Тәжірибелік сабақ-2.Оқу процесін ҧйымдастыру 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Тәжірибелік сабақ-2.Оқу процесін ҧйымдастыру

Поиск

Есіңізде болсын: осының бәрі Сіздің оқу ҥлгеріміңіз жоғары деңгейде болғанда ғана                                                               жҥзеге                                                      асады!


Тәжірибелік сабақ-2.Оқу процесін ҧйымдастыру

3.1. Кредиттік технология бойынша оқытудың жалпы ережелері

Ұлттық білім берудің оқу бағдарламаларын халықаралық тану, университеттің білім алушылары мен оқытушыларының ұтқырлығын қамтамасыз ету, сондай-ақ білім беру сапасын арттыру және білім берудің барлық деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ету үшін Алматы технологиялық университетінде бірыңғай кредиттік оқыту технологиясы іске асырылады.

 

Алматы технологиялық университетінде оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде бакалавриаттың 22 мамандығы бойынша жүргізіледі.

Бакалавриат мамандықтарының тізімі

Мамандықтың коды және атауы

5В012000 – Кәсіптік білім беру

5В042100 – Дизайн

5В050600 – Экономика

5В050700 – Менеджмент

5В050800 – Есеп және аудит

5В050900 – Қаржы

5В051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару

5В060800 – Экология

5В070100 – Биотехнология

5В070200 – Автоматтандыру және басқару

5В070300 – Ақпараттық жүйелер

5В070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

5В072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы

5В072400 – Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)

5В072600 – Жеңіл ӛнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы

5В072700 – Азық-түлік ӛнімдерінің технологиясы

5В072800 – Қайта ӛндеу ӛндірісінің технологиясы (сала бойынша)

5В073200 – Стандарттау, сертификаттау және метрология

5В073300 – Тоқыма материалдарының технологиясы мен жобалануы


5В090200 – Туризм

5В090400 – Әлеуметтік-мәдени қызмет кӛрсету

5В091200 – Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі

Кредиттік оқыту технологиясы білім алушы мен оқытушының оқу жұмысы кӛлемінің біріздендірілген ӛлшем бірлігі ретінде кредитті қолдану арқылы, білім алушының пәндерді таңдауы және реттілікпен оқуын ӛз бетінше жоспарлауы негізінде жүзеге асырылады.

 

Кредиттік оқыту технологиясы кезінде оқу жұмысының еңбек сыйымдылығының есебі кредит арқылы ӛлшенетін оқытылатын материалдың кӛлемі бойынша жүзеге асырылады.

 

Кредиттік оқыту технологиясы білім берудің барлық деңгейлері бойынша бұрын меңгерілген кредиттердің ӛспелі есебін білдіретін жинақтаушы болып табылады.

 

Кредиттік жүйемен оқытуда тӛмендегідей негізгі ұғымдар мен анықтамалар қолданылады:

 

1) академиялық кҥнтізбе (Асаdеmіс Саlеndar)- оқу жылы бойына демалыс күндерін (каникулдар мен мерекелерді) кӛрсете отырып, оқу және бақылау іс-шараларын, кәсіби практикаларды                                           ӛткізу                                            күнтізбесі;

 

2) академиялық кезең (Теrm)- үш нысанның біреуін таңдайтын ӛз білім беру ұйымының еркімен белгіленетін теоретикалық кезең: семестр, триместр, тоқсан;

 

3) академиялық ҧтқырлық– білім алушыларды немесе оқытушы-зерттеушілерді белгілі бір академиялық кезеңге: семестр немесе оқу жылына ӛзге жоғары оқу орнына (ел ішінде немесе шетелде) игерген білім бағдарламаларын міндетті түрде кредит түрінде сынақ ретінде тапсыра отырып ӛз ЖОО-сында немесе ӛзге ЖОО-да білімін жалғастыру немесе           зерттеулер жүргізу             үшін            ауыстыру;

 

4) академиялық еркіндік– білім беру үрдісінің субъектілеріне оларды таңдау бойынша жиынтық пәндерден, оқытудың қосымша түрлерінен білім мазмұнын дербес анықтау үшін және білім алушылардың, оқытушылардың шығармашылық дамуына және оқытудың инновациялық технологиялары мен әдістерін қолдануға жағдай жасау мақсатында білім беру қызметін ұйымдастыру үшін ұсынылатын білім беру процесі субъектілерінің                                     ӛкілеттіктер                                     жиынтығы;

 

5) білім алушының академиялық рейтингі (Rating)– аралық аттестаттау нәтижелері бойынша жасалатын білім алушының оқу бағдарлама пәнін игеру деңгейінің сандық кӛрсеткіші;

 

6) академиялық деңгей (Degree)– қорытынды аттестаттау нәтижелері бойынша, тиісті оқу бағдарламаларын меңгерген білім алушыларға білім беру ұйымдары тағайындайтын дәреже;

 

