Дәріс-8. Компьютер архитектурасына кіріспе.
Дәріс-8. Компьютер архитектурасына кіріспе.
Компьютер архитектурасының дамуы. Компьютер типтері.
Халық шаруашылығының түрлі салаларында пайдалануға болатын жұмыс істеу мүмкіндігі жоғары және әрекет жылдамдығы үлкен компьютерлерді дербес компьютердеп атаймыз. Қазіргі кездегі оқу орындар дербес компьютерлермен қамтамасыз етілген. Дербес компьютердің негізгі құрылғылары классикалық Нейман архитектурасына негізделген.
Дербес компьютердің (ДК) архитектурасыдегеніміз аппараттық құрылғылардың және программалық жабдықтардың жиынтығы, сол сияқты олардың ӛзара қатынасы мен дербес компьютерде жұмыс істеу кезіндегі ӛзара байланыс жүйелері.
Дербес компьютер бір-бірімен байланысты екі бӛлімнен тұрады: аппараттық қҧрылғылар (Нагdwаге), (1-сурет) және программалық жабдықтар(Sоftwаге)
1- сурет. Дербес компьютердің аппараттық құрылғылары
Жҥйелік блок–процессор, жад, адаптер, жүйелік шина, таймер, қоректену блогы мен енгізу-шығару порттары орналастырылған компьютердің негізгі бӛлімі, олар орналасқан тақша - жҥйелік тақшадеп аталады. Жүйелік блоктың ішіне орналасқан құрылғылар компьютердің ішкі қҧрылғыларыдеп, ал пернетақта, монитор, принтер, т.б. - сыртқы қҧрылғылардеп аталады.
Процессор– компьютерді басқару құрылғысы. Ол жадта орналасқан жүйелік программалар арқылы компьютер жұмысын автоматты түрде басқарады. Компьютердің
жылдамдығы, яғни жұмыс ӛнімділігі - процессордың бір секунтта орындай алатын қарапайым операция санымен ӛлшенеді. Компьютерлік жүйелерде компьютер жұмысының жылдамдығы үшін, оған балама етіп, электрондық схемалардың жұмыс ритмін ұйымдастыратын электр импульстерінің тактілік жиілігі алынған. Такт – тізбекті берілген екі сигнал арасындағы уақыт, яғни процессор орындайтын ішкі операцияға жұмсалған уақыт. Тактілік жиілік– процессорде 1 секунтта орындалатын такт саны, ӛлшем бірлігі – мегагерц (мгц). Процессор барлық есептеу және ақпарат ӛңдеу істерін орындайды. Бір интегралдық схемадан тұратын процессор - микропроцессордеп аталады.
Микропроцессор - компьютердің негізгі компоненті. Арифметикалық және логикалық операцияларды орындайды, қажетті программалық есептерді басқарады. Микропроцессор екілік разрядтармен ғана жұмыс істейді. Микропроцессор ӛңдей алатын сандардың максимум ұзындығы (разрядтар саны) - оның разрядтылығы.
Микропроцессор ҥлгілері.Қазіргі кездегі кәсіби дербес компьютерлерде пайдланылатын микропроцессорлар, типіне қарай 100 МГц–тен асатын тактілік жиілікпен жұмыс істей алады. (1 МГц=1000000 такт/сек).
Дербес компьютердің типі онда орналастырылған микропроцессордың модельдеріне сәйкес (Іntеl 8088, 80286, 803865Х, 80386ОХ, 80486, Реntuim маркалы) және жұмыс ӛнімділігімен (дәлірек айтқанда, тактілі жиілігі МГц-пен ӛлшенетін) анықталады. Процессорда жедел жад пен қатты дискінің мӛлшері маңызды рӛл атқарады. Микропроцессорға жедел және тұрақты жады, енгізу-шығару құрылғыларын қосуға болады. ІВМ тәрізді компьютерлерде INТEL фирмасының және басқа да фирмалардың бір-біріне үйлесімді микропроцессорлары пайдаланылады. Дербес компьютердің типтері 1-кестеде кӛрсетілген.
1- кесте ДК типтері мен мінездемесі
Процесс ор моделі
Жұмыс ӛнімділігі
Жедел жады Мӛлшері
Қатты диск (винчестер)
|