Жастар Кеңесінің тӛрайымы – Шаухарова Мӛлдір Ермашқызы.
2012 жылы Жастар Кеңесі 13 жасқа толады! Сіз де біздің қатарға қосыла аласыз. Біз Сізді бас оқу корпусында 1117 кабинетте кҥтеміз. Біздің есігіміз сіздерге әрқашан ашық! Тел/факс:2924790
Жастар Кеңесінің тӛрайымы – Шаухарова Мӛлдір Ермашқызы.
«ТЕХНОЛОГ» ГАЗЕТІ
Газеттің негізгі міндеті университет қызметкерлері мен студенттерін ректораттың, Ғылыми Кеңестің, құрылымдық бӛлімшелер мен қоғамдық ұйымдардың жұмысы жайында хабардар ету, университеттің барлық негізгі жаңалықтарын жеткізу болып табылады. Басылым «Білім, мәдениеттілік, жан-жақтылық – Алматы технологиялық университеті түлегінің маркасы» атты концепцияны іске асырады. Газет А4 форматында айына 1 рет 500 данамен шығады.
Университеттің құрылымдық бӛлімшелерімен байланыс орната отырып ондағы барлық жаңалықтарды , сонымен қатар жалпыуниверситеттік іс-шаралардың жоспарын газет бетінде жариялайды. Газет Халықаралық байланыс бӛлімі, кітапхана, факультеттер,
студенттік кәсіподақ, оқытушылар мен қызметкерлер, сонымен қатар Жастар Кеңесімен тығыз байланыста.
Егер де Сіз креативті болсаңыз, мақала және ӛлең жазумен айналыссаңыз. Егер де Сіз біздің газеттің тілшісі болғыңыз келсе – біз Сізді күтеміз!
Жазбаша мақалаларыңыз мен ӛлеңдеріңіздің электронды нұсқасы мен жазбаша нұсқасын газет редакторына (523 кабинет) немесе Жастар Кеңесіне (1117 кабинет) тапсырыңыз. Біз Сізді күтеміз!
МЕДПУНКТ
Егер сіздің денсаулығыңыз сыр берсе, онда медпункттің есігі әрдайым ашық. Ол Бӛгенбай батыр 157 кӛшесі, АТУ №1 жатақханасының 2-қабатында орналасқан. Университеттің медбикесі – Сыздықбаева Светлана Сағатқызы. Студенттік емхана Бұқар жырау 14 (Ботаникалық бақша) кӛшесінде орналасқан.
|