ядро, цитоплазма, жасуша қабығы. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

ядро, цитоплазма, жасуша қабығы.

Поиск

Эукариоттар (грек. еu – жақсы, толығымен және karyon – ядро) – құрамында ядросы бар организмдер.Эукариоттарға барлық жоғары сатыдағы жануарлар мен өсімдіктер, сондай-ақ бір немесе көп жасушалы балдырлар, саңырауқұлақтар және қарапайымдар жатады. Эукариоттар жасушалары прокариоттармен салыстырғанда күрделі келеді. Эукариоттар жасушалары көптеген ішкі мембраналармен жеке бөліктерге (компартементтерге) бөлінеді. Бұл бөліктерде бір мезгілде бір-біріне тәуелсіз әр түрлі хим. реакциялар жүреді. Бұл жасушаларда ядро мен түрлі органеллалар (митохондрия, рибосома, Гольджи кешені) қызметтері жақсы жіктеледі. Клетка ядросы, митохондриялар, пластидтер цитоплазмадан екі қабат мембрана арқылы шектеледі. Ядрода жасушаның генетик. материалдары (ДНҚ, онымен байланысқан заттар) шоғырланады. Өсімдік жасушаларының хлоропластары негізінен Күн сәулесін сіңіріп, оны фотосинтез нәтижесінде органик. заттардың хим. энергиясына айналдырса, митохондриялар көмірсулар, майлар, белоктар, т.б. органик. қосылыстарды ыдыратып энергия түзеді. Эукариоттар жасушалары цитоплазмасының мембраналық жүйесі (эндоплазмалық тор, Гольджи кешені) – жасуша әрекетін қамтамасыз ететін макромолекулаларды түзіп, жинақтайды. Эукариоттардың жасушалары митоздық жолмен бөлінеді.Ядро-жасушаның ең үлкен органелласы. Оны 1931 жылы ағылшын оқымыстысы Р.Броун ашқан. Ядро пішіні домалақ, кейде сопақша тәрізді болып келеді. Ол жасушаның ортасына жақын орналасқан, өлшемі 10-25 мкм шамасында.Ядро-ядро матриксінен, ядро қабықшасынан, хроматиннен, ядро шырынынан(кариоплазма) және бір немесе бірнеше ядрошықтардан тұрады.Ядро қабықшасы-қос қабат мембранадан (сыртқы және ішкі) құрылған, ол хроматинді қоршап тұрады. Екі мембрана арасында қалыңдығы 25-50 нм перинуклеарлық кеңістік болады.Сыртқы мембрананың цитоплазмалық бетінде рибосомалар болуы мүмкін. Ядроның сыртқы мембранасы біртіндеп эндоплазмалық тор мембранасына ұласады.Ядро қабықшасының ішкі мембранасының ішкі бетімен ламина деп аталатын жұқа ақуыздық тақта байланысқан. Бұл диаметрі 10 нм-дей аралық филаменттерден құрылған және торланып орналасқан тақта. Ядро ламинасы ядро матриксінің негізгі компоненті болып саналады және оның құрылымдық біртұтастығын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.Ядро қабықшасында ядро поралары болады. Олар алып макромолекулалық кешен болып табылады және ядро мен цитоплазма арасында ақуыз бен нуклеопротеиндердің белсенді алмасуын қамтамасыз етеді.Ядролық поралық кешен(ЯПК)-диаметрі 1200 нм, қалыңдығы 50 нм тең сегіз бұрышты цилиндр болып табылады. ЯПК 100-200 ақуыздардан құралған, оның массасы 124*10^6 Да тең. Бұл рибосома массасынан 30 есе үлен.ЯПК-ядро ішіне және ядро сыртына заттардың үнемі өткізілуін қамтамасыз ететін негізгі қақпа болып табылады. Мысалы:а-РНҚ, рибосома бөлшектері, рибосома ақуыздары, транскрипция факторлары, иондар және жеңіл молекулалар ядромен ЭПТ арасында жеп-жеңіл алмасып отырады.Молекулалардың ядроға және ядродан сыртқа (ЭПТ не гиалоплазмаға) өткізілуі-белсенді тасымалдану, диффузия немесе ядрода орналасқан арнайы сигналдар арқылы жүзеге асады.Жай диффузия және белсенді тасымалдану ядролық поралық кешен(ЯПК) арқылы жүзеге асады. Ұсақ молекулалар,иондар диаметрі 10 нм тең ядролық поралық кешеннің су арналары арқылы тасымалданады. Ірі молекулалар ядро сигналдарын пайдаланып, белсенді тасымалдану жолымен өткізіледі.Хроматин-жасуша ядросының негізгі компоненті. Хроматиннің негізгі компоненттері ДНҚ және нәруыз, нәруыздардың ішінде негізгісі гистон және гистондық емес нәруыздар. Құрамына олардан басқа, РНҚ, көмірсулар,липидтер,гликопротеидтер сияқты мембраналы компоненттер де кіреді.Кариоплазма-жасуша ядросы құрылымдарының аралықтарындағы біріңғай келген ядроның қоймалжың сұйық бөлігі.Цитоплазма (гр. kytos — жасуша және гр. плазма — қалыптасқан) — жасуша жарғақшасы мен ядро арасын толтырып тұратын қоймалжың сұйықтық. Клетка Цитоплазмасының сырты плазмолеммаменқапталған. Плазмолемма — Цитоплазманың ақуызды-билипидті қабықшасы, оның орт. қалыңд. 