зiн-өзiтану сабағының жоспары 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

зiн-өзiтану сабағының жоспары

Поиск

«Тексерілді»

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: ___________________

                   Өзiн-өзiтану сабағының жоспары

Мектеп                       Мерзiмі:                         № 16 сабақ

Тақырып: АДАМНЫҢ ЕРКІНДІГІ

Құндылық:  

Қасиеттер:

Мұғалiм:

Сынып: 9

 

Сабақ мақсаты:

Оқушыларға «адамның еркіндігі » туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет, сүйіспеншілік құндылығының мәнін тереңдету.

Міндеттері:  

- Оқушыларға «адамның еркіндігі » туралы түсінік беру.

- Оқушыларды риясыз қызмет етуге үйрету.

- Оқушыларды қамқорлыққа , мейірімділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.

 

Ресустары

Мультимедиялық тақта, оқулық, дәптер, мақал-мәтел, дәйексөз, маркер,

аққағаз, гүл, жүрек, көбелек суреттері

                     Сабақ барысы

Сабақ барысын талқылау:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.

Тыныштық сәтi.

«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау. Баланың өзінің ішкі күйіне үңілуге,олардың саяхаттан алған әсерлерін сезінуге мүмкіндік беретін тыныштық сәті төмендегідей ұйымдастырылады.

-Балалар,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмыңдар.Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар өздеріңнің таныс ауылдарыңды бақылап, бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза,шипалы ауаны тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.

 

 

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Жақсылық Үшкемпіров, Олимпиада чемпионы: халыққа алғысымды осылай білдіргім келеді

Жадыра Аққайыр

 

 

3.Дәйексөз.

Ең тамаша әрекет – бақытқа қол жеткізетін еркіндік.

Әл-Фараби

 

4.Әңгiмелесу (сұхбат).

Жақсылық Үшкемпіров, Олимпиада чемпионы: халыққа алғысымды осылай білдіргім келеді

Жадыра Аққайыр

1 .Сұхбат кейіпкерінің «Өмірін күреске, бос уақытын жаттығуға

арнаса, әлбетте, нәтиже шығады. Шыңға шығудың оңай әдісі

болмайды» деген тұжырымынан қандай ой түйдіңіздер?

2. «Әркімнің несібесі, ырзығы бар, істеген ісін өлшеп, еңбегін

бағалайды» деген пікірді қалай түсіндіңіздер?

3. «Олимпиадаға дейін алдымызда екі үлкен біріншілік бар.

Сол жерде көк туымызды желбірететіндер көп болса екен»

деген сөздерден кейіпкердің бойындағы қандай қасиеттерді

байқауға болады?

4. Сіздің ойыңызша, ата кәсіпті қолға алу арқылы адам кейінгі

ұрпаққа үлгі бола ала ма?

5. Кейіпкер неліктен халыққа алғыс айтады? Халықтың оны

сыйлап жатқанын қайдан көруге болады?

6. Адамның бойындағы қандай қасиеттері оның адамдық

болмысын көрсетеді? Бұл орайда еркіндік қаншалықты

маңызды? Мысал келтіріңіздер.

7. Белсенді өмірлік ұстанымы бар адамның әрекетінде

жалпыадамзаттық қандай құндылықтар көрініс береді деп

санайсыз?

Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 56; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.006 с.)