7) академиялық сағат- кесте бойынша оқу сабақтардың (аудиториялық жұмыс) барлық түрлерi немесе жеке бекiтiлген графика бойынша білім алушылардың


оқытушымен                     байланыс                     жұмысының                    уақыты;

 

8) белсенді ҥлестірмелі материалдар (КҤМ) (Hand-оuts)- білім алушының тақырыпты шығармашылықпен табысты меңгеру үшін оқу сабақтарында таратылатын кӛрнекі безендірілген материалдар (дәріс тезистері, сілтемелер, слайдтар, мысалдар, глоссарийлер, ӛз бетінше жұмыс істеуге арналған тапсырмалар);

 

9) білім алушыларды қорытынды аттестаттау (Qualification Eхamination)- мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында қарастырылған оқу пәндерінің игеру дәрежесін немесе кӛлемін анықтау мақсатында ӛткізілетін рәсім;

 

10) білім алушыларды аралық аттестаттау- білім алушының емтихан сессиясы кезеңінде бір пәннің толық кӛлемін немесе бір бӛлігінің мазмұнын аяқтап болғаннан кейін оның игеру сапасын бағалау мақсатында ӛткізілетін рәсім;

 

11) білім алушылардың ӛзіндік жҧмыстары (бҧдан әрі - БӚЖ)- ӛз бетінше оқуға берілген, оқу-әдістемелік әдебиеттермен және ұсынымдармен қамтамасыз етілген, тест, бақылау жұмыстары, коллоквиумдар, рефераттар, шығармалар мен есеп берулер түрінде бақыланатын тақырыптардың нақты тізбесі бойынша жасалатын жұмыс; білім алушының санатына қарай ол студенттің ӛзіндік жұмыстары (бұдан әрі - СӚЖ), магистранттың ӛзіндік жұмыстары (бұдан әрі - МӚЖ) және докторанттың ӛзіндік жұмыстары (бұдан әрі - ДӚЖ) болып бӛлінеді; БӚЖ-дің барлық кӛлемі білім алушылардан күнсайын ӛзіндік жұмыстарды талап ететін тапсырмалармен расталады;

 

12) білім алушылардың оқудағы жетістігі- білім алушылардың оқу үдерісінде алатын және жеке тұлғаның қол жеткізген даму деңгейін кӛрсететін білімі, іскерліктері мен   дағдылары,                            құзыреті;

 

13) білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылау- жоғары оқу орындары дербес анықтайтын бақылау мен аттестаттаудың әртүрлі нысандары арқылы (ағымдық, межелік, қорытынды) білім алушылардың білім деңгейін тексеру;

 

14) білім алушылардың ҥлгеріміне ағымдық бақылау– академиялық кезең ішінде, оқытушымен ӛткізілетін аудиториялық және аудиториялардан тыс сабақтарда білім алушылардың білімін оқу бағдарламасына сәйкес жүйелі түрде тексеру;

 

15) екі дипломдық білім– екі тең бағалы диплом (Double Major) немесе бір негізгі және екінші қосымша диплом (Major Minor) алу мақсатында екі оқу жоспары (білім беру бағдарламалары) бойынша параллельді білім алу мүмкіндігі;

 

16) Еуропалық трансферт (аударым) және несиелік жинақтау жҥйесі (ECTS)- білім беру траекториясы, оқу орны және оқыту елі ауысқан жағдайда білім алушылардың игерген оқу пәндерін (кредит мен бағаларын қоса алғанда) салыстыру және қайта сынақтан ӛткізуде пайдаланылатын білім беру бағдарламалары компоненттеріне сынақ бірліктерін                           (несие)                           белгілеу                           әдісі;

 

17) жеке оқу жоспары- білім алушымен ҮОЖ және элективті пәндердің каталогы негізінде эдвайзердің кӛмегімен әрбір оқу жылына дербес жасалатын оқу жоспары;

 

18) кредит (Credit, Credit-hour)– білім алушының/оқытушының оқу жұмысы кӛлемін ӛлшейтін                                         сәйкестендірілген                                         бірлігі;


19) кредиттік оқыту технологиясы- білім алушы мен оқытушының оқу жұмысы кӛлемінің біріздендірілген ӛлшем бірлігі ретінде кредитті қолдану арқылы, білім алушының пәндерді таңдауы және реттілікпен оқуын дербес жоспарлауы негізінде оқыту;

 

20) қорытынды бақылау– емтихан түріндегі аралық аттестаттау кезеңінде жүргізілген оқу пәні бағдарламасын бағалау сапасының мақсатын игеру, білім алушылардың оқудағы жетістігін бақылау; егер бірнеше академиялық кезеңдер барысында пәндер оқытылатын болса, онда оқытылған нақты академиялық кезеңде, пәндерге бӛлімдер бойынша, қорытынды бақылау жүргізіледі;

 

21) межелік бақылау –бір оқу пәнінің ірі бӛлімін (модулін) аяқтағанда білім алушылардың                       оқу                       жетістіктерін                       бақылау;

