Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Эукариот гендерінің құрылымдық ұйымдасуы.Содержание книги
Поиск на нашем сайте 42. Эукариот гендерінің құрылымдық ұйымдасуы. Эукариоттарда оперон жоқ және әрбір ген тәуелді емес транскрипциялық бірлік – транскриптоннан тұрады.Транскриптон ақпараттандырылған аймақтан және ақпараттандырылмаған аймақтан тұрады.Ақпараттандырылмаған аймақта :промотор, инициатор , ген оператордан, ал ақпараттандырылған аймақта құрылымдық ген болады. Құрылымдық ген интрон (ДНҚ-ның ақапараттандырылмаған бөлігінен ) мен экзоннан (ақпараты бар бөлігінен) тұрады. Транскриптон терминатор бөлігінен аяқталады. Эукариоттарда реттегіш элементтер ЭНХАНСЕР және САЙЛЕНСЕР бар.Энхансер – ДНҚ бөлігі, геннің белсенділігін басқарады.Сайленсер – нақты нуклеотидті ДНҚ тізбегі, ген транскрипциясын бақылап отырады және арнайы әсер ететін факторларды күшейтіп сонымен бірге тежеп отыратын ген бөлігіЭукариоттық клеткада, керісінше, хромосомалар мембраналық құрылым – ядрода болады. Эукариоттардағы гендер экспрессиясын реттелуі – эукариоттар организмде гендердің реттелу механизмі прокариоттармен салыстырғанда күрделі процесс. Өйткені, эукариоттарда ядро қабығының болуы хромосома санының көп болуы, гендердің өзара әрекеттесуі, оператор гені санының артуы, сондай-ақ құрылымдық гендердің транскрипциясында индуктор ретінде гормондардың және жүйке жүйесінің қатысуы геннің жұмысының реттелуін күрделендіреді. 43. Ген туралы түсінік. Гендердің жіктелуі. Кластерлік гендер. Ген дегеніміз – бір полипептидтік тізбектің синтезіне жауапты генетикалық ақпараттын бірлігі болып табылатын ДНҚ молекуласының кесіндісі деп аталады. Генде жасушаның құрылымы мен қызметін анықтайтын генетикалық ақпарат болады. Бір организмнің Гендер жиынтығы оның генотипін құрайды.Ген терминін алғаш рет 1909 жылы Дания ғалымы В.Йогансен енгізді. Барлық гендер ДНҚ-дан тұрады және әрбір жеке жасушадағы мыңдаған осындай гендер жеке ДНҚ молекуларының үзіндісі түрінде емес, хромосома деп аталатын, ірі құрылымдық бірлік құрамында болады. Жасушаның бөлінуі кезінде бұл хромосомалар екі еселенеді және жаңа түзілген жас жасушаалар осындай ата-аналық гендер жиынтығының көшірмесін алады. Соның нәтижесінде жасушааның барлық белгілері (қасиеттері) ұрпақтан ұрпаққа беріледі, яғни тұқым қуалайды. Әртүрлі органимздердегі Геннің орташа ұзындығы 1000 нуклеотид негіздерінің жұбынан құралады деп есептеуге болады. Мыс., жануарларда кездесетін SV-40 вирусындағы ДНҚ-ның ұзындығы 5000 нуклеотид, яғни ол 5 геннен; Т4 бактериофагы — 200, ішек бактериясы — 4600, ал адамның гаплоидты жасушасы 100000 — 500000 гендерден тұрады. 1865 жылы чех ғалымы Г. Мендел организм белгілерінің жеке тұқым қуалайтынын және шағылысу (будандастыру) кезінде ұрпақтарында жоғалмай сақталатынын анықтады. Гендер 2 топқа жіктеледі: құрылымдық, қызметтік Құрылымдық-нәруыз ферменттер, гистондар, РНҚ дағы нуклеотидтердің тізбектелуі. Қызметтік ген модулятор және ген регулятор болып екіге бөлінеді. Ген модулятор- ингибитор, интенсификатор, интегратор, мадификатор. Ген регулятор – құрылымдық геннің жұмысын реттеуші. Әдетте, бір ген- бір ақуыз деген ұғымға сәйкес әрбір ген өз алдына жеке транскрипцияланады деп ойлаймыз . Ал шын мәнінде, бір белгіні дамытуға қажет ақуыздарды анықтайтын бірнеше гендер ДНҚ бойына қатар орналасып, бірге транскрипцияланады. Мұндай гендерді кластерлі гендер деп атайды. Кластерлі гендердің бәрі бірдей транскрипцияланып ортақ полицистронда аРНҚ түзіледі. 