Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Кәсіпшілік қызметтің объектілеріСодержание книги
Поиск на нашем сайте 4. Оқу тҥрлері Оқу мекемелері тәжірибесінде бірқатар белгілерімен дербестенген оқу түрлері қолданылуда. Оқу түрі – бұл оқыту және оқып-үйрену қызметтерінің ерекшелігіне орайластырылған жалпылама сипаттағы білім игеру жүйесі, яғни оқу процесіндегі мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас, қолданымдағы оқу құрал-жабдықтары, әдістері және формаларының атқаратын міндеттері. Оқу түрі ӛз негізіне алынған педагогикалық технология (кейінгі дәрісбаяндарда қарастырылады) сипатымен анықталады. Оқу түрлері келесідей ажыралады: түсіндірме-кӛрнекілік, жалаң-жаттанды (догматикалық), тұлғалық бағдарлы, компьютерлі, модульді, қашықтан оқу (дистанционды), пәнаралық, т.б. Түсіндірме-кӛрнекілі: (дәстүрлі, ақпарат жеткізу) оқу түрі. Мұндай оқуда мұғалім ауызекі сӛзбен кӛрнекі құралдарды қолдана отырып, оқушыларға дайын материалды ұсынады, шәкірттер ақпаратты сол күйінде қабылдайды, қайталап айтып береді. Жалаң - жаттанды (догматикалық) –оқуда тыңдаушы ұсынылған ақпараттың мән-мағынасына еніп жатпастан, түсінбей-ақ қабылдайды. Проблемді оқуда ұстаз басшылығында оқу, дәріске байланысты мәселелерді шешу үшін оқушылардың ӛз бетінше оқу-ізденіс қызметтері ұйымдастырылады. Бұл оқу түрінің тиімділігі кӛптарапты: жаңа білім, ептілік, дағды қалыптасады, балалардың қабілеті, белсенділігі, танымдық қызығушылығы, шығармашыл ой-ӛрісі және басқа да тұлғалық маңызды сапа- қасиеттері дамиды. Дамытушы оқу түрі оқушылардың білім, ептілік және дағдыларының күннен күнге арта түсуіне қажет ішкі психологиялық жағдаяттардың (зейін, түйсік, қабылдау, ес, ойлау, сӛйлеу және т.б.) жетіліп баруын қамтамасыз етеді. Оқу жедел қарқынмен жоғары деңгейде жүреді, білім игеру процесі саналы, мақсатты және жүйелі құрылып, негізінен, теориялық ақпарат, мәліметтерді меңгеруге бағытталады. Шығармашыл (эвристикалық) – оқу проблемді және шығармашыл оқудың басты принциптеріне негізделеді. Бұл оқуда оқушының білімдік табыстары белгіленген ғылыми білімдер кеңістігіндегі оның тұлғалық шығармашыл қабілеттерінің ӛзінше іске қосылуымен тікелей байланысты. Осыдан, мұғалім міндеті – баланың барша ұнамды адами қасиеттерінің (нышан, талант, дарын, т.с.с.) оянуына ат салысып, оларды білім игеру процесіне қоса білу. Тұлғалық бағдарлы оқу мәні – білімдену бағдарламалары мен оқу процесі әр оқушының жеке ӛзіне тән танымдық ерекшеліктерін ескерумен түзіледі әрі іске қосылады. Компьютерлі оқу және оқыту қызметтері электронды есептеу машиналарының кері байланысты оқыту – бақылау бағдарламаларына негізделеді. ЭЕМ оқу процесіндегі білім мазмұнының игеріліп жатқандығы жӛнінде кері ақпараттың дәл әрі молдығынан даралықты оқуды күшейтеді. Модульді оқуда – білімдік ақпараттың шағын дидактикалық бӛлшегінің – модульдің кӛп тарапты қызметтер атқаруынан білім мазмұнының тұтастай игерілуін қамтамасыз етуге болады. Қашықтықтан оқыту түрі қазіргі заман телебайланыс жүйесін пайдаланумен кӛзделген мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Пәнаралық оқу – сыбайлас білім салаларындағы пәнаралық және пәнішілік байланыстарды іске асыруға бағытталып, біріктірілген оқу пәндерін меңгеруді кӛздейді Тәжірибелік сабақ-4.Мамандықтың оқу жоспарлары мен бағдарламаларының құрылымы, олардың мазмұны. Оқу жоспарының негізгі бӛлімдерінің бағыты. Іргелес мамандықтар мен оқу пәндері, оның маманды қалыптастырудағы ролі.
