашықтықты цифрлы түрде көрсетеді. DіNі электронды нивелирлеріндегі алдыңғы қатарлы технологиялар мен қолайлы интерфейсы, жұмыстың сапасы мен өнімділігін арттыруға мүмкіндік туғызады. Ара қашықтықтарды ДіNі нивелирлері арқылы өлшеу мүмкіндігі, иіндерді теңестірудің жылдам тәсілі болып отыр. Dini 12/12t/22 сандық нивелирі Сандық нивелирлер – қазіргі заманғы көптеген жұмысты атқаратын геодезиялық аспап. Ол дәлдігі жоғары оптикалық нивелирден, мәліметті сақтап қоятын электронды құрылғыдан және алынған нәтижелерді өңдейтін есептеу программасымен қамтамасыз етілген жабдықтан тұрады. Басқа нивелирлерге қарағанда сандық нивелирлердің басты айырмашылығы – ішінде орналасқан электронды құрылғы. Электронды құрылғы арқылы арнайы рейкадан өте жоғары дәлдікпен санақ алуға болады. Сандық нивелирлерді қолданғанда уақыт үнемделіп, өлшеу процесі жылдамдатылады. Өлшеу үшін аспапты рейкаға көздеп, бейнені айқындап, санақ алу пернесін басса жеткілікті. Аспап өлшеулерді өзі автоматты түрде жүргізеді, алынған нәтижелер мен рейкаға дейінгі ара қашықтықты цифрлы түрде көрсетеді. DіNі электронды нивелирлеріндегі алдыңғы қатарлы технологиялар мен қолайлы интерфейсы, жұмыстың сапасы мен өнімділігін арттыруға мүмкіндік туғызады. Ара қашықтықтарды ДіNі нивелирлері арқылы өлшеу мүмкіндігі, иіндерді теңестірудің жылдам тәсілі болып отыр. DiNi 12 және DiNi 12T электронды нивелирлері – өзара биіктік пен ара қашықтықтарды дәл өлшеудің ең жақсы құралы. DiNi 12T нивелирінің DiNi 12-ден айырмашылығы, онда бұрыш өлшеуге қажет горизонталь лимбаның орнатылғандығы. DiNi 12 және DiNi 12T аспаптары, нивелирлік жүрістерді есептеуге және теңестіруге мүмкіндік береді. Сандық DiNi 22 нивелирі дәлдігі төмендеу жұмыстарды жүргізгенде қолдануға лайықталған. Өзара биіктікті анықтаудың 1 км қос жүрістегі орташа квадраттық қателігі ± 0,3 мм, дүрбінің үлкейтуі Г=32х есе. Ішкі есепетеу программалық жабдығында, биіктіктерді нивелир жүрістерінің орнын жобадан жерге көшіру, жүрісті теңестіру бар. Ал DiNi12T аспабында, нүктелердің координаталарын анықтайтын электронды тахеометрдің режімі бар. DNA Leica Geosystems серияларының сандық электронды нивелирлері Leica Geosystems компаниясының DNA сериялы нивелирлері, биіктіктер мен ара қашықтықтарды автоматты түрде тіркеп, бейнелерді сандық өңдеуге лайықтаған дүниежүзіндегі алғашқы нивелирлер. DNA – сандық нивелирлер жасап шығару көшбасшысы – Leica Geosystems фирмасының, барлық алдыңғы қатарлы идеялары пайдаланылып жасалған екінші буынды нивелирлер. Нивелирдің сырт бейнесі жаңа дизайнмен жасалғандығы, нарықтағы ең үлкен және эргономикалық сұйық кристалл дисплейлі екендігі бірден көңіл аударады. Алдыңғы қатарлы электронды технологиялар, ең күшті оптика мен дәл механикасы, 700 сериялы тахеометрлерге негізделгені – қолданушыға ыңғайлы интерфейсы, жұмысқа қолайлы және еңбек өнімділігін арттыра түседі. Бұл нивелирлердің ең басты ерекшеліктері – еңбек өнімділігін 50% арттыратындығы, өлшеу бағдарламаларының интегралданғандығы, биіктіктерді үздіксіз есептей алатындығы, ыңғайлы және эргономикалығы. Есептеу программалар пакеті, өлшеу нәтижелерін әрі қарай өңдей беруді қамтамасыз етеді. Мысалы, пикеттерден алынған нәтижелерді өңдеу, нивелирлік жүрістерді теңестіру, нивелирлік тораптарды теңестіру, профильдерді жасау және басып шығару. DNA 03 – 1 және 2 класты нивелирлеу, жарықшақтарды бақылау, өндірістік өлшеулер жүргізуге арналған жоғарғы дәлдікті нивелир (59-сурет). Нивелир тұтынушының белгіленген дәлдігіне сай, өлшеу нәтижелерін бір-бірімен салыстыру әдістемесі бойынша жұмыс істейді. Тұрақты нәтижелер – температураның әсерін ескере отырып, өлшеулерді автоматты түрде жүргізу арқылы алынады. Жан-жақты, жоғары дәлдікті, жұмыс істеуге қолайлы, әрі қарапайым аспап. DNA 10 нивелирі топографиялық, құрылыс жолдары, тоннельдер салу және тау-кен жұмыстарын, бақылау өлшеулерін, биіктік бөлу, т.