Интернеттің артықшылықтары мен кемшіліктері 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Интернеттің артықшылықтары мен кемшіліктері

Поиск

Оны оқуға және жауап беріп, пікір-талас ҧйымдастыруға да болады. Әрбір телеконференцияның ӛзіне сәйкес “Қоймалар” (Хранилище) бӛлімінде жиналған мақалалар каталогы болады. Онда мақала авторы, мақала кӛлемі, мақала тақырыбы, мақаланың инвентарлық нӛмірінің аналогы жайында ақпарат сақталады.

Телеконференциялардың электрондық пошта арқылы хат алуға қарағанда екі ӛзгешелігі бар, олар:

- біріншісі – белгілі бір мерзім (әр конференция үшін әртүрлі) ішінде қабылданған мақалалар жинақталып, сақталып отырады да, егер ӛте ескіріп кетсе, онда олар жойылады;

- екіншісі – кейбір телеконференциялар басқарылып отырылады, яғни мұндай конференцияға әрбір абонент тікелей мақаласын жібере алмайды. Ол мақаласын электрондық поштамен сол конференцияның жетекшісіне жӛнелтеді, ал жетекші мақаланы қарап шығып, оны жалпы кӛпшілік оқуы үшін тіркеуге алатынын немесе алмайтынын ӛзі шешеді. Соңғы кездерде желіаралық статусы бар телеконференцияларӛткізілетін болды, олар әртүрлі желілерге байланысқан пайдаланушыларды түгел қатыстыра алады. Телеконференция жұмысы сервердеп аталатын арнайы бағдарлама арқылыұйымдастырылады. Оны іске қосу үшін Internet Explorer терезесінен Жаңалықтар– жаңалықтарды оқу командасын беру керек. Ал сервер телеконференцияға қатысушы әрбір адамды оған керекті барлық сұраныстармен қамтамасыз етуге тырысады: оларды әртүрлі тақырыптағы конференцияларға міндетті түрде қатысатын етіп тіркейді, оларға анықтамалық ақпарат жібереді.

Егер сервис-провайдер UseNet телеконференцияларына қосылуына мүмкіндік берсе, тұтынушы NNTP (NetworkNewsTransportProtocol - Тораптық Ақпаратты тарату хаттамасы) хаттамасымен қуатталатын телеконференциялармен жұмыс істеп, хабарлар жаза алады.

IСQ (Iseekyou - мен сені іздеймін) - желі тұтынушыларына нақты уақыт кезеңінде (масштабында) хат-хабарламалар араласып, бірден чат (chat-әңгіме) құрып, файл жіберіп, әңгімелесуге мүмкіндік беретін қызмет.

IRC(Internet Relay Chat) - нақты уақыт кезінде телеконференция ӛткізудің бір түрі, тұтынушылардың бір-бірімен әңгіме-дүкен құруға болатын қызметі. IRC-


серверлері мен IRC- клиенттері кӛмегімен бір-бірімен «виртуальді» әңгіме ӛткізуді пернетақтада сӛздерді теру арқылы жүргізіледі.

IP-телефония -Интернетте телефондағы дауыс арқылы алмасуды ӛте тиімді деп айтуға болмас, бұл TCP/ІР хаттамалары негізінде электрондық мәлімет алмасудың жеке бір түрі ғана. Адамның дауысы сандық файлға түрлендіріледі де, желідегі қарапайым мәліметтер дестетері тәрізді түрде тасымалданады.

Чат - әңгімелесу -Интернеттің onlineрежимінде тікелей сұхбаттасу.

 

 Интернеттің артықшылықтары:

· Қарым-қатынас- кӛптеген адамдармен пошталар, форумдар, чаттар, және конференциялар арқылы қатынас жасай алады, және де жеке дара сұхбаттасуға болады. Бір идеямен, қызығушылықтарымен ортақтасқан адамдар клуб құрып, қарым-қатынас жасай алады;

· Электрондық пошта– кәдімгі пошталарға қарағанда электрондық пошта тез (хатты жер шарының басқа түпкіріне жеткізуге бірнеше сағат жеткілікті) және арзан. Хатқа әр түрлі файл енгізуге болады;

· Бағдарламалар -Интернетте тегін бағдарламалардың жаңа түрлері кӛрсетіледі немесе ақылы дэмо-бағдарламалық тақшалардың жаңа түрлері шығарылады;

· Жаңалықтар- әрдайым пошталық таратулар жүріп отырады, сол сияқты жаңалықтар сайтына кіріп, әлемдегі соңғы жаңалықтарды білуге болады;

· Музыка және графика- ӛте тығыздалған форматтағы МР3пайда болғалы, желіге әр-түрлі группалардың әндерін енгізу мүмкін болды. Формат JPEGжелісі арқылы кӛптеген үлкен және түсті, жоғарғы сапалы кескін тасымалдауға мүмкіндік береді;

· Тегін хостинг- әрбір желі тұтынушысы ӛзінің сайтын аша алады, тегін немесе ақылы серверде және ӛзінің қажетті жұмысының, жобасының алға жылжуымен айналыса алады. Әрине ол заңға қайшыкелмесе,олай болмаған жағдайда сайтын жояды.

 Интернеттің кемшіліктері:

· Белгілі бір бақылауда болмауы- Интернетте белгілі бір шектеулер болмайды. Сондықтан кейбір адамдар желіні заңсыз іс-әрекеттерге қолданады, мысалы: порнографиялық сайттардың болуы, сайттар мен желілерге бұзып кіру т.б.;

· Ақпараттың реттелмеуі- Желіде ӛте кӛп ақпарат бар. Бірақ кейде ӛзіңе керек ақпаратты табу үшін бірнеше сағат қажет болады, ӛйткені ондағы ақпарат реттелмей орналасады.

· Жарнамалар    - Интернет жарнамалары анимацияланған баннерлер

(мультфильм тәрізді) түрінде орналастырады, бұлар желі жұмысын баяулатады.

· Вирустардан қорғану мҥмкінділігінің тӛменділігі –желідегі кӛптеген вирустардан, яғни бағдарламалардағы, сол сияқтыMS Office дестесінің - *.doc, *.xls,

*.mdb ... типті құжаттар арқылы келетін вирустардан абай болу керек, оларды антивирустық бағдарламалар арқылы тексеріп отыру қажет.

 

Сервер қауіпсіздігі.Нашар басқарылатын Web–сервер жүйенің қауіпсіздік жұмысының бұзылуына себеп болуы мүмкін. Мысалы: тӛменгі деңгейде жазылған CGI-сценарий, жаман пиғылдағылардың жүйеге енуіне мүмкіндік беруі мүмкін, мұндай жағдайларды тоқтату үшін, Web–сервер Администраторы серверді басқару ісіне мұқият қарап, жауап беруге тиіс.




Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 91; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.01 с.)