Нуклеин қышқылдары. ДНҚ-ның кеңістікте ұйымдасу ерекшеліктері. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Нуклеин қышқылдары. ДНҚ-ның кеңістікте ұйымдасу ерекшеліктері.

Поиск

Нуклеин қышқылдары (лат. nucleus — ядро) — құрамында фосфоры бар биополемерлер.Н.Қ.молекуласын Ф.Мишер ашқан. Табиғатта өте көп тараған. Нуклеин қышқылдары жоғарғы полимерлі тізбектері ондаған немесе жүздеген нуклеотидтің қалдықтарынан тұрады.Нуклеин қышқылдары құрамына кіретін мономерлерінің (дезокси- немесе рибонуклеотидтер) түріне қарай ДНҚ жәңе РНҚ деп бөлінеді.Нуклеин қышқылдары тірі жасуша ядросының маңызды құрам бөлігі.НҚ рибонуклеин қышқылы (РНҚ) және дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) болып екі үлкен түрге бөлінеді. Тірі организмнің құрамына нуклеин қышқылдарының екі түрі де кіреді. Нуклеин қышқылдары жоғары молекулалы гетерополимерлі қосылыстар.Нуклеин қышқылдарының толық емес гидролизі нәтижесінде нуклеотидтер түзіледі . Олар нуклеин қышқылдары полимер тізбегінде қайталанып отыратын күрделі құрылым буындары (монометрлері). Ал нуклеотидтерді одан әрі гидролиздесе, ортофосфор қышқылын және пентоза мен азотты негізге айырылатын нуклеозидтерді түзеді. Яғни, нуклеин қышқылдарының құрамына азотты негіздер (пиримидинді, пуринді), фосфор қышқылы және моносахаридтер (рибоза мен дезоксирибоза) кіреді. Нуклеин қышқылдары құрамындағы моносахаридтердің қалдығына байланысты рибонуклеин қышқылы және дезоксирибонуклеин қышқылы болып екіге бөлінеді. ДНҚ молекулалық массалары бірнеше мыңнан ондаған миллионға жетеді. Нуклеин қышқылдары жасушаның ең маңызды макромолекулаларының бірі. нуклеин қышқылының молекуласын 19ғ аяғында 1868ж Мишер ашқан. 20ғ 20ж Морган өзінің тәжірибесінде тұқым қуалаушылықтың материалдық негізі хромосомалар екені белгілі болды. сонымен бірге хромосомалар ақуыз және нуклеин қышқылынан тұратындығы да анықталды. ал осы екі макромолекулалардың қайсысы тұқым қуалаушылыққа жауапты деген мәселе туды. Кольцов ген қызметін ақуыз молекуласы атқаруы мүмкін деді. Нуклеин қышқылдары - полимерлер, олардың мономерлері нуклеотидтер. нуклеотидтер 3 бөліктен тұрады: азоттық негіз, қант, фосфор қалдығы. нуклеотидтер млдекуласында азоттық негіздің пуриндік А/Г, пириминдік Ц/Т/У деген түрлер, қант ретінде - дезоксирибоза не ребоза, 1 фосфор қшқылының қалдығы кездеседі. Уотсон мен Крик теориясы бойынша екi полинуклеотид тiзбегiнен құралған ДНҚ-ның молекуласы кеңiстiкте оң қос қабат спираль болып табылады. ДНҚ-ның жасушадағы басты қызметі - ұзақ мерзімге РНҚ мен ақуызға қажетті ақпаратты сақтау. ДНҚ-ның ерекшелiгi. Бiр организмнiң барлық жасушарындағы ДНҚ молекуласының құрамы, құрылымы бiрдей болады да, жасына, ортадағы жағдайына тәуелдi емес. Нуклеин қышқылдары тірі клетка ядросының маңызды құрам бөлігі.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 71; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.007 с.)