Мембрана арықылы заттардың активті тасымалдануы
Мембрана арықылы заттардың активті тасымалдануы
Белсенді тасымалдау — мембрана арқылы заттардың өткізілуі транслоказалар көмегімен өткізілуі. Бірақ бұл кезде заттар концентрация градиентіне қарама-қарсы бағытта, яғни концентрациясы аз
ортадан концентрациясы аз ортадан концентрациясы жоғары ортаға өткізіледі.
Заттардың бұлайша өткізілуі белгілі бір мөлшерде энергия жұмсауды
қажет етеді. Ал энергия көзі болып АТФ гидролизі (Nа+, К+ сорғышы, Са2+
сорғышы), не тотығу-тотықсыздану үдерісі (митохондриялардағы Н+ ионы сорғышы саналады.
Белсенді тасымалдауды энергиямен қамтамасыз етудің тағы бір тетігі-
концентрация градиенті бағытында өткізілетін бір заттың-У концентрация градиентіне қарама-қарсы бағытта өткізілетін екінші бір затпен-Х, қабаттасып өткізілуі. Бұл жағдайда, У өткізілуінде бөлінетін энергиямөлшері Х-өткізуге жұмсалатын энергиядан артық болуы қажет.
Бұл құбылыстың 2 нұсқасы белгілі; симпорт және антипорт.
Симпорт кезінде транслоказа екі затты (У,Х) бір бағытта өткізеді, оның
біреуі (У) концентрация градиенті бағытында диффузияланып, екінші затты (Х) өзімен бірге ілестіріп өткізеді. Мысалы, бүйрек арнашықтарынан глюкозаның реабсорбциялануы (кері сорылуы) осындай тетік (механизм) арқылы Nа+ ионымен бірге симпортталынады. Егер симпортқа қатынасатын заттардың екеуі де иондар болатын болса, олар түрліше зарядталған болуы қажет.
Антипорт – заттардың (У,Х) транслоказа арқылы қарама-қарсы бағыттарға өткізілуі, яғни У молекуласы Х-молекуласымен алмастырылады.
Эукариоттарда антипорт өте сирек кездеседі.
Заттардың өткізілуінің кейбір жүйелері (сорғыштар жоне арналар).
1) Na+, К+-сорғышы немесе Na+, К+-тәуелді АТФаза-2α -ширатпадан, 2β-
құрылымнан тұратын интегралдық ақуыз. Ол АТФ энергиясын пайдаланып Na+ және К+ иондарын олардың концентрация градиентіне қарама-қарсы бағытқа өткізеді, яғни Na+ ионын-жасушадан сыртына, ал К+ ионын-жасуша ішіне.
Осы сорғыш қызметінің арқасында Na+ ионының концентрациясы жасуша сыртында, ал К+ ионының концентрациясы жасуша ішінде айтарлықтай жоғары болады, яғни иондардың жасушаішілік және жасушааралық ассиметриялық үлестірілуі орын алады.
Na+, К+-сорғышы (насос) қызметінің ерекшелігі - АТФ бір молекуласының ыдырауы нәтижесінде 3 Na+ ионы жасушадан шығарылып, 2 К+ ионы жаcушаға ендіреді.
Nа+, К+ сорғышының қызметінің тетіктері (механизмі) төмендегідей болуы мүмкін:
Сорғыштың белгілі бір қуысы (арнасы) болады.
|