Эдвайзер-куратордың                 атқаратын                 міндеттері 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Эдвайзер-куратордың                 атқаратын                 міндеттері

Поиск

1.

Эдвайзер-куратор – тиісті мамандық бойынша білім алушының тәлімгері ретінде оқыту траекториясын таңдауға (жеке оқу жоспарын қалыптастыруға), оқу барысында білім беру бағдарламасын игеруге ықпал жасайтын және университетте мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыратын оқытушы.

2.

Эдвайзер-куратор білім алушының академиялық мүддесін қорғайды және оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша барлық қажетті ақпараттық материалдарды даярлап, білім алушыға жеткізеді. Оның жеке оқу жоспарын жасауға және түзетуге кӛмектеседі.

3.

Академиялық топтың эдвайзер-кураторлығына кемінде 2 жылдық еңбек ӛтілі бар оқытушы тағайындалады. Эдвайзер-кураторларды уақтылы тағайындау жауапкершілігі декандарға жүктеледі.


4.

Тіркеу кезінде эдвайзер-куратор ұйымдық-әдістемелік және кеңес беру жұмысын атқарады.

5.

Эдвайзер-куратор жұмыс оқу жоспары және пәндер каталогымен жұмыс жасау негізінде, білім алушыға пәндерді және оқытушыларды таңдауға кӛмектеседі.

6.

Эдвайзер-куратор болашақ мансап мәселесін шешуде, ғылыми зерттеулердің бағытын анықтауда, ғылыми жетекші мен біліктілік жұмыстарының тақырыбын таңдауда, кәсіптік тәжірибе ӛту базасын анықтауда кеңес бере алады.

7.

Эдвайзер-куратор бүкіл оқыту мерзімінде білім алушыларға жетекшілік жасайды.

8.

Курстың, факультеттің ерекшелігін және академиялық топтың мүдделерін қарастыра отырып, осы Ережемен және қолданыстағы нормативтік-нұсқаулық құжаттарымен белгіленген мәселелер бойынша ӛзіне бекітілген білім алушылармен жеке және ұжымдық кездесулер ескерілген жұмыс жоспарын жасайды.

9.

Білім беру бағдарламасын меңгеруге және білім алу траекториясын жасауға кӛмектеседі.

10.

Білім алушыларға жеке оқу жоспарын (ЖОЖ) жасауға кӛмектеседі. Қажет болған жағдайда, білім алушының жеке оқу жоспарына ӛзгерістер еңгізуге кӛмектеседі.

11.

Бекітілген білім алушылардың үлгеріміне бақылау жүргізеді, тіркеу бӛліміндегі ӛз факультетінің тіркеушісімен тікелей жұмыс атқарады. Білім алушылардың паспорттарын жүргізеді.

12.

Білім алушының ЖОЖ-на енгізілген арнаулы пәндер шеңберінде эдвайзер-куратордың тиісті ғылыми ой-ӛрісі болуы қажет. Ол корпоративтік және кәсіптік этика ережелерін басшылыққа ала отырып, ПОҚ және білім алушылармен қарым-қатынас орнатып, ӛз жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауы керек.

13.

Білім алушылардың бекітілген жеке оқу жоспарларын орындауына жауапты.

14.

Академиялық үлгерімді жақсарту, тәртіп және сабаққа қатысу, унивеситеттің қоғамдық жұмыстарына қатысуға ынталандыру және т.б. мәселелер бойынша ӛзіне бекітілген білім алушылармен тәрбие жұмысын жүргізеді.

15.

Эдвайзер-куратор студенттердің талап-тілектерін, ішкі реттілік пен оқу тәртібінің бұзылу фактілерін кафедраға, деканатқа және университеттің қоғамдық ұйымдарына жеткізіп отырады.

16.

Ӛз жұмысы туралы кафедра мәжілісінде жыл сайын есеп береді.


17.

Эдвайзердің кеңес беру қызметіне:

 

·

білім алушыларды білім беру үдерісін ұйымдастыру ережелерімен таныстыру;

·

білім алушылардың басымдылықтарын, бейімділік пен мүмкін-шіліктерін анықтау;

·

типтік, жұмыс оқу жоспарлары және элективтік пәндер каталогімен, міндетті және таңдалмалы пәндер тізімін жасау талаптарымен, курстың пререквизиттері мен постреквизиттерімен таныстыру;

·

білім берудің несиелік технологиясының жұмыс істеу және жүзеге асу негіздерін, еңбекшығын кӛлемін есептеуді бірегей бағалау ретіндегі несиелерді анықтау және оларды игеру тәсілдерін түсіндіру жатады.

 

 

18.Эдвайзер-куратор:

 

· барлық пәндер бойынша ағымдағы, аралық, және қорытынды бақылау жүргізу ережелерінің сақталуын тексеруге;

·

білім алушылардың академиялық жағдайы мен үлгеріміне қатысты мәселелерді қарайтын комиссиялардың (кеңестердің) жұмысына қатысуға;

·

ӛзіне бекітілген білім алушылардың үлгерімін қадағалауға;

·

университет әкімшілігінің немесе қоғамдық ұйымдардың оқу тобындағы студенттің дербес ісі бойынша шешімін жасауға қатысуға;

·

университетте тәрбие жұмыстарының инновациялық түрлері мен әдістерін қолдану жӛнінде ұсыныстар енгізуге құқылы


Тәжірибелік сабақ-3.Оқудың формалары мен түрлері. Оқу процесінің негізгі этаптары.

 

Оқу формалары

 

1. Оқу формасы түсінігі

2. Оқу формаларының қалыптасуы мен жетіліп баруы

3. Оқу процесін ұйымдастыру формалары

4. Оқу түрлері

 

1. Оқу формасы түсінігі

Студенттердің білім мазмұнын игеру іс-әрекеттері әр түрлі формада жүзеге асады. Оқуға байланысты форма екі мағынада қолданылады: 1) оқу формасы;

2. Оқу-ұйымдастыру формасы.

Оқу тәжірибесінде келесідей оқу формалары қалыптасқан: жеке-дара, топтық, ұжымдық, жұптастық, дәрісханалық және дәрісханадан тыс.

Жеке-дара оқу формасы оқытушының бір студентпен педагогикалық қатынасқа келуінен құралады.

Оқудың топтық формасында оқушылар әр түрлі мақсатқа орайласқан топтарда оқиды, тәрбиеленеді.

Оқудың ұжымдық формасы. Бұл оқу түрінің фронталь оқу формасынан ӛзгешелігі: студенттер бірігіп ұжым ретінде бір мақсатта жұмыс жасайды.

Жұптасып оқуда негізгі ӛзара байланысты оқу әрекеттері екі студенттің қатысуымен орындалады.

Дәрісханалық және дәрісханадан тыс оқу жұмыстары белгіленген орындарда

ӛтеді.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 75; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.236 (0.007 с.)