ЖатаҚханаҒа кіру тӘртібі мен ҚонаҚтарды кіргізу тӘртібі 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

ЖатаҚханаҒа кіру тӘртібі мен ҚонаҚтарды кіргізу тӘртібі

Поиск

ЖАТАҚХАНАҒА КІРУ ТӘРТІБІ МЕН ҚОНАҚТАРДЫ КІРГІЗУ ТӘРТІБІ

1. Жатақханаға кіру тәртібі комендант берген арнайы үлгідегі рұқсат қағазының кӛмегімен жүзеге асырылады.

2. Рұқсат қағазы – жатақханаға кіруге рұқсат беретін негізгі құжат болып табылады, ол жоғалған жағдайда қайта жасату керек. Жатақханаға кіру уақыты жаз уақытында 07:00-ден 22:30-ға дейін, ал қыс уақытында 07:00-ден 22:00-ге дейін.

 

3. Жатақханаға 22:00 мен 07:00 аралығында кіру тек рұқсат қағазы мен Тәрбие жұмысы жӛніндегі проректордың атына жазылған ӛтініш, жұмыс орнынан берілген анықтама декан мен Тәрбие жұмысы жӛніндегі проректордың визасы болған жағдайда жүзеге асырылады.

БІЗДІҢ ДӘСТҤР

Сіз кӛп жылғы тарихы мен дәстүрі қалыптасқан жоғарғы оқу орны – Алматы технологиялық университетінің студенті атандыңыз. Алдағы 4 жыл ішінде ол Сіздің екінші үйіңіз болып кетеді. Университет табалдырығын аттаған жағдайда, жалпыға ортақ арнайы тәртіп ережелерімен жүру керек. Оларды сақтау – табыс пен түсіністіктің кепілі.

 

УНИВЕРСИТЕТКЕ ЖИНАҚЫ КИІНІП КЕЛІҢІЗ– себебі, Сіздің сырт келбетіңізге қарап, білім алуға келген студент екеніңізді кез-келген адам түсіну керек. Кішкене құпияны аша кетсек: жинақы киінген студент ұстаздар мен университет қызметкерлері тарапынан түсіністік пен ыстық ықыласқа ие болады. Киім кигенде шектен тыс ашық түсті киінбеуге тырысыңыз. Қыз балаларға косметика мен бұйымдарды шектен тыс қолданбауға кеңес береміз.

 

ЖАН-ЖАҒЫҢЫЗДАҒЫ АДАМДАРҒА СЫЙЛАСТЫҚ ТАНЫТЫҢЫЗ –

егер кіре беріс есікте кӛп адамдар жиналып қалса, жігіттер қауымы қыз балаларға жол беруі керек, ал студенттер – университет қызметкерлерін ӛткізіп жіберуі тиіс. Егер дәл сол уақытта Сізден емтихан қабылдайтын мұғаліміңізге жол берсеңіз Сізден асқан сыпайы адам жоқ! Университетке кіргенде жігіттер қауымы бас киімдерін шешіп, ал сырт киімді барлық студенттер гардеробқа ӛткізу керек. Коридорда ары-бері жүгіруге, кез-келген жерге отыра салуға болмайды. Егер сізге шұғыл түрде жұмыс жасауға, сабақ орындауға орын керек болса кітапхананың есігі әрқашан ашық. Лифтке кірерде студенттер университет қызметкерлері мен оқытушыларға, жігіттер – қыздарға, кішілер - үлкенге жол беруі тиіс. Кӛпшілік ортада ұялы телефонмен қатты сӛйлесуге, барлық дауыста музыка тыңдауға тыйым салынады.

 

ВАХТАДАН ӚТЕРДЕкүзет қызметкеріне студенттік билетіңізді немесе жеке бас куәлігін кӛрсетуді ұмытпаңыз. Университетке келудегі мақсатыңызды айтыңыз. Аталған құжаттар болмаған жағдайда Сіз университетке кіре алмайсыз. Сонымен қатар, күзетшімен, киімді ӛткізерде – гардероб қызметкерімен амандасуды ұмытып кетпеңіз! Кӛпшілік ортада романтикалық


қатынастарыңызды ысырып қойыңыз. Себебі, бұл Сіздің айналадағы адамдарға сыйластықпен қарамайтындығыңызды кӛрсетеді.

 

КІММЕН ҚАЛАЙ СӚЙЛЕСУ КЕРЕКТІГІН ҦМЫТПАҢЫЗ:ӛз ойыңызды

анық жеткізіңіз, жаргон сӛздерді қолданбауға тырысыңыз! Оқытушымен сӛйлескенде ӛте сыпайы болуды естен шығармаңыз. Сонымен қатар, университетте қалай болса солай сӛйлеуге болмайтынын ескертеміз!

 

САБАҚҚА УАҚЫТЫНДА КЕЛІҢІЗ:студенттер аудиторияға оқытушыдан бұрын келуі тиіс. Егер Сіз кешіккен жағдайда, есікті жай ашып, оқытушымен амандасып,кешіккеніңіз үшін кешірім сұраңыз. Рұқсат алған жағдайда жылдам және студенттердің назарын ӛзіңізге аудармай орныңызға барып отырыңыз.

Аудиторияға кірерде ұялы телефоныңызды ӛшіріп қоюды ұмытпаңыз. Сабақ үстінде бӛгде дыбыстар, сонымен қатар шулау, қатты сӛйлеу, музыка тыңдау сабақ ӛтуге кедергі келтіреді. Егер Сіздің оқытушыға қояр сұрағыңыз болса қол кӛтеріп сұрай беріңіз. Есіңізде болсын, оқытушы Сізді аудиториядан тәртіп бұзған жағдайда шығаруға құқылы! Бұл жағдайда оқытушыдан үндемей кешірім сұраңыз, оқиғаның шиеленісіп кетуіне жол бермеңіз!

 

ОҚУ ҒИМАРАТЫНДА ТАЗАЛЫҚ САҚТАҢЫЗ– университетте кез-келген қоқысты тастауға арналған орындар бар. Университет қабырғаларына Сіздің шығармашылық қабілетіңізді кӛрсететін суреттер салуға, шимайлауға тыйым салынады. Бұл Сіздің тәрбиесіздігіңізбен қатар, университетті материалдық шығынға ұшыратасыз.

 

Университетте рұқсат берілмеген хабарландыруларды ілуге тыйым салынады. Егер стендке студенттер мен қызметкерлерге қызықты ақпарат ілгіңіз келсе, тәрбие жұмысы жӛніндегі проректордың рұқсатын алу қажет.

 

Университет пен жатақханада темекі шегуге тыйым салынады. Бұл ережені сақтау қатаң бақыланады, ереже бұзғандарға тәртіп жӛніндегі қатаң жаза қолданылады. Сонымен қатар, алкогольді ішімдік ішкен күйде жүру университетте тыйым салынады.

 

Жоғарыда аталған ережелерді қатаң ұстануға тырысыңыз, әрқашан тек жақсылық жасауға ұмтылыңыз – басқалар да Сізге сондай жауап қайтарады. Қандай жағдай болмасын, Сіз Алматы технологиялық университетінің студенті атанып, ӛмірдің бір сатысына кӛтерілдіңіз!

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 77; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.198 (0.007 с.)