Тәжірибелік сабақ-5.Ақпараттық технологиялардың білім берудегі және ӛздігінен білім алудағы ролі. Білім беру жүйесін ақпараттандыру бағыты жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану аркылы дамыта оқыту, кашыктыктан оқыту, дара тұлғаға бағыттап окыту максаттарын жүзеге асыра отырып, оку-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды кӛздейді. Қашықтықтықтан оқыту (ҚОТ) - білім, білік дағдыларды алу үрдісі, оқыту процедураларының тұтас немесе белгілі бір бӛлігі оқытушы мен студенттің территориялық алшақтығына қарамастан жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың кӛмегімен жүзеге асырылады. Қашықтықтықтан оқыту технологиясының кейс және желілік технология деген түрлерін ерекшелеп кӛрсетуге болады. Қашықтықтан оқытудың жетістігі - оқытушының ӛзінің қатысуынсыз оқушылар назарын ӛзінен тыс қалдырмауға қабілеттілігіне байланысты болады. Жаңа тақырып бойынша берілетін материал баспаға шығарылған түрде қашықтықтан оқыту курсында электрондық түрде немесе электрондық оқулық түрінде беріледі. Жаңа тақырыпты бұлай баяндау кезінде сабақтың басты элементі форум немесе чат болып табылады. Мұндай баяндаулар алдын ала жоспарланып, алдын ала даярланған сценарий бойынша жүргізіледі. Оқу үрдісіне тьютор белсенді қатысады. Қашықтықтан оқытуда жаңа материалды баяндаудың тағы бір нұсқасы виртуалды шебер. Әдетте оқу материалын баяндау және талқылау бір мезгілде жургізіледі. Қашықтықтан оқыту жүйесін әрқайсысы ӛз кезегінде бірнеше компоненттерден тұратын үш компоненттің жиыны ретінде карастыруға болады. Олар: ·Дидактикалық жүйе; ·Технологиялық жүйе; ·Қамтамасыз ету жүйелері. Қашықтықтан оқыту үшін оқытудың жалпы дидактикалык бес әдісін қолдануға болады: 1. Ақпараттық-рецептивті; 2. Репродуктивті; 3. Мәселелік мазмұндау; 4. Әвристикалық; 5. Зерттеу. Қашыкқтықтан оқыту ұғымын кең мағынада алсақ, бұл-тыңдаушылар мен оқытушылардың бір-бірінен кеңістікте алыстатылған оқу формасы. Ал, тармағынадағы қашықтықтан оқу ұғымы тындаушылар мен оқытушылар арасындағы, сонымен қатар тыңдаушылардың ӛзара белсенді ақпаратпен алмасуын қарастыратын және жоғаргы дәрежедегі қазіргі жаңа ақпаратгық технологияларды (аудио-визуальды кұралдар, дербес компьютерлер, телекоммуникация құралдары, т.б.) пайдаланатын белгілі бір тақырыптар, оқу пәндері бойынша ұйымдастырылатьш оқу процесі. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі технологиялары бар: Кейс-технология - оқытушы-тьюторлардың дәстүрлі және қашықтықтан консультацияларды үйымдастыру кезінде мәтіндік, аудиовизуальды және мультимедиалық оқу-әдістемелік материалдарды жинау және оларды пайдаланушылардың ӛз бетінше меңгеруі үшін жіберуге негізделген. Кейс технологиясы (ағылшынның сasе—портфель) оқытуда жасалынған әдістемелік материалдармен іске асырылады. Кейс-технология арналған материалдар түрлері мыналар: 1. Әдістемелік нұсқалар. Оқу құралдары мен глоссарий. Оқушыларға оқужоспарындағы пәндер бойынша әлектрондық тасымалдауышта (CD-ROM) оқу- әдістемелік материалдардың кешені (кейс) беріледі. Кешенді даярлауда ұжымдық әдістер, жобалау әдістері пайдаланылады. Мұндай әдістер тыңдаушылардың белсенділігін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін белсендіруге 2. Жұмыс дәптері. 