6 — 10 нм, құрамында ферменттер болады. Ол жасуша мен оны қоршаған орта арасындағы зат алмасу процесін қамтамасыз етеді. Цитоплазманың негізгі құрамы гиалоплазмадан, органеллалардан және қосындылардан тұрады.Гиалоплазма — Цитоплазманың нағыз ішкі ортасын түзетін, оның негізгі плазмасы. Онда ақуыз молекулалары кешендерінің түзілуі мен ыдырау процестері үздіксіз жүріп жатады.Гиалоплазма (гр. hyalinos — мөлдір, шыны тәрізді; гр. plasmos — плазма) — жануарлар және өсімдік жасушалары цитоплазмасының органеллалар (тұрақты кездесетін құрылымдар - жасушаның тым ұсақ мүшелері) мен қосындылар (тұрақсыз құрылымдар) орналасатын біркелкі қоймалжың заты, жасуша цитоплазмасының негізгі заты.Гиалоплазма жасушаның ішкі ортасын құрайды. Гиалоплазманың құрамына негізінен глобулалы протеиндер кіреді. Олар жалпы жасуша протеиндерінің 20-25% құрайды. Гиалоплазмада қант, азоттық негіздер, амин қышқылдары, липидтер т.б. қосылыстар метаболизмінің ферменттері болады. Гиалоплазмадағы бос рибосомалар мен полисомаларда жасушаның өз керегіне пайдаланылатын протеиндер түзіледі.Органеллалар (organellae, гр. organon — құрал, мүше, ағза; гр. еllа — майда, кішірейту) — жасуша тіршілігі үшін әртүрлі қызмет атқаратын жасуша цитоплазмасындағы тұрақты құрылымдар. Адам мен жануарлар жасушаларында органеллалардың екі түрі болады. Олар: жалпы органеллалар және арнайы органеллалар. Жалпы органеллалар ағза жасушаларының барлығына түгелдей ортақ, яғни барлық жасушаларда кездеседі. Өз кезеңінде жалпы органеллалар: жарғақты (мембраналы) және жарғақсыз органеллалар болып екі топқа бөлінді. Органеллалар жалпы және арнайы болып бөлінеді. Жалпы органеллалар — жануарлар мен өсімдіктер жасушаларында болатын және тұрақты қызметтер атқаратын құрылымдар. Арнайы органеллалар — тек кейбір маманданған жасушаларға тән (биожіпше, тоножіпше, нейрожіпше, кірпікшелер, микробүрлер). Бұлардың әрқайсысының атқаратын қызметтері бар. Органелла жасушасының қаңқасын түзетін және оның митоздық бөлінуін қамтамасыз ететін органелла — центросоманы құрайды. Жоғары сатыдағы өсімдік жасушалары Гиалоплазмасында центросома центриольдері болмайды, оларда арнайы органоидтар — пластидтер (лейкопластар, хлоропластар, хромопластар) болады, ал Гольджи кешені Органеллада шашырап жатқан диктиосоматүрінде берілген. Қосындылар — Органелланың тұрақсыз құрылымдары. Бұған: трофик. (ақуыздар, майлар, көмірсулар), секреторлық (биол. белсенді заттар), пигменттік (каротин, гемоглобин, билирубин, меланин, т.б.) заттар жатады. Өсімдік жасушасының Органелласында өсімдік шырынына толған, арнайы жарғақпен (тонопластпен) қапталған қосынды — вакуольдер болады; Жасушалар қабығы.Қабық ұлпаларға механикалық қуаттылық береді. Сондай-ақ протоплазматикалық гидростикалық қысымынан сақталады. Жас жасушаларда қабық өсу қабілетіне ие болып,заттардың жұтылуын да қатнасады. Ол протопласт компоненттерінен пайда болады. Аналық жасуша бөлінгенде 2 жас жасуша аралығында перде пайда болып олар алғашқы қатты қабатпен оралған болады. Жасуша қабығының 100мкм2 бетті көлемінде 10-30 плозмодесма кездеседі. Жасуша қабығы құрамында,целлюлоза,гемоцеллюлоза және пектинді заттар(30%; 40% ; 25%) қатынаста болады.Микроскопиялық анализдер жасуша қабығының 3 қабатты екенін көрсетті орта және ішкі қабат, сыртқы қабаты 3-ші қабат деп жүргізіледі (схемалы көрініс көнекті материя). Жасуша қабығында энзиматикалық процестер болады. Жасша қабықшасында инвертаза, фофотаза, аскорбатоксидаза ферменттері болады. Жасуша қабығы су және суда еритін заттарды жақсы өткізеді. Бірақ оның ағашқа айналуы (қатаюы) өткізгіштікті кемейтеді. Ол пробкалануы (тығындануы) жасушаның өлуіне алып келеді.Жасуша қабығы-екiншi жасушаны, жасуша аралық заттекті танып, оларға (талшық, негiздiк жарғақша) жапсырыла алады; заттарды, бөлшектерiн цитоплазмаға және одан тасымалдайды; сыртында арнайы сезiмтал жүйке ұштары орналасатындықтан гормондар, медиаторлар, цитокиндер, басқада хабаршы молекулалармен өзара iс-қимыл жасайды.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 68; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.011 с.)