Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Жер үсті лазерлік сканерлеу жүйелері, Scanstation жерүсті лазерлік сканері, лазерлік сканерлеу мәліметтері бойынша шешілетін тапсырмаларСодержание книги
Поиск на нашем сайте Билет№6 1.Лазерлі сканер қажетті объектілер моделінің кеңістіктегі координаталарын тез арада анықтап, түсіруге арналған. Лазерлі сканердің жұмыс істеу принципі электронды тахеометрге ұқсас және түсірілетін объектіге дейінгі аралықтарды өлшеп, нәтижесінде әрбір нүктенің координаталарын анықтауға арналған. Өлшеу жылдамдығы секундына 2000-5000 нүктеге дейін қамтиды. Негізгі принципі, сәуле таратушыдан лазер шоғыры объект беткейінен шағылып, қабылдағышқа қайта түседі. Алдын ала берілген реті бойынша призма айналып, лазер шоғырын горизонталь және вертикаль жазықтықта таратады. Лазерлік сканерді жасап шығарушы компанияларға Riegl Lazer Measurement Systems GmbH (Австрия), Cyra Technologies (США), Callidus (США), Optech (Канада), MENSI (Франция) жатқызуға болады, соңғы кездері өзінің жаңа туындысын Leica (Швейцария) ұсынды. Схема түрінде сканердің жұмыс істеу принципін бірнеше негізгі бөлімге бөлуге болады: · өлшеу тұғыры, онда сәуле таратушы лазер мен қабылдағыш орналасқан; Схема түрінде сканердің жұмыс істеу принципін бірнеше негізгі бөлімге бөлуге болады: · өлшеу тұғыры, онда сәуле таратушы лазер мен қабылдағыш орналасқан; Leica ScanStation, HDS6000, Leica ScanStation 2 сканерлері Геодезиялық аспаптар жасау нарығында «Leica Geosystems» фирмасы үш бірдей лазерлік сканерді ұсынып, геодезиялық аспаптар саласында тағы бір стандарт жасалды. Барлық үш сканер өз аттарына ие болды, олар: ScanStation, HDS6000, ScanStation 2 немесе жоғарғы деңгейлі түсіріс. Жоғарғы қабілетті түсіріс – геодезистер мен инженерлерге арналған 3D лазерлі сканирлеу тапсырмаларын шешуде пайдаланылып, кеңістіктегі деректерді өңдеуге бағытталған. Бұл үш түрлі, үш көлемді жер сканері – инженерлік ізденістерде, құрылыста, архитектурада, топотүсірістерде, картографияда және тау-кен жұмыстарында, жерге орналастыру, кадастр, т.б. салаларда түрлі тапсырмаларды шешуге арналған. Геодезиялық аспаптар жасау нарығында «Leica Geosystems» фирмасы үш бірдей лазерлік сканерді ұсынып, геодезиялық аспаптар саласында тағы бір стандарт жасалды. Барлық үш сканер өз аттарына ие болды, олар: ScanStation, HDS6000, ScanStation 2 немесе жоғарғы деңгейлі түсіріс. Жоғарғы қабілетті түсіріс – геодезистер мен инженерлерге арналған 3D лазерлі сканирлеу тапсырмаларын шешуде пайдаланылып, кеңістіктегі деректерді өңдеуге бағытталған. Бұл үш түрлі, үш көлемді жер сканері – инженерлік ізденістерде, құрылыста, архитектурада, топотүсірістерде, картографияда және тау-кен жұмыстарында, жерге орналастыру, кадастр, т.б. салаларда түрлі тапсырмаларды шешуге арналған (100-сурет). ScanStation, HDS6000, ScanStation2 сканерлері Cyclone программасымен басқарылады. Cyclone – программасы жерді лазерлік сканирлеуге және түсіріс нәтижелерін автоматты өңдеуге арналған. Leica ScanStation – геодезистер тахеометрмен жұмыс істегенде өте қажет төрт іргелі тахеометрдің ерекшеліктерін қамтиды, әдетте ол лазерлік сканерлердің жаңа түрін анықтайды. 1. Leica ScanStation бұрынғы Leica HDS3000 сканері сияқты 3600 горизонталь және 2700 вертикаль жазықтығында сканирлейді. Осындай сканирлеу арқылы ScanStation тұрған нүктесінің астыңғы жағында да түсіре алады. Техникалық сипаттамасы жағынан да, жан-жақты тахеометр сияқты барлығын қамтамасыз етеді. Мысалы төбе, көпір, жерасты өту жолдары, шатыр, фасадтар, құбырлар, бағаналар сияқты нысандардың өлшемдерін дәл анықтай алады. 2. Полигонометриялық жүріс пен кері геодезиялық қиылыстыруға арналған екі осьті компенсатор. Екі осьті компенсаторда Leica Geosystems тахеометрі мен Leica ScanStation сканері біріктірілген. Бұрынғы түсірістер мен кері қиылыстыруды жүргізгендегі далалық және офистегі жұмыстарға жұмсалатын уақыт толығымен үнемделді.