3. Анықтама. 4. Оқу, аудио, бейне материалдары. 5. Бақылау және емтихан материалдары. Қашықтықтықтан оқытуға арналған кейстердің сапалық қасиеттері: - курстың терминдер мен ұғымдарына арналған гипертекстік құрылымы; - пайдаланушыға ыңғайлы құрылым – мұғалім материалды беру реті мен бейнелеудің бірнеше түрін таңдай алады. Сол арқылы бір оқу материалын әр түрлі аудитория үшін әдістемелік қажеттілік болса әр түрлі түрде беру мүмкіндігі бар. - Кейстің құрамына белгілі бір нормативті талаптар жоқ. Кең таралған документтер мен дыбыс, анимация, графикалық кірістірулер, слайд-шоу пайдаланылады. - Оқушы оқулықтың кез келген бетін қағазға шығара алады. - Оқушы оқу материалдарына кез келген әдіспен қол жеткізе алады (Интернет, CD-ROM). - Оқулыққа кіріктірілген білімді тексеру жүйесі бар. - Оқулық бетінен Интернет ресурстарына қол жеткізуге болады. Желілік –технология - білім алушы, оқытушылар, әкімшілік арасындағы интерактивті ӛзара әсері мен оның оқу-әдістемелік қүралдармен жабдықталуын қамтамасыз етуде телекоммуникациялық желіні қолдануға негізделген; Оқытудың желілік –технологиясына жатады: - Интернет желісін пайдалану; - Әлектрондық поштаны пайдалану; - Телекоммуникациялық құрылғыларды пайдалану; - Мультимедиамен жабдықталған, Интернетке шығу мүмкіндігі бар желелік компьютерлік класс; Электронды почта тыңдаушыларға курстың негізгі мәселелері бойынша конфиденциалды хат жазысуға мүмкіндік береді. Электронды почта арқылы ақпаратты жоғары жылдамдықпен жіберу мүмкіндігінің арқасында тыңдаушыға кӛмек дер кезіңде, сұранысты алған соң бірден кӛрсетіледі. Интернет кӛмегімен тыңдаушылармен кері байланыс орнатып қана қоймай, олардың оқу қызметін бақылауға, бағалауға болады. Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқытушының негізгі міндеті білім алушының келесі түрдегі орындалатын ӛз бетінше жұмысын басқару болып табылады: туындайтын мәселелерді қарастыру; мақсат пен міндеттерді қою; білім, тәжірибелерді беру; ұйымдастыру қызметі; білім алушылардың арасында ӛзара байланысты ұйымдастыру; оқу процесін бақылау. Тыңдаушылар қашықтықтан оқыту кезінде білім беру процесінің негізін қолайлы уақытта, ыңғайлы орында, тиімді темптегі ӛз бетінше жұмыс құрайды. Сондықтан тындаушылар ӛз бетінше жұмыстың техникасы мен әдістемесін, жоғарғы деңгейде білімді ӛз бетімен толықтыру негіздерін меңгеруі қажет. Сонымен бірге нәтижелі түрде оқу үшін жаңа ақпараттық технологияның кұралдарымен жұмыс істей білуі тиіс. Сонымен, қашықтықтан оқыту — адамның білім алуға және ақпарат алуға деген құқықтарын іске асыратын үздіксіз білім беру жүйесі нысандарының бірі ретінде мамандардын негізгі қызметін атқара жүріп білімін, біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді. Қашықтықтықтан оқытудың дидактикалық құралдары 1. Білім алушыларды қашықтықтықтан оқытуға арналған оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету үшін қашықтықтық технологияларын қолданумен іске асырылатын білім беру бағдарламаларының пәндері бойынша әлектрондық оқу- әдістемелік кешен болуы керек. 