Репликация кезеңдері. Инициация 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Репликация кезеңдері. Инициация

Поиск

13.Репликация кезеңдері. Инициация

ДНҚ репликациясының инициация кезеңінде мына төмендегіндей процестер журеді:

Ферменттер жиынтығы репликация басталатын нүктені таниды.

-ДНҚ ның қосарланған тізбектері тарқатылып бір тізбектік ДНҚ лар түзіеді де репликацияларға жол ашылады.

ДНҚ ға арнайы В белок жалғанады. Бұл белок праймазаның белсенділігін арттырушы ретінде әрекет жасайды.

14-15 ДНҚ репликациясы. Элонгация. Терминация

Элонгация кезеңі немесе ДНҚ тізбектерінің репликациясы жүретін кезең мына төмендегілердің қатынасуымен жүреді:

- ДН) В немесе геликазалар ( лабильдік промотр)

- Праймазалар ( ДНҚG)

-SSB белоктар

- Холофермент ДНҚ полимеразалар( ДНҚ pol 3 НЕ)

- РНҚ азалар Н ( РНҚ праймерлерді шығарып тастайтын)

- ДПҚ полимераза1, ДНҚ молекуласында алып тасталған РНҚ праймерлердің бос орындарын толтыру үшін қолданылады.

Инициация кезеңінен элонгацияға өтер кезде геликаза ферментінің әсерінен 3!-5! Бағытында тарқатылып ДНҚ учакесінде репликативтік айырдың түзілуі жүреді.

ДНҚ ныі геликаза жалңанған тізбегі артта қалған тізбек болып шығады. ДНҚ прймаза геликазамен байланысып праймосоманы қалыптастырады. Праймосома артта қалған тізбекте көптеген РНҚ праймерлерді синтездейді.

Артта қалған тізбектің репликациясы ДНҚ В геликазалар мен ДНҚG праймазлардың және ДНҚ pol 3 НЕ ферментінің бірігіп әсер етуі нәтижесінде іске асырылады. Репликация бастапқы тізбекке қарама қарсы бағытта жүреді. Геликаза және ДНҚ праймаза бүкіл репликациялық айырмен байланысқан күйде болып репликацияның өнімділігін қамтамасыз етеді.

Репликация геннің терминациялық сайттар (ter-sites) деп аталатын бірнеше арнайы нуклеотидтер жүйесінен тұратын учаскесінде. Бұл сайттар қысқа, шамамен 23 жұп нуклеотидтен құралған жүйелер. Репликация терминациясы tus генімен бақыланады. Осы ген анықтайтын tus белогы терминациялық сайтты танып, оынмен байланысып, репликациялық айырдың ары қарай жылжуына кедергі жасайды.Репликацияның өте дәлдікпен жүруі ДНҚ полимеразаның қосымша қызметіне байланысты. Бұл қызметі жөндеу және түзету . Көптеген ДНҚ полимеразалар 5-3бағытында синтездік қызмет атқарумен қатар 3 гидролиздеуші активтілік қатарды көрсетеді. ДНҚ полимераза репликация кезінде матрицалық тізбекке қате жалғанған нуклеотидтерді алып тастауға және дұрыс нуклеотид тауып орналастырууға қабілетті.Тексеру бірінші рет, нуклеотид синтезделіп жатқан тізбекке қосылуы алдында жүрсе,екінші рет осы жаңа тізбекке келесі нуклеотидтің қосылуы алдында жүреді.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 63; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.146 (0.008 с.)