Тіршіліктің ұйымдасу кезеңдері. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Тіршіліктің ұйымдасу кезеңдері.

Поиск

Тіршіліктің ұйымдасу деңгейлері

Тіршіліктің мынадай құрылым деңгейлерін ажыратады: молекулалық, клеткалық, организмдік, популяциялық – түрлік, биогеоценоздық және биосфералық деңгейлер.

Молекулалық деңгей . Тіршіліктің бұл алғашқы құрылым деңгейі клеткада болатын нуклеин қышқылдары, көмірсулар, майлар және стероид молекулалармен сипатталады. Осы аталған қосылыстардың қатынасуымен клеткада аса маңызды тіршік процестері жүріп жатады. Ол процестер тұқым қуалау информациясының кодталуы мен жүзеге асырылуы, тыныс алу, зат және энергия алмасу, өзгергіштік т.б. Зат алмасудың механизмдері бұл деңгейде барлық организмдер үшін біркелкі болады. Мысалы ,нуклеин қышқылдарының , аминқышқылдарының, белоктың биосинтезі, май қышқылдарының тотығуы,гликолиз және тағы басқа да реакциялар біркелкі схема бойынша жүреді. Сонымен қатар молекулалық деңгейде күн сәулесінің энергиясы химиялық энергияға ауысып көмірсулар, майларда қорға жинақталады және осы энергияның есебінен АТФ синтезделелі.

Клеткалық деңгей. Жер бетіндегі барлық тірі организмдердің структуралық- функционалдық бірлігі және дамуының бастамасы-клетка. Бұл деңгейде клеткалардың жіктелуі, арнайы қызмет атқаруы, тұқым ұуалау информациясының ұрпақтарға берілуі, зат және энергияның алмасуы жүреді. Сондықтан клетканың биологиясын, оның сыртқы орта жағдайларымен өзара әрекеттесу заңдылықтарын зерттеп білмецйінше тіршілікті түсіну мүмкін емес.

Организмдік деңгей. Бұл деңгейдің элементарлық бірлігі жеке особь. Мұнда особьтың зиготалық кезеңінен бастап тіршілігін жоюына дейінгі аралықта өтетін даму заңдылықтары қарастырылады. Даму барысында тұқым қуалау информациясының жүзеге асырылуы нәтижесінде оның тіршілігін қамтамасыз ететін түрліше қызмет атқаруға бағытталған ұлпалар мен мүшелер қалыптасады.

Популяциялық – түрлік деңгей. Бір түрге жататын особьтар жалпы бір аумақтың жеке учаскелерін ұзақ уақыт оқшаулана мекен етіп көптеген популяциялар құрайды. Бұл деңгейде популяция особьтары элементарлыұ эволюциялық факторлардың әрекетіне байланысты өзгеріске ұшырап, адаптивтік жаңа формалар қалыптасады. Қазіргі кезде жер бетін мекендейтін 500 мыңға жуық өсімдік түрлері белгілі. Түр – тірі организмдерді классификациялаудың біріліг.

Биогеоценоздық деңгей. Тіршілік ету жағдайлары біршама ұқсас болып келетін белгілі бір аумақты мекендейтін әр түрдің популяциялары қлі табиғат факторларымен тығыз байланыса отырып биогеоценозды немесе экосистеманы құрайды. Экосистемадағы әр түрлі жүйелік топтарға жататын организмдер бірлесіп тарихи дамуы барысында өзін-өзі реттей алатын салыстырмалы тұрақты бірлестіктерді қалыптастырады.

Кез келген экосистема мынадай негізгі компоненттерден тұрады: органикалық зат түзушілер(жасыл өсімдіктер); даяр органикалық заттармен қоректенушілер-консументтер(жануарлар, басқа да гетеротрофтар, адам); қсімдіктер мен жануарлар өлексчелерін ыдыратушылар-редуценттер(микроорганизмдер). Осы аталған продуценттер, консументтер, мен редуценттердің өзара әрекеттесуіне сай экосистеманың негізгі қасиеті оның өздігінен реттеліп, тұрақтануы қамтамасыз етіледі.

Биосфералық деңгей. Барлық биогеоценоздар жиынтығы, былайша айтқанда, жер бетіндегі ең жоғарғы жүйе биосфера болып табылады. Бұл деңгейде барлық тірі организмдердің тіршілік әрекеттерімен байланысты биосфералық зат және энергия айналымы жүреді.

Тіршіліктің осы аталған құрылым деңгейлерінің өзіндік ерекшелігі, заңдылықтары зерттеу әдістері бар. Осыған байланысты тіршіліктің әр құрылым деңгейінде зерттеу жұмыстарын жүргізуге бағытталған арнайы ғылым салалары қалыптасқан. Тіршілік осы аталған бірнеше құрылым деңгейлерге бөлінгенімен олар өзара байланысты және бірінен бірі туындайды, ал мұның өзі тірі табиғаттың бір тұтастығын көрсетеді.    



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 74; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.156 (0.006 с.)