Сабақтың тақырыбы: Ата-анаң – алтын тұғырың. № 19- сабақ.
Содержание книги
- зін - өзі тану сабағының жоспары.
- зін - өзі тану сабағының жоспары.
- зін - өзі тану сабағының жоспары.
- Сабақтың тақырыбы: Бақыт сыры. № 6- сабақ.
- зін - өзі тану сабағының жоспары.
- Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
- Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі.
- Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі.
- зін - өзі тану сабағының жоспары.
- Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
- Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі.
- зін - өзі тану сабағының жоспары.
- Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
- Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі.
- Сабақтың тақырыбы: Ата-анаң – алтын тұғырың. № 19- сабақ.
- зін - өзі тану сабағының жоспары.
- Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
- Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі.
- Сабақтың тақырыбы: Ағайын – ер ырысы. № 21-22- сабақ.
- Сабақтың тақырыбы: Ата салты – асыл қазынаң. № 23- 24 сабақ.
- Сабақтың тақырыбы: Ата салты – асыл қазына. № 24- сабақ.
- Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
- Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі.
- Сабақтың тақырыбы: Ұлт руханияты – ұрпақ аманаты. № 26- сабақ.
- Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
- Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі.
- зін - өзі тану сабағының жоспары.
- Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
- Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі.
- Сабақтың тақырыбы: Өркениет – ел мұраты. № 30- сабақ.
- Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
- Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі.
- Сабақтың тақырыбы: Адам-ғалам, ғажайып жеке дара. № 33- сабақ.
- зін - өзі тану сабағының жоспары.
- Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Сабақтың тақырыбы: Ата-анаң – алтын тұғырың. № 19- сабақ.
Құндылық: «Сүйіспеншілік» Қасиеттер: бәрін жақсы көру.
Мұғалімі: Рахимова Замзагуль Талапкеровна
Сынып – 11
Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: Топтық жұмыс, тыныштық сәті, дәйексөз, әңгімелесу, шығармашылық жұмыс.
Модульдердің кіріктірілуі: Сыни тұрғыдан ойлау, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ-ны пайдалану, бағалау, жас ерекшеліктеріне қарай оқыту және оқу.
Оқып үйренудің нәтижесі:оқушылар ата-анасын құрметтеуді, сыйлауды ұғынады.
Сабақтың мақсаты: - «Ата-ана» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері: : - ата-анаға деген сүйіспеншілік сезіміне, ата-ананы құрмет тұтуға үйрету.
- ата-ананы қадірлеу, ардақтау, ата-ананың үмітін ақтауға баулу;
- махаббатқа, мейірімділікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Плакат, маркер, үлестірме қағаз.
Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі.
-оқушылармен сәлемдесу.
- сынып тазалығына көңіл бөлу
- оқушыларды түгендеу. Топтарға бөлу.
Тыныштық сәті. «Баяу әуен тыңдау.»
2. Үй тапсырмасын тексеру: Ж. Баласағұнидің өлеңін жатқа сұрау және талдау.
Сабақ барысын талқылау, топқа бөлінеді.
(Тәртіп, талап, тазалық, тыныштық, татулық) сақтау керектігін еске түсіру.
3. Дәйексөз:
«Әке – асқар тау,
Ана – ағып жатқан бұлақ,
Бала – жағадағы құрақ. » деген халық нақылына оқушылардың назарын аударту. Жеке оқыту және жаттатып айтқызу.
- Адам қай уақытта ата-ананың үмітін ақтай алады?
- Өзің шеше алмаған мәселелерді ата-анаңмен еркін бөлісе аласың ба?
- Анаң немесе әкең қай уақытта саған риза болады?
Халық нақылы
4. Әңгімелесу (сұхбат) «Ақлима» әңгімесімен таныстыру.
Қорыту:
- Бала анасына деген махаббатын қалай жеткізді?
- Өзгенің баласын өзіндікіндей сүю кез келген ананың қолынан келе ме? Неліктен?
Ғ. Мүсірепов
5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында «Ата-анам – берік қорғаным» атты тақырыпта эссе жазу.
Баяу әуен қойылады.
6. Топпен ән айту. «Ана туралы жыры»
әні: Ш. Қалдаяқов сөзі:Ғ. Қайырбеков
Әлемнің жарығын,
Сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін,
Жинадың сен маған.
Сен бердің құстардың,
Қанатын самғаған.
Балалық құштарым
Өзіңе арнаған.
Қайырмасы:
Әлдилеп аялап,
Өсірген жемісің.
Самал жел, сая бақ,
Құшағың мен үшін.
Есейіп кетсем де,
Мен саған сәбимін.
7. Үй тапсырмасы. № 1 Дәптермен жұмыс жасау.
Келесі сабақ. № 2 Б. Соқпақбаевтың «Менің атым - Қожа» мәтінін оқу.
8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен қойылады. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. «Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бар жерде, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік» бүкіл әлемде.
Пайдаланылған әдебиеттер тізім:
1. «Өзін-өзі тану» оқулығы 11-сынып «Бөбек» Алматы, 2010жыл.
· «Самопознание. kz» №10.2013 жыл.
· Мұғалімге арналған әдістемелік құрал.
|