Дербес компьютердің сыртқы қҧрылғылары 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Дербес компьютердің сыртқы қҧрылғылары

Поиск

Дербес компьютердің сыртқы құрылғылары кӛмекші операцияларды орындауға арналған. Олар мынадай түрлерге бӛлінеді:

· Мәліметтерді енгізу құрылғысы;

· Мәліметтерді шығару құрылғысы;

· Мәліметтерді сақтау құрылғысы;

· Мәліметтерді алмастыру құрылғысы.

Мәліметтерді енгізу қҧрылғысы.Ақпарат пен басқару командаларын енгізетін негізгі құрылғыларға пернетақта (клавиатура),графикалық курсормен басқарылатын құрылғы "тышқан" қолтетігіжәне графикалық немесе мәтінді ақпараттарды оқуға арналған оптикалық құрылғы - сканержатады. Енгізу функцияларын жарық қаламҧштары, жарық сезгіш планшеттер, компьютерлік ойындарда қолданылатын қолмен басқарылатын тетік - джойстикте орындайды.

Мәліметтерді шығару қҧрылғысы - бейнемонитор. Бейнемонитор екі құрылғыдан тұрады: мониторжәне бейнеадаптер. Бейнеадаптер (Видеокарта) -бейне құрушы символдарды, график және түрлі түстерді түзетін сигналдарды монитор экранына жіберетін интегралдық микросхема.

Монитор- ЭЕМ-ге міндетті түрде қажет сыртқы құрылғы, ол компьютердің жедел жадында ӛңделетін ақпаратты экранда кӛру үшін қажет. Экран түстеріне қарай дисплейлер монохромды(ақ-қара түсті) және тҥрлі-тҥстіболып, ал экранға шығарылатын ақпарат түрлеріне байланысты символдық (тек символдық ақпарат) және графиктік (символдық және оған қоса графиктік ақпарат) болып бӛлінеді. ЭЕМ-нің бейнелік құрылғысы екі бӛліктен: монитормен адаптердантұрады. Біз тек мониторды кӛреміз, ал адаптер ЭЕМ қорабының ішінде орналасқан мониторды басқару блогы.

Экранда бейненің кӛріну сапасы және нүктелердің экранда бір түсті не түрлі- түсті боялып кӛрсетілуі бейнеадаптердің үлгісіне байланысты (2-кесте).

 

2 - кесте Бейнеадаптер үлгілері

Бейнеадаптер үлгілері

Экран сыйымдылығы

Мәтіндік

режим

Графикалық режим

CGA - Color graphics Adapter

80х25,

16 түс

320x200,

4 түс

EGA - Enhanced Graphics Adapter

80х25,

16 түс

640-350,

16 түс

VGA - Video Grapich Array

80х25,

16 түс

720х350,

16...256 түс

SVGA - SuperVGA

80х25,

16...256 түс

800х600,

16..256 түс

 

Соңғы кездерде кӛбірек пайдаланатын бейнеадаптер – SVGA, басқа адаптерлерге қарағанда бағасы қымбат, онда пайдаланатын түстердің саны кӛп және мониторда символдар мен нүктелер экранда анығырақ кӛрінеді. Соңғы кездерде шығарылған  Pentium                                 типті дербес компьютерлерде осы бейнеадаптер орналастырылған.

Сканер -құжаттан шығарылған сәулені қабылдап, олардан цифрлы сигналдар құрастыратын, түрлі мәтіндерді, суретті, графикалық кескіндерді, фотосуреттерді қағаз бетінен компьютерге енгізуге арналған оптикалық құрылғы. Сканермен жұмыс істеу


үшін арнайы драйвері болуы тиіс. Сканер арқылы компьютерге енгізілген мәтінді редакторлеп, ӛзгеріс жасау үшін, мәтінді Fine Reader программасы арқылы Word мәтіндік редакторының терезесіне жіберу керек.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 77; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.146 (0.009 с.)