2. Әлектрондық оқу-әдістемелік кешенін дайындауды үлгілік оқу бағдарламаларына қатаң сәйкестендіріліп әзірленген, бекітілген оқу жұмыс бағдарламасы бойынша курсты әзірлеуші жүзеге асырады. 3. Әрбір пәннің әлектрондық оқу-әдістемелік кешені міндетті және қосымша комплектілерден тұруы керек. Міндетті комплект мыналардан: a) үлгілік оқу бағдарламасынан; · оқу жұмыс бағдарламасынан (пәннің мазмұны, күнтізбелік- тақырыптық жоспар, ұсынылатын әдебиеттердің тізімі (негізгі және қосымша), курстың модулдық бӛлінуі, қашықтықтық кеңестерін ӛткізу кестесі); b) лекциялардың әлектрондық курсынан; c) практикалық және семинарлық сабақтардың материалдарынан; · зертханалық практикумнан (тапсырмалар, мысалдар, әдістемелік нұсқаулар); d) студенттің ӛзіндік жұмысына және оқытушы–тьютордың жетекшілігімен жүргізілетін студенттің ӛзіндік жұмысына арналған тапсырмалардан; · рубеждік бақылауды ұйымдастыру жӛніндегі материалдардан (бақылау жұмыстары, тест тапсырмалары, жеке тапсырмалар және тағы басқа); · қорытынды бақылауды ұйымдастыру жӛніндегі материалдардан (емтихандық тестілеу тапсырмалары, емтиханға арналған сұрақтар, билеттер, емтихандық бақылау жұмыстары) тұрады. Электрондық оқу-әдістемелік кешенін бағдарламалық қамтамасыз етілу функционалдылығы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес болуы керек. Қосымша комплект курстық жұмыстарды орындау жӛніндегі әдістемелік нұсқаулардан тұруы мүмкін; оқыту сипатындағы компьютерлік бағдарламалар, тренажерлар, репетиторлар, анықтамалық-әдістемелік материалдар, пәннің оқу материалдарын игеруге кӛмектесетін оқу және оқу-әдістемелік құралдарды және ӛзге де материалдарды орындаудың мультимедиалық нұсқалары. Оқу-әдістемелік қамтамасыз ету автономды және желілік ӛзіндік жұмыстар мен білім алушыларды аттестаттауға дайындау үшін жеткілікті болуы керек. 4. Қашықтықтықтан оқыту жүйесімен оқыту білім алушылардың оқу курстарын оқытушы-консультанттың (тьютордың) басшылығымен қашықтықтықтан оқыту жүйесіне арналған оқу-практикалық құралдарды, оқытудың қазіргі құралдарын (компьютерлік, телекоммуникациялық) пайдалана отырып, ӛзіндік зерделеуді ұсынады. ·Оқытудың теледидарлық құралдарына кабельдік немесе спутниктік теледидардың кӛмегімен ұжыммен немесе жеке қолданатын бейне лекциялар, сондай-ақ интерактивтік режимдегі теледидар сабақтары жатады. ·Оқытудың компьютерлік құралдарына әлектрондық оқулықтар, мультимедиалық курстар, кері байланысы бар тренингтік бағдарламалар (супертьюторлар), кәсіби бағдарламалардағы оқыту тапсырмалары (профтьюторлар), желілік іскер ойындар жатады. ·Оқытудың ойындық құралдарына іскер және операциялық ойындар түріндегі ұжымдық сабақтардың белсенді әдістері, дискуссиялар, коммуникативтік сабақтар, сондай-ақ виртуалды білім беру ортада оқылатын проблемалық және пәнаралық лекциялар жатады. 5. Қашықтықтықтан оқытуда консультациялар телефон, әлектрондық пошта, чат, сондай-ақ телеконференцияны пайдалану түрінде ӛткізілуі мүмкін. 6. Қашықтықтықтан оқытуда зертханалық практикум мультимедиа- технологияларды, гипер ақпараттық жүйе (ГАЖ)-технологияларды, еліктеуді модельдеу қолданумен ӛткізіледі. 