 

22) оқу пәнiне жазылу (Enrollment)– білім алушылардың оқу пәніне белгілі бір тәртіппен                   алдын                    ала                    жазу                    рәсімі;

 

23) оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жҥйесі- халықаралық тәжірибеде қабылданған әріптік жүйедегі сандық эквивалентіне сәйкес келетін және білім алушылардың рейтінгін белгілеуге мүмкіндік беретін балл түріндегі оқу жетістіктерінің  деңгейін                            бағалау                         жүйесі;

 

24) тіркеу Офисі- білім алушылардың оқудағы жетістіктерінің барлық тарихын тіркеумен айналысатын және білімін бақылаудың барлық түрлерін және оның академиялық рейтингісіне есеп жасауды ұйымдастыруды қамтамасыз ететін академиялық   қызмет;

 

25) оқытушының басшылығымен жҥргізілетін білім алушының ӛзіндік жҧмысы (бҧдан әрі - ОБӚЖ)– бекітілген кесте бойынша оқытушының басшылығымен жүргізілетін білім алушының аудиториядан тыс жұмысы; білім алушының санатына қарай ол: оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттің ӛзіндік жұмысы (бұдан әрі - ОСӚЖ), оқытушының басшылығымен жүргізілетін магистранттың ӛзіндік жұмысы (бұдан әрі - ОМӚЖ) және оқытушының басшылығымен жүргізілетін докторанттардың ӛзіндік жұмысы (бұдан әрі - ОДӚЖ) болып бӛлінеді;

 

26) оқу ҥлгерімінің орташа балы (Grade Point Average - GРА)– (ағымдық оқу кезеңі бойынша кредиттердің жалпы санына қарай аралық аттестаттау пәндерінің балдық бағасының сандық эквиваленті мен кредиттер сомасының қатынасы) білім алушының таңдаған бағдарлама бойынша бір оқу жылындағы қол жеткізген оқу үлгерімінің таразыланған                                              орташа                                              бағасы;

 

27) оқу жҧмыс жоспары(бұдан әрі - ОЖЖ) - мамандықтың ҮОЖ және білім алушының жеке оқу жоспары негізінде білім беру ұйымдары дербес әзірлейтін құжат;

 

28) пәннің сипаттамасы (Curse Description)- пәннің мазмұнын, мақсаттары мен міндеттерін, қысқаша нысанды қамтитын пәннің қысқаша сипаттамасы (5-8 сӛйлемнен тұрады);

 

 

29) пререквизиттер (Рrereguisite)- оқылатын пәнді игеру үшін қажетті білім, икемділіктер             мен             дағдыларды             қамтитын             пәндер;


30) постреквизиттер (Роstreguisite)- аталған пәнді оқыту аяқталғанда оларды зерделеу үшін меңгерілген білім, икемділіктер мен дағдыларды қажет ететін пәндер;

 

31) пәндер бағдарламасы (Syllаbus)- оқитын пәннің сипаттамасын, мақсаттары мен міндеттерін, оның қысқаша мазмұнын, оның үйренуі тақырыбы мен ұзақтығын, ӛзіндік жұмыс тапсырмаларын, кеңес беру уақытын, білім алушылардың білімін тексеру кестесін, оқытушы талаптарын, бағалау ӛлшемдерін қамтитын оқу бағдарламасы және әдебиеттер  тізімі;

 

32) транскрипт (Тrаnsсrірt)– білімді бағалаудың сандық және әріптік жүйесі бойынша кредиттері мен бағалары кӛрсетілген тиісті кезеңде ӛтілген пәндердің тізбесі бар құжат;

 

33) тьютор– студенттің нақты пәнді игеруі бойынша академиялық кеңесші рӛлін атқаратын                                                                                                               оқытушы;

 

34) ҥлгілік оқу жоспары(бұдан әрі - ҮОЖ) - білім берудің кәсіптік оқу бағдарламасының оқу пәндерінің тізбесі мен кӛлемін, оларды оқытудың тәртібін және бақылау  нысандарын           реттейтін                             құжат;

 

35) элективтік пәндер– белгіленген кредит шеңберінде және білім беру ұйымы енгізетін таңдау бойынша, білім алушылардың жеке дайындығын кӛрсететін әлеуметтiк-экономикалық дамытудың ерекшеліктерін және нақты ӛңірдің, жоғары оқу орындарында ғылыми мектеп пайда болатын қажеттiліктерін есепке алатын компонентке  кiретiн  оқу                                     пәндерi.

 

36) эдвайзер (Аdvisor)- тиісті мамандық бойынша білім алушының академиялық тәлімгерінің қызметін атқаратын, оқу траекториясын таңдауына (жеке оқу жоспарының қалыптасуына) және оқу кезеңінде білім беру бағдарламаларын игеруіне ықпал ететін оқытушы;

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 67; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.009 с.)