Нәруыздардың қызметтері мен қасиеттері 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Нәруыздардың қызметтері мен қасиеттері

Поиск

Ақуыздар жасушада маңызды қызметтер атқарады:

- Құрылымдық – биомембраналар құрамына кіреді;

- Энергетикалық – қуат көзі болып табылады;

- Катализдеуші – жасушаның барлық биохимиялық реакцияларын реттейтін ферменттер болып табылады;

- Сигналдық – жасушаішілік және жасушааралық сигналдарды қабылдауға және өткізуге қатысады;

- Қозғаушы – бұлшықеттердің жиырылуын қамтамасыз етеді;

- Өткізгіштік – арналар мен сорғыштарды қалыптастырып, мембрана арқылы заттардың өткізілуін қамтамасыз етеді:

- Реттеуші – репликация, транскрипция, трансляция факторлары ретінде ДНҚ учаскелерімен байланысып, гендердің экспрессиялануын реттейді;

Ақуыздардың аминқышқылдық құрылымы:

Ақуыз молекуласы полимер, оның мономері болып аминқышқылдары саналады. Қазіргі кезде табиғатта анықталған аминқышқылдардың жалпы саны 300-дей, бірақ ақуыз молекулаларында олардың тек 20-ᾀ-аминқышқылдары ғана кездеседі. Бұл аминқышқылдарды ақуыздық, протеиндік деп атайды. ᾀ-Аминқышқылдарының барлығының құрылысы жалпы алғанда бір-біріне ұқсас, яғни олар амин тобынан(NH2), көмірсутектен(CH), карбоксил топтарынан (COOH) құрылған қанқадан және ортанғы көміртек атомымен(C ) альфа орны бойынша байланысқан радикалдан тұрады.

RNH2-C -COOH

Ақуыз молекуласында аминқышқылдар бір-бірімен пептидтік байланыс арқылы байланысып үлкенді кішілі полипептид тізбегін пайда етеді. Бұл бірінші реттік құрылым деп атайды.Пептидтік тізбектің көптеген ферменттері алғаш -ширатпа не ß-құрылым күйінде болады. Ақуыздың кеңістікте мұндай қарапайым жинақталуын екінші реттік құрылым деп атайды.Полипептид тізбегінің -ширатпасының, ß-құрылымыныңжәне құрылымсыз учаскелерінің кеңістікте глобула конформациясына жинақталып, табиғи құрылымының түзілуі. Бұл үшінші реттік құрылым. Бұны фолдинг деп те атайды.Кейбір ақуыздардың төртінші реттік құрылымы да белгілі, мысалы гемоглобин. Оның молекуласы төрт субединицадан тұрады

Ақуыздар – жасушаның ең маңызды макромолекуларының бірі болып табылады. Оның элеметтік құрамын, құрылысының теориясын алғашқылардың бірі болып зерттеген және протеин (protein-бірінші) деп атауды ұсынған Голландия химигі және дәрігері Г.Я. Мульдерболатын. Ақуыз организмдер тіршілігінде олардың құрылысы дамуы мен зат алмасуына қатысуы арқылы әртүрлі және өте маңызды қызмет атқарады.Ақуыздар органикалық заттар дамуының ең жоғарғы сатысы және жер бетіндегі тіршіліктің негізі. Организмнің тірек, бұлшық ет, жамылғы тканьдері ақуыздардан құралған. Олар организмде әртүрлі қызмет атқарады, химиялық реакцияларды жүргізеді, дене мүшелерінің қызметтерін өзара үйлестіреді, аурулармен күреседі, т.б. Ақуыздар азықтың құрамына кіреді. Адам тәулігіне, шамамен, — 100 г ақуыз қабылдауы керек. Азықпен түскен ақуыз әуелі асқазанда, сосын ішектегі ферменттердің әсерінен гидролизденіп, аминқышқылдарына дейін ыдырайды.

Құрамы мен құрылысы күрделі болғандықтан, ақуыздардың қасиеттері де алуан түрлі. Олардың құрамында әртүрлі химиялық реакцияларға түсетін функционалдық топтары бар.

Белок мөлшері аминқышқылдарының санына қарай және молекулалық массасына қарай дальтон бірлігі негізінде өлшенеді. Орташа шамамен ашытқы саңырауқұлақтарының құрамы - 466 аминқышқылынан тұрса, массасы -53кДа, ең үлкен белок – титин. Ол бұлшық ет сарокмерлерінде кездесетін белок. Молекулалық массасы -3000-3700 кДа өзгеріп отырады, ұзындығы 38 138 амин қышқылдарынан тұрады.

Белоктар амфотерлік қасиетке ие, яғни олар амин қышқылының радикалдары бойынша анықталатын негіздік те қышқлыдық та қасиетке ие.

Сонымен бірге ерігіш және ерімейтін белоктар болады, олар механикалық қызмет атқарады (фиброин, кератин, коллаген).

Ерекше химиялық активті (ферменттер) және активті емес белоктар болады.

Қоршаған ортаның әртүрлі факторларына төзімді және төзімсіз белоктар болады (температураның өзгеруі, ортаның тқздық құрамы, рН, радиация). Аталған факторлар белок молекуласының структуралық құрылымын бұзады. Денатурация.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 72; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.008 с.)