7. Барлық оқыту қызметінің түрлері: · әлектрондық байланыс тәсілдерін қолдана отырып оқытушының (тьютордың) студентпен (тыңдаушымен) педагогикалық қарым-қатынасы; · студенттің оқыту құралдарымен ӛзіндік жұмысы арқылы жүзеге асырылады. Байланыс уақытына кеңестермен қатар барлық бақылау іс-шаралары кіреді: емтихан, зертханалық жұмыстарды, рефераттарды, әсселерді, курстық, есептеу-кестелік жұмыстарды, жобаларды қорғау, қорытынды мемлекеттік атестаттау. 8. Қашықтықтықтан оқытуды ұйымдастырудағы маңызды кезең виртуальдық (синхрондық немесе асинхрондық) ӛзара іс-қимыл. Синхрондық ӛзара іс-қимыл студент пен оқытушының нақты уақыт режиміндегі қатынасты қарастырады. Бұл үшін қашықтықтықтан оқыту жүйесінің чаттары немесе бейне конференциялар қолданылуы мүмкін. Асинхрондық ӛзара іс-қимыл студент пен оқытушы нақты уақытта қарым-қатынаста болмаған жағдайда жүзеге асырылады, бұл жағдайда қашықтықтықтан оқытудағы байланыстар жіберу тізімдерінің немесе телеконференциялардың кӛмегімен әлектрондық пошта бойынша хат алмасу арқылы ұйымдастырылады. Оқытушының кеңесі (синхрондық немесе асинхрондық) – қашықтықтықтан оқытуды орындаудың міндетті шарттары. 9. Оқу процесін басқару және білім алушыларға дидактикалық материалдарды жеткізіп беру үшін кӛліктік және ақпараттық коммуникациялар, сондай-ақ автоматтандырылған құжат айналымы жүйесі кіретін мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету, білімнің әлектрондық банкілері және оқытудың интерактивтік мультимедиалық құралдары қолданылады. 10. Курстарды әзірлеушілер мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттардың пәндері үшін оқу жұмыс бағдарламаларына сәйкес пәннің мазмұнын ӛз бетінше анықтауы мүмкін. 11. Білім беру ұйымы, телекоммуникациялық және спутниктік байланыс арналары бойынша жіберуге арналған оқу материалдарын, басқа да материалдарды, ағымдық, аралық және қорытынды аттестаттаудың материалдарын дайындау мен кӛбейтуді жүзеге асырады және олармен әрбір оқушыны қамтамасыз етеді. 12. Қашықтықтықтан оқыту нысанын іске асыратын білім беру ұйымдарында электронды ақпараттық-білім беру ресурстары болуы керек. Қашықтықтан оқыту технологиясы – тіл үйренушілердің мүмкіндіктеріне, ерекшеліктеріне бейімделген ақпарат кӛздерін қамтитын, анықтамалық, машықтандырушы қызметтерін атқаратын, оқыту, тәрбиелеу, дамыту, тексеру міндеттеріне құрылған оқыту. Деңгейлік тапсырмаларға негізделген қашықтықтан оқыту технологиясы тіл үйренушінің ерекше танымдық белсенділігі мен қызығушылығына құрылған қатысымдық құзыреттілікке жетелейтін тұлғалық, нәтижеге бағдарланған оқыту ортасы болады. Қашықтықтан оқыту жүйесі арқылы жүзеге асырылатын қайтарымды байланыстың тіл үйренушіге оқу материалдарының бір ізділігін ӛзгертуге не оған бейімделуге мүмкіндік беретін әсері болады. Бүгінгі қоғам сұранысын ескере отырып тіл үйренушілердің қатысымдық құзыреттілігін дамытуда қазіргі ақпараттық технологияларды және деңгейлік тапсырмаларды кіріктірген қашықтықтан оқыту технологиясының қажеттілігі дау тудырмайды. Қашықтықтан оқыту технологиясындатіл үйренушілердің білімін ӛз таңдаулары бойынша кӛтеруіне мүмкіндік беретін оқыту үдерісі жүзеге асырылады. Бұл ӛздігінен білім алу