Мы поможем в написании ваших работ!
ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
|
Нуклеин қышқылдары. Митохондриялық ДНҚ-ның құрылыс ерекшеліктері.
Нуклеин қышқылдары құрамында фосфоры бар биополемерлер.Нуклеин қышқылдары жоғарғы полимерлі тізбектері ондаған немесе жүздеген нуклеотидтің қалдықтарынан тұрады.Нуклеин қышқылдары құрамына кіретін мономерлерінің түріне қарай ДНҚ жәңе РНҚ деп бөлінеді.Нуклеин қышқылдары тірі жасуша ядросының маңызды құрам бөлігі. Тірі организмнің құрамына нуклеин қышқылдарының екі түрі де кіреді. Нуклеин қышқылдары жоғары молекулалы гетерополимерлі қосылыстар. Нуклеин қышқылдарының толық емес гидролизі нәтижесінде нуклеотидтер түзіледі . Олар нуклеин қышқылдары полимер тізбегінде қайталанып отыратын күрделі құрылым буындары (монометрлері). Ал нуклеотидтерді одан әрі гидролиздесе, ортофосфор қышқылын және пентоза мен азотты негізге айырылатын нуклеозидтерді түзеді. Яғни, нуклеин қышқылдарының құрамына азотты негіздер (пиримидинді, пуринді), фосфор қышқылы және моносахаридтер (рибоза мен дезоксирибоза) кіреді.ДНҚ молекулалық массалары бірнеше мыңнан ондаған миллионға жетеді. Олар тірі организмдердегі генетикалық ақпаратты сақтайтын және тасымалдайтын жасушаның (жасушаның) маңызды кұрам бөліктері болып табылады. Нуклеин қышқылдары ақуыз биосинтезіне қатысады және тірі организмдерде тұқым қуалаушылықты сақтап, оның бір ұрпақтан екінші ұрпаққа берілуін қамтамасыз етеді ДНҚ организмдегі тұқым қуалаушылық ақпаратты сақтайтын гендердің құрылыс материалы болып табылады Митохондриялық ДНҚ- митохондриядағы эукариоттық жасушалардың органоидтарында орналасқан..Митохондриялық ДНҚ-да кодталған гендер ядроның сыртында орналасқан (пластилиндер) хромосомадан тысқары топқа жатады.Мит.ДНҚ рибосомалары бакктериялардікіне ұқсас. Осыған орай, митохондрияны жартылай автономиялы органелла деп есептеуге болады. Әрбір жеке митохондрияда үлкендігіне байланысты, ДНК-ның бір немесе бірнеше молекуласы болады, яғни митохондрия неғұрлым үлкен болас, соғұрлым онда ДНК молекуласы да көп болады.ДНҚ нуклеотидті жүйелілігіндегі ұқсастық негізінде тірі прокариоттардың митохондрияларының проксимальді туыстары альфа протеобактерияларын (атап айтқанда, риккетсияның митохондрияға жақын екенін болжайды) қарастырады. Митохондрияның геномының шектеулі мөлшеріне байланысты митохондриялық ақуыздардың көбісі ядрода кодталады.Митохондриялық ДНК негіздері құрамы және басқа физико-химиялық қасиеттері жағынан ядролық ДНК-дан өзгеше болады. Митохондриялардың ДНК-сына барлық гендік қызметтер тән, мутация, рекомбинация, репарация, трансмиссия, т.б. Митохондриялық ДНК-ның молекласындағы гендік информацияның мөлшері осы органоидта бол митохондрияатын барлық ферменттер мен белоктардың синтезін қамтамасыз етуге жеткіліксіз. Жеке бөлігінен алынған митохондрия амин қышқылдарынан белокты синтездей алады. Митохондриялық ДНК өзіне меншікті РНК-ның үш түрін де кодтайды: информитохондрия мациялық, тасымалдаушы, рибосом митохондрияалық. Ішкі мембрананың кейбір ферменттері синтезіне қажет информацияны митохондриялық ДНК-дан көшіреді, цитохромоксидаза, (в-с цитохромдардың комплексі мен АТФ синтазазалық комплекс).мДНҚ геномы:қостізбекті сақиналы молекула ұз.5мкм шамасында.әр митохондрияда он шақты ДНҚмолекуласы кездеседі.мДНҚда интрондар болмайды,оның құрамына 2рРНҚ, 22тРНҚ, 13фосфорлау полипептидтерінің гендері кездеседі.Митохондрия геномын 1981ж толық анықталды.
|