б. жұмыстарды жүргізуге арналған. Аспап ішіндегі есептеу программалар тізбегі: · рейкадан санақ алу және ара қашықтықтарды анықтау; · жүріс ұзындықтарын ажырату және байланыстыру; · есептеу программалар арқылы аралық санақ алу және бөлу жұмыстарын желілік нивелирлеу; · биіктіктерді автоматты түрде есептеу; · тестеу және тексеру; · кодтау; · айырбастау (алмастыру). SPRINTER электронды нивелирі LEICA SPRINTER – құрылыс алаңының күрделі жағдайында жұмыс істеуге арналған жаңа электронды нивелир. LEICA SPRINTER – жаңа электронды нивелирін жасауда «Leica Geosystems» фирмасының 15 жыл бойы жинақтаған бай тәжірбиесі пайдаланылды. Электронды нивелир, құрылыс алаңының күрделі жағдайларында қолдануға арналып жасалған. Нивелир жарық жеткіліксіз жағдайда, тоннельдерде, ғимарат ішінде және түнде қосымша қол жарығымен жұмыс істей алады. Нивелирдегі «электрондық көз» құрылыс алаңындағы нивелирлеу кезіндегі санақ алу және жазу кезіндегі қателіктерді жойып отырады. Клавиатурасы қарапайым, әрі дисплейі үлкен. Қолдануға ыңғайлы интерфейс. Нивелирдің горизонттан өрескел ауытқуын ішінде орналасқан датчик дер кезінде ескертіп отырады. Станциясында өзара биіктіктер есептейтін, ара қашықтықтарды горизонтқа келтіретін, теңестіретін, үздіксіз өлшеу режімдері, т.б. қызметтерді атқаратын ішкі есептеу программалары бар. Бұл нивелир – геодезистің ең тиімді көмекшісі болып есептеледі. Билет№3 Лазерлі нивелирлер – лазер сәулесі арқылы горизонталь, вертикаль немесе көлбеу жазықтықтарға бағыт беру үшін қажет. Лазерлі нивелирлердің оптикалық нивелирлерге қарағандағы негізгі ерекшелігі – құрылған жұмыс жазықтығын көру мүмкіндігі. Бұл аспаптар геодезиялық құрылыс үлескілеріндегі бөлу және монтаждау жұмыстарын, әр түрлі жабдықтарды тексереді. Олардың бағыттарын белгілеуге, бағыт беруде, қабырғаларды тұрғызуда, аспалы төбелерді, едендерді тегістеуде, плиталарды салуда, ландшафтық жұмыстарды автоматтандыруда, т. б. көптеген жұмыстарда кеңінен қолданылады. Кіші-лимка – шағын лазерлі нивелир, горизонталь жазықтықтарды құру үшін қажет. Аспапты кез келген жерге немесе конструкциялардың бір элементтеріне бекітіп қойып, жұмыс істей беруге болады. Вертикаль жазықтықтарды құру үшін 90° бұратын пентапризма қолданылады. Аспап жинағына нивелир, бұратын пентапризма, АА типті 2 батарея, көздеуіш, шпилька паспорт, қапшық кіреді. Зенит лимка – вертикаль сәуле мен горизонталь жазықтықты құруға қажет қарапайым зениттік аспап. Сәулені вертикаль бағытқа келтіру үшін екі элевациялық бұрандалар және екі цилиндрлік деңгейлеуішпен жабдықталған. ол горизонталь жазықтықты құру үшін 90°-қа бұратын пентапризмасы бар. Стандартты жинаққа: аспаптың өзі, бұратын пентапризма, АА типті 2 батарейка, көздегіш, құжаты, қабы кіреді. Горизонт 1Л/К1 лимка – жазықтықты құрудың ең қарапайым конструкциялы нивелирі. Биіктіктерді жобадан жерге көшіру және ғимарат ішіндегі бөлуді жүргізу үшін горизонталь лазерлі сәуле құрады. Пентапризмалы саптаманы қолдану арқылы вертикаль жазықтықта да жұмыс істеуге болады. Аспапты жұмыс бабына келтіру, компенсатор (Горизонт-Лимка) немесе лимка-горизонт моделіне цилиндрлік деңгей арқылы жүргізіледі. Стандартты жиынтыққа: аспаптың өзі, көздегіш, АА тәрізді 2 батарейка, құжат, қапшық кіреді.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 75; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.156 (0.006 с.) |