формаларының бірі ретінде оқытудың ―жеке траекториясын‖ жасақтауға мүмкіндік береді. Бүгінгі білімнің негізгі шарты үйренушінің жаңаны, ӛзіне қызықтыны, ӛз оқу траекториясын іздеу қажеттілігін қалыптастыру екенін ескерсек, қашықтықтан оқыту технологиясынжоспарлауда басты шарт тіл үйренушінің ӛз бетімен қатысымдық, танымдық, ізденушілік әрекетке ұмтылысын қамтамасыз ету болуы қажет. Адам ақпараттың 10%-ын оқығанда, 20%-ын тыңдағанда, 30%-ын кӛргенде, 50%-ын кӛріп, естігенде, 70%-ын талқылағанда, және 90%-ын ӛзі орындаған кезде меңгеретінін ескерсек, компьютердің кӛмегімен аудио-бейне әсерлермен берілген, ӛз еріктерімен, ӛз күштерімен қол жеткізген білімдік ақпараттың үйренуші үшін маңыздылығы да жоғары болады, тұрақты жадында ұзақ сақталады. Бұл жӛнінде зерттеуші ғалымдар ӛз бетімен, ӛз күшімен қол жеткізген ақиқаттың танымдық құндылығы ерекше болатындығын атап кӛрсетеді. Соған байланысты оқушылардың үнемі жауап беруін, қайтарымды байланыста болуларын талап етіп отыратын интерактивті оқу құралдарын оқу үдерісіне енгізу үлкен мүмкіндіктерге жол ашады. Қашықтықтан оқыту технологиясын құруда ескерілетін дидактикалық талаптар: - Ғылыми-әдістемелік берік тұғырнамасының болуы; - Технология талаптарына сай болуы; - Деңгейлерге сәйкес лайықталып, іріктелген материалдарды қамтуы; - Қашықтықтан басқару арқылы оқыту үдерісін жаңартып-жаңғыртып отыру мүмкіндігінің болуы; Қашықтықтан оқыту технологиясын құруда ескерілетін техникалық талаптар: - Тұтынушыларды орталықтан басқару, бақылау мүмкіндігі; - Желілік ресурстарға тиімді қол жеткізу мүмкіндігі; - Бағдарламалық-әдістемелік жағынан қамтамасыз етудің дидактикалық ұстанымдарға негізделген жоғары сапасы; - Кең кӛп функционалдылық пен технологиялық ұтқырлық; - Тұтынушылардың түрлі талаптарына жылдам жауап бере алатын бейімділігі; - Тұтынушылардың ӛздеріне ыңғайлы, рационалды уақытта ұйымдастырылатын үдеріс;
- Тікелей тұлға аралық қарым-қатынас, мықты қайтарымды байланыс; - Үйренушілердің білім деңгейін анықтауды компьютерлік жолмен автоматтандыру; - Объективті бағалау жүйесі, статистикалық талдау. Тәжірибелік сабақ-6.Бітіруші түлектердің кәсіби қызметтерінің негізгі бағыттары. Бітіруші мамандар жұмыс істейтін мекемелер, салалар және құрылымдар. Нақты аймақтағы қызмет ерекшеліктері мен қыр-сыры. 5В070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз етумамандығында оқып, студенттер адамның әртүрлі қызмет облыстарында ақпаратты ӛңдеу және басқарудыњ компьютерлік жүйелерін жасауға бағытталған терең білім және құралдардың қолдану дағдыларына, тәсілдеріне және әдістеріне үйренеді. «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықты бітірушілерінің: · есептеуiш техника құралдарын және ақпараттық жүйелердi (бағдарламалар, бағдарламалық кешендер және жүйелер) бағдарламалық қамтамасыз етуiн ӛңдеу және бақылап отыру; · ақпаратты ӛңдеуi және барлық деңгейлердi басқарудың есептеуiш жүйелерiнiң әкiмдiк етуi; · барлық деңгейлердi автоматтандырудың жүйелерiмен басқару; · есептеу машинасын, кешендерін, жүйелерді және желiлердi жӛндеу және қызмет кӛрсету.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 73; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.236 (0.011 с.) |