Бап. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жҥйелерді қорғаудың мақсаттары
41-бап. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жҥйелерді қорғаудың мақсаттары
1. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді қорғау:
1) электрондық-ақпараттық ресурстардың тұтастығын және сақталуын қамтамасыз ету, оларды рұқсатсыз ӛзгертуге немесе жоюға жол бермеу;
2) қолжетімділігі шектелген электрондық ақпараттық ресурстардың құпиялылығын сақтау;
3) электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізу құқығын іске асыру;
4) электрондық ақпараттық ресурстарды ӛңдеу және оларды беру құралдарына рұқсатсыз ықпал етуге жол бермеу мақсатында құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық (бағдарламалық-техникалық) шараларды қабылдауды білдіреді.
2. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді қорғау:
1) электрондық ақпараттық ресурстарды құрсаулау, яғни ақпараттық жүйеге және ол ұсынатын электрондық ақпараттық ресурстарға қолжетімділікті шектеуге немесе жабуға әкелетін іс-қимылдар жасау;
2) электрондық ақпараттық ресурстарды түрлендіру, яғни бағдарламаға, деректер қорына, материалдық жеткізушідегі мәтіндік ақпаратқа ӛзгерістер енгізу;
3) электрондық ақпараттық ресурсты кӛшіру, яғни ақпаратты басқа материалдық жеткізушіге ауыстыру;
4) құқық иесінің рұқсатынсыз бағдарламалық ӛнімдерді пайдалану;
5) ақпараттық жүйелердің және (немесе) бағдарламалық ӛнімдердің жұмысын бұзу, не ақпараттық-коммуникациялық желінің жұмыс істеуін бұзу жӛнінде рұқсатсыз іс-қимылдарды болғызбауға бағытталған.
42-бап. Электрондық ақпараттық ресурстарды қорғауды ҧйымдастыру
1. Электрондық ақпараттық ресурстарды қорғауды:
1) жалпыға бірдей қолжетімді электрондық ақпараттық ресурстарға қатысты - электрондық ақпараттық ресурстарды тарататын тұлға;
2) қолжетімділігі заңмен шектелген электрондық ақпараттық ресурстарға қатысты
- осындай электрондық ақпараттық ресурстары бар меншік иесі, иеленуші немесе ақпараттандыру саласының операторы;
3) қолжетімділігін олардың меншік иесі немесе иеленушісі шектелген электрондық ақпараттық ресурстарға қатысты - электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иесі немесе иеленушісі ұйымдастырады.
2. Осы баптың 1-тармағында аталған тұлғалар:
1) электрондық ақпараттық ресурстарға рұқсатсыз қол жеткізуді болғызбауды;
2) егер мұндай рұқсатсыз қол жеткізуді болғызбау мүмкін болмаса, электрондық ақпараттық ресурстарға рұқсатсыз қол жеткізу фактілерін уақтылы анықтауды;
3) ақпаратқа қол жеткізу тәртібін бұзудың қолайсыз салдарын барынша азайтуды;
4) электрондық ақпараттық ресурстарды ӛңдеу мен беру құралдарына ықпалды болғызбауды;
5) рұқсатсыз қол жеткізу салдарынан ӛзгертілген не жойылған электрондық ақпараттық ресурстарды жедел қалпына келтіру мүмкіндігін қамтамасыз ететін шараларды қабылдауға міндетті.
Ескерту. 42-бапқа ӛзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
|