44. .Геном туралы түсінік. Адам геномының ұйымдасуы.Геном жасушаның ,ағзаның тіршілігі және дамуы үшін қажет барлық ДНҚ молекулаларының толық жиынтығы болып табылады,яғни жасушаның ядролық және цитоплазмалық ДНҚ сының барлық гендері мен ген аралық учаскелерінің жиынтығы. Геном құрылысының жалпы принциптерін және оның құрылымдық қызметтік ұйымдастырылуын зерттейтін молекулалық биология ғылымының бір саласы геномика деп аталады. Прокариоттар геномы ішек бактериясында жақсы зерттелген. Бактерия хромосомасы 3,2х10 н.ж. тұратын сақиналы ДНҚ. Бактерия гендері сызықты орналасқан. ДНҚ репликациясы ТЕТА репликация типімен ori нүктесінен басталады. Хромосома инициясасы сайтымен бірге өздігінен репликацияланатын молекула репликон болып табылады. Бактерия геномында 2500 дей гендер болады. Гендер белсенділігі оперон типі сияқты реттелінеді, себебі бактериялар гендері оперондық құрылымға ие. Ішек бактериясында бактерия хромосомасының репликонынан басқа да репликондар кездеседі, мысалы эписомалар,плазмидалар. Плазмида бактерия хромосомасынан тәуелсіз репликацияланатын сақиналы хромосомалық элемент оның өлшемі шамамен бактерия хромосоманың 10-20% дай, 1-3 гені болады. Ең негізгі плазмидаларға бактериялардың антибиотиктер әсеріне төзімділігін қалыптастыратын , төзімділікті тудырушы факторлар жатады. Олар 10-15 көшірме күйінде кездеседі. Эписомалар бактерия хромосомасынан бөлек , автономды кездесетін не оған жалғанатын сақиналы хромосомалық элементтер. Ең жақсы зерттелген эписома, бұл F фактор(фертильдік фактор). Ол бактериялардың жыныстық процесін анықтайды және аталық жасушаларда кездеседі. Эписомалардың кейбіреулері инфекциялы болып келеді. Егер эписомаларда антибиотиктерге төзімділікті қалыптастыратын гендер болса,онда олар бактерия жасушаларына жеп жеңіл өтіп медицина үшін үлкен проблемалар тудырады. Бактерия геномында қозғалғыш генетикалық элементтер де кездеседі. Оперон – бактериалды хромосоманың участкісі, оған ДНҚ-ның келесі участкілері кіреді: Р – промотор, О – оператор, Z, Y, А – құрылымдық гендер, Т – терминатор. (Басқа оперондардың құрамына 10-шақты құрылыс гендері кіреді.). Промотор - РНҚ-полимеразаларды ДНҚ молекуласына CAP-цАМФ комплексі көмегімен қосады. CAP-цАМФ комплексі (CAP – арнайы белок; бос күйінде белсенді емес активатор; цАМФ – циклоаденозинмонофосфат – аденозинмонофосфор қышқылының циклдық формасы). Оператор – белок-репрессорды қосады (сәйкес генмен кодталады). Егер, репрессор операторға қосылса, РНҚ-полимераза ДНҚ молекуласы бойымен жылжи алмайды және иРНҚ синтезделмейді. Терминатор – Z, Y, А ферменттерін синтездейтін иРНҚ синтезделгеннен соң РНК-полимеразаны үзеді. Митохондрия ДНҚ-сының (мтДНҚ) геномы 165 н.ж. тұратын қос тізбекті сақиналы молекула болып табылады. Әрбір митохондрияда 10-шақты ДНҚ молекуласы кездеседі. мт-ДНҚ-сында интрондар болмайды, оның ұүрамында 2р-РНҚ, 22-т-РНҚ және 13 фосфорлау полипептидтерінің гендері кездеседі. Митохондрий геномы 1981 ж. толық анықталған (47-еурет). Адамның сақиналы ДНҚ-сы толық зерттелмеген оның өлшемі 150 н.ж.-тан -20000 н.ж. дейін болады. Ядроның сақиналы ДНҚ-сы онкогендермен уларға төзімділік гендерінің амплификацияланған (көшірме-ленген) учаскелері болып табылады. Адам геномының жалпы ұзындығы 3000-3500 см тең.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 71; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.146 (0.009 с.) |