олданбалы бағдарламалар дестесі
Қолданбалы бағдарламалар дестесі - белгілі бір мақсатта пайдаланатын бағдарламалық жабдық және әмбебап бағдарламалық жабдық болып екіге бӛлінеді. Белгілі бір мақсатта пайдаланылатынбағдарламалық жабдықәр адамның нақты есептерін шығаруға арналған, сондықтан оны пайдалану аймағы да шектеулі, мұндай бағдарламаларды тұтынушы жасайды немесе қажетінше маман бағдарламалаушылар жасап береді.
Әмбебап бағдарламалық жабдықтек бір есепті шығарып қана қоймай, белгілі бір мамандық саласында есеп жұмыстарын түгел автоматтандыруды, немесе ақпараттың белгілі бір түрлерін ӛңдеуді түгел қамти алады. Әртүрлі ақпараттарды ӛңдеуге мүмкіндік беретін әмбебап бағдарламалық жасақтың негізгі түрлері мыналар:
- мәтін редакторлары;
- графикалық редакторлар;
- электрондық кестелер;
- оқыту және ойын бағдарламалары;
- ақпараттық жүйелер және т.б.
Мәтіндік редакторларэкранда мәтіндерді түзетуге, қателерін уақытында табуға, абзацтардың сол жақ, оң жақ шеттерін туралауға, мәтіндерді дискілерде ұзақ уақыт сақтап, қажет болғанда бірден тауып алуға, бірнеше алфавитті (латын, орыс, қазақ т.б.) қатар пайдалануға, құжаттарды қағазға бірнеше дана етіп басып шығаруға мүмкіндік береді. Кең тараған мәтін редакторларына Місrosoft Word, РаgеМаkег, Word Реrfect т.б. жатады.
Графикалық редакторларграфикалық ақпаратты дайындау мен ӛңдеуге арналған бағдарлама болып табылады. Олар ӛмірде жиі кездесетін есептеу нәтижелерін график түрінде шығаруда ӛте ыңғайлы, сол сияқты графикалық редакторлар бейнелерді әртүрлі етіп - схемалар, сызбалар, суреттер түрлерінде бере алады. Күрделі графикалық бейнелер тұрғызу кезінде түрлі-түрлі фигура мен контурларды пайдаланып, әрқайсысын әртүрлі түстерге бояуға да болады. Осындай мүмкіндіктері бар графикалық редакторларға: MS Раіnt, Соrеl Drаw, Photo Shop, Auto Cad т.б. жатады.
Электрондық кестелер жҥйесіұяшықтар арқылы жұмыс істейді, ақпаратты оларға пернелер кӛмегімен енгізу арқылы немесе формулалар ӛрнегін есептеу нәтижесі бойынша компьютерге жазылады. Мұнда кестелік мәліметтерді түзету, оларды дискілерде жазып сақтау, түрлендіру, қағазға басып алу сияқты кӛптеген ӛрнектер ӛте жылдам орындалады. Кең тараған электрондық кесте жүйелеріне Suреr Саlс, Quatro Рго, MS Ехсеl сияқты бағдарламалар жатады.
Ойын бағдарламаларыдербес ЭЕМ-дeрдeгі қызықты кез келген жан әуестенетін топқа жатады. Дербес компьютерлердің кеңінен тарауына да себепші болған ойын бағдарламалары болды. Компьютерлік ойындар - демалудың жаңа технологиясы, дегенмен, компьютерде ойын ойнаған кезде, онымен шектен аса әуестенудің зиян екенін есте сақтаған жӛн.
Оқыту бағдарламаларыоқу-үйрену сабақтарын ұйымдастырады.Білім жүйесінде компьютерлер - электрондық оқулық және тренажерлер түрінде, Зертханалық аспап, әрі ақпараттық-анықтамалық жүйе есебінде кеңінен пайдаланылады.
Әмбебап бағдарламалық жабдықтыңдамуының арқасында күрделі шоғырландырылған (интеграцияланған)жүйелержасалынуда, мұндай жүйелерге, мысалы, конструкторлық жобалауды, электрондық тақшалар жасап дайындауды,
экономикалық және бухгалтерлік жұмыстарды автоматтандыру істерін жатқызуға болады. Инженерлік практикада қазір осындай мақсаттарға MatLab, MatCad, Еureka сияқты бағдарламалық дестелер кеңінен қолданылып жүр.
Қолданбалы бағдарламаларарасындағы ерекше топқа қолданбалы бағдарламаларды даярлаудың аспаптық жабдықтары жатады. Аспаптық жабдықтар- басқа бағдарламалар мен автоматтандырылған жүйелерді даярлау үшін бағдарламалаушылар пайдаланатын бағдарламалар мен бағдарламалық кешендер. Дербес компьютерде кең тараған аспаптық жабдықтарға VISUAL ВАSІС, TURBO РАSСАL, DELPHI, С++ және ASSEMBLER сияқты бағдарламалау тілдері жатады. Бұл тілдердің әрқайсысы белгілі бір мәселелер тобын шешуге ӛте қолайлы.
Тәжірибелік сабақ-12.Тораптарды бағдарламалық қамтамасыз ету және оның классификациясы. Программалау технологиясының аспаптары.
|