2 Геодезиялық аспаптар мен геодезиялық өлшемдер технологиясының даму преспективасыАспаптың геометриялық өлшемін (соның ішінде габарит өлшемі), қателігі 1 мм-лік бөлгіші бар сызғыш не рулеткамен анықтайды. Сызғышты өлшенетін бөлшекке қойып, тікелей өлшеу қиын жағдайда нутрометр, оптиметр, штангенциркуль немесе катетометр қолданылады. Жетекші құрылғылардың (бұранда), мысалы алидада немесе көру дүрбісінің шығынын, осы құрылғыларды орнату ауқымының шеткі нүктелеріне сәйкес, есептеу шкалалары (қондырылған немесе қосымша) көрсеткіштерінің айырмашылығы бойынша анықтайды. Аспаптың жылжымалы бөлшектерінің үйкелу күйінің мезеті мынадай формула бойынша анықталады: Мт.п=F×1, мұндағы Мт.п. — үйкелу күйінің мезеті; F — динамометрмен өлшенетін үйкелу күйінің күші; 1 – сызғышпен өлшенетін күш иіні. геодезиялық мемлекеттік тораптарды құрғанда және аймақтарды карталармен қамтамасыз еткенде; инженерлік зерттеулерде, құрылыстар салу мен пайдалануда; геологиялық жұмыстарды қамтамасыз етуде; жерге орналастыруда және орман шаруашылығында; заттық геометриялық параметрлері мен кеңістік бағыттарын тексеретін аспаптарды жасауда; ғылымның әр түрлі салаларында және мемлекетті қорғауда кеңінен қолданылады. Қазіргі заманғы геодезиялық аспаптар дәлдігі – жоғары оптикалық-механикалық және оптикалық-электрондық аспаптар болып келеді. Геодезиялық өлшеулердің дәлдігі, салыстырмалы түрде 2×10-3 -ден 1×10-6 -ге дейінгі аралықта сипатталады. Геодезиялық далалық және камералдық жұмыстарда атқаратын міндеттері мен құрамына қарай әр түрлі аспаптар қолданылады. Олардың көпшілігі өлшеу мен есептеудің күрделі процестерін автоматтандыратын есептеу механизмдері – электрондық, радио-техникалық құрылғылары бар дәл және дәлдігі жоғары оптикалық немесе оптикалық механикалық аспаптар. Сол себептен мұндай аспаптарды оқып-үйрету, игеру үшін олардың құрылымдарының теориялық және зерттеу әдістері туралы жан-жақты білім алу қажет. Қазіргі кезде геодезиялық аспаптар жасайтын зауыттар өндірісі дамыған елдерде қарқынды дамуда. Қазақстанда әзірге карта жасайтын фабрика іске қосылып, ал аспаптар даярлайтын зауыт жоспарлануда. Сол себептен, біздер шетелдің геодезиялық аспаптарын сатып алып, олардың аспап жасаудағы стандарттарын пайдалануға мәжбүрміз. Ең күшті дамыған аспап жасайтын фирмаларға – Ресейдің «Орал оптикалықмеханикалық зауыты», Германияның «Карл-Цейс Йена», «Оптон», Швейцарияның «Leica», Жапондық «Nikon», «Sokkia» «Topcon», Американдық “Trimble”, т.б. жатады. 3. Геодезиялық өлшеу деп өлшенетін шаманы бастапқы бірлік ретінде кабылданатын басқа бір шамамен салыстыру процесін айтады. Геодезиялық өлшеулерді негізінен үш түрге белуге болады: -сызықтық-жер бетіндегі нүктелердің арақашықтықтарын анықтау; -бұрыштық-горизонталь және вертикаль бұрыштардың мәндерін анықтау; -биіктік (нивелирлеу)-жекелеген нүктелер арасындағы биіктік айырымдарын аныктау. Сызықтық және биіктік өлшеулерде (арақашықтық, биіктік, биік айырым) үзындық өлшеу бірлігіне метр (м) алынады. Метрдің ұзындығына шамамен Париж арқылы өтетін меридиан ұзындығының 1:40000000 бөлігі алынған. Осының негізінде платина-иридий қорытпасынан метрдің эталоны жасалынды, ол «архив метрі» деп аталды. Кейінгі кездегі жүргізілген дәлдігі жоғары өлшеулер негізінде «архивтік метрдің» ұзындығы бастапқы анықталғаннан 0,21 мм-ге қысқа екендігі анықгалды. Сөйтіп, 1899 жылы 90% платина мен 100% иридий қорытпасынан метрдің халықаралық жаңа 31 эталоны жасалынды. Ұзындық өлшеу жұмыстары дәлдігінің артуы мен метрлік эталон жаңғыртудың қажеттігіне байланысты, метрдің жарық толқынының ұзындығына негізделген табиғи этапонына көшу мақсаты көзделді. Өлшеуіштер мен таразылар жөніндегі XI - Бас конференция 1960 метрдің халықаралык бірліктер жүйесінің негізіне «метр-криптон-86 атомының, вакуумдегі шығару ұзындығына тең ұзындық» деген жаңа анықтама қабылдады. Сөйтіп, 68 жылдың 12 қаңтарында Кеңестер үкіметінің стандарты бойынша мемлекеттік тұрақты шама жаңа метрлік эталон болып бекітілді. Геодезиялык жұмыстар далалық және өңдеу жұмыстары болып бөлінеді. Далалық жұмыстарда әр түрлі өлшеулер жүргізіледі, ал өндеу жұмыстары: есептеу мен графикалық процестерден тұрады. Далалық өлшеулерге пландар мен карталар жасауда немесе арнайы мақсаттарда барлау траншеялары мен құрылыстарын бөлу, трассалар салуда) жер бетінде жүргізілетін геодезиялық өлшеулер жатады. Өлшеулер кезінде қолданылатын аспаптарға: -арақашықтықтарды өлшеуге арналған өлшеу ленталары, сымдар, рулеткалар, оптикалық кашыктык өлшеуіштер, жарық сәулелі қашықтық өлшеуіштер, т.б; -бұрыштарды өлшеуге арналған теодолиттер, буссольдар, гониометрлер және т.б; -вертикаль биіктіктерді өлшеуге арналған нивелирлер, рейкалар, барометр-анероид, т.б. жатады.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 86; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.176 (0.007 с.) |