ПП – Қолданбалы программалар пакеті 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

ПП – Қолданбалы программалар пакеті

Поиск

ГЛОСАРИЙ

БӚЖ-Білім алушының ӛзіндік жұмысы.

ОББӚЖ-Оқытушының басқаруымен білім алушыныңӛзіндік жұмысы АЖ – Ақпараттық жүйе

ҚПП – Қолданбалы программалар пакеті

TCP – транспорттық деңгейдегі хаттама IP – адрестік хаттама

LAN - Local Area Network WAN - Wide Area Network

MAN - Metropolitan Area Network АТЖ - Аймақтық таратылған желілер


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ИНЖИНИРИНГ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ФАКУЛЬТЕТІ

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР КАФЕДРАСЫ

5В070300–«Ақпараттық жҥйелер» мамандығына арналған ТК МК 1202 - «Мамандыққа кіріспе» пәні бойынша

Дәрістер кешені

Алматы, 2017 ж.


Дәріс -1. Жҥйе. Ақпараттық жҥйелер.

Жүйе болып кез келген объект түсініледі. Ол бір бүтін сияқты, сонымен қатар әр тектес элементтер жиынтығының қойылған мақсатына жету негізіне біріктірілген болып қарастырылады. Жүйе құрамы бойынша да, басты мақсаты бойынша да бір- бірінен ерекшеленеді.

Информатикада «жүйе» түсінігі кең таралған. Кӛптеген жағдайда ол техникалық жабдықтар мен программалар жиынтығына қолданылады. Жүйе болып компьютердің аппаратты бӛлігі аталуы мүмкін. Жүйе, сонымен қатар кӛптеген есептерді басқару мен енгізу процедураларымен толықтырылған қолданбалы есептерді шешуге арналған программа болуы мүмкін.

«Жүйе» түсінігіне «ақпараттық» сӛзінің қосылуы оның құрылу және жұмыс істеу мақсатын кӛрсетеді. Ақпараттық жүйелер есептерді шешуде шешім қабылдау процесіне қажетті ақпараттарды жинау, сақтау, ӛңдеу, іздеу, беруді қамтамасыз етеді. Олар мәселелерді анализдеуге және жаңа ӛнімдер құруға кӛмектеседі.

Ақпараттық жҥйе– қойылған мақсатқа жету үшін ақпараттарды сақтау, ӛңдеу және беруге пайдаланатын әдістер мен қызметші әдістердің ӛзара байланысқан жиынтығы.

Ақпараттық жүйенің қазіргі түсінігі дербес компьютердің ақпараттарды қайта ӛңдеудің негізгі техникалық әдістері ретінде пайдалануды қамтамасыз етеді. Ірі ӛндірістерде дербес компьютерлермен қатар ақпараттық жүйенің техникалық қоры құрамына мэйнфрейм немесе суперЭЕМ кіреді.

«Жүйе» түсінігі – бұл абстрактілі ұғым, оның кӛптеген анықтамалары бар. Жүйе біздің миымызда, объективті ӛмірде бар. Олар сонымен қатар адамдармен құрылуы мүмкін. Мысалы, математика абстрактілі ғылыми жүйе болып табылады.

Жүйені бір-бірімен байланысқан және бір-біріне әсер ететін элементтер тобы ретінде анықтауға болады, олар бір бүтін немесе бір мақсатқа жету үшін құрылған компоненттер тобы ретінде құрылады.

Жүйеге келесі компоненттер кіреді:

1. Құрылым – жүйенің кӛптеген элементтері және олардың арасындағы байланыс. Құрылымның математикалық моделі граф болып табылады.

2. Кіріс және шығыс – жүйеге келіп түсетін және онымен шығатын материалды жиынтық немесе хабартар жиынтығы.

3. Жүйені жүргізу заңдылығы– жүйенің кіріс пен шығыс ӛзгерістерін байланыстыратын функция.

4. Мақсат және шектеу.




Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 69; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.156 (0.006 с.)