Сабақтың тақырыбы: Бақыт сыры. № 6- сабақ.
Содержание книги
- зін - өзі тану сабағының жоспары.
- зін - өзі тану сабағының жоспары.
- зін - өзі тану сабағының жоспары.
- Сабақтың тақырыбы: Бақыт сыры. № 6- сабақ.
- зін - өзі тану сабағының жоспары.
- Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
- Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі.
- Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі.
- зін - өзі тану сабағының жоспары.
- Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
- Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі.
- зін - өзі тану сабағының жоспары.
- Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
- Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі.
- Сабақтың тақырыбы: Ата-анаң – алтын тұғырың. № 19- сабақ.
- зін - өзі тану сабағының жоспары.
- Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
- Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі.
- Сабақтың тақырыбы: Ағайын – ер ырысы. № 21-22- сабақ.
- Сабақтың тақырыбы: Ата салты – асыл қазынаң. № 23- 24 сабақ.
- Сабақтың тақырыбы: Ата салты – асыл қазына. № 24- сабақ.
- Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
- Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі.
- Сабақтың тақырыбы: Ұлт руханияты – ұрпақ аманаты. № 26- сабақ.
- Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
- Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі.
- зін - өзі тану сабағының жоспары.
- Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
- Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі.
- Сабақтың тақырыбы: Өркениет – ел мұраты. № 30- сабақ.
- Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
- Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі.
- Сабақтың тақырыбы: Адам-ғалам, ғажайып жеке дара. № 33- сабақ.
- зін - өзі тану сабағының жоспары.
- Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Сабақтың тақырыбы: Бақыт сыры. № 6- сабақ.
Құндылық: «Сүйіспеншілік» Қасиеттер: бәрін жақсы көру.
Мұғалімі. Рахимова Замзагуль Талапкеровна
Сынып – 11
Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: Топтық жұмыс, тыныштық сәті, дәйексөз, әңгімелесу, шығармашылық жұмыс.
Модульдердің кіріктірілуі: Сыни тұрғыдан ойлау, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ-ны пайдалану, бағалау, жас ерекшеліктеріне қарай оқыту және оқу.
Оқып үйренудің нәтижесі:оқушылар бақытқа жетудің жолдарымен таныс болды.
Сабақтың мақсаты: - оқушылардың «бақыт» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері: : - бақыт сыры туралы түсінік беру.
- бақытқа ұмтылудың мәнін, бақытқа жету жолдарын үйрету.
- бақытты болуға, өмірдің әр сәтін қадірлей білуге тәрбиелеу.
Плакат, маркер, үлестірме қағаз.
Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі.
-оқушылармен сәлемдесу.
- сынып тазалығына көңіл бөлу
- оқушыларды түгендеу. (Түстер арқылы 4- топқа бөлу.)
Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»
2. Үй тапсырмасын тексеру:«Бақыттың бес сырын» жатқа сұрау.
- Бақытты болу өзіңе байланысты ма?
Сабақ барысын талқылау, топқа бөлінеді.
(Тәртіп, талап, тазалық, тыныштық, татулық) сақтау керектігін еске түсіру.
3. Дәйексөз:
«Өзін - өзі білген – ер бақытты,
Өзін - өзі билеген – ел бақытты.» деген халық мақалына оқушылардың назарын аударту. Жеке оқыту және жаттатып айтқызу.
- Адамның әрқашан бақытты болуы мүмкінбе?
- Неліктен бақытты құсқа теңейді?
- Жер бетіндегі барлық адамдарға ортақ бақыт болуы мүмкінбе?
4. Әңгімелесу (сұхбат) «Бақыт жолын сілтеу» әңгімесімен таныстыру.
Қорыту:
- «Адам бақыт үшін жаралған» деген пікірмен келісесіңдер ме?
- Бақыттың қандай сыры бар деп ойлайсыңдар?
- Орындалған арман үнемі бақыт әкеле ме?
Әбу Насыр әл-Фараби
5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында стикерге өз бойындағы қабілет, қасиеттеріне орай «Мен өзімді …. теңеймін» таныстырылымын жасау.(мыс: бүркітке, жылқыға, еңбек құралына, акулаға – бұл арқылы әр оқушының бойындағы қасиеттерді білу.)
Баяу әуен қойылады.
6. Топпен ән айту. «Бағалайық бақытты»
әні: Б.Жолдасқызы сөзі: Қ. Жүнісов
Балғын дәурен, балауса кезің қандай,
Гүл бағында балқиды сезім балдай.
Құрбым, осы бақытты сезіне алмай,
Кейін налып жүрмейік, кезіге алмай.
Қайырмасы:
Жүрегімде махаббат ән тербейтін,
Бағалайық бақытты, жан тербейтін.
Мұңға батып қалмасын, көңіл бекер,
Оралмайды, жан құрбым, өмір өтер.
Арманның мекені алыстап кетеді,
Жастығың өтеді қас қағымда
Бақ нұры таймасын, көңілің сайрасын,
Өмірің жайнасын жас шағыңда.
7. Үй тапсырмасы. № 1 «Бақытты адамның ұстанымдарын» - жаттау.
Келесі сабақ. № 2 М. Әуезовтың «Абай жолы ром. үзіндіні оқу»
8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен қойылады. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. «Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бар жерде, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік» бүкіл әлемде.
Пайдаланылған әдебиеттер тізім:
1. «Өзін-өзі тану» оқулығы 11-сынып «Бөбек» Алматы, 2010жыл.
· «Самопознание. kz» №10.2013 жыл.
· Мұғалімге арналған әдістемелік құрал.
|