орытындылау, соңғы тыныштық сәтi. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

орытындылау, соңғы тыныштық сәтi.

Поиск

5.Шығармашылық жұмыс

4-тапсырма. Ауған соғысының ардагері Бақытбек

Смағұлдың өлеңін оқып шығып, парыз, борыш сезімі туралы

түйген ойларыңызды сыныптастарыңыздың пікірімен

салыстырып, қорытындылаңыздар.

Оқушылар берілген тапсырмаларды орындай отырып, өздерінің сабақта түсінгендерін кеңейтеді, бекітеді

 6.Топпен ән айту.

Сендерге айтам, жас ұрпақ!

Сендерге айтам, жас ұрпақ!

Жауқазын ғұмыр, жасыл бақ.

Тәуелсіздігім бүгінгі,

Бабалар күткен ғасырлап.

Даламның мынау кеңдігі,

Бабаларымның өрлігі.

Таныса әлем қазақты,

Елбасымыздың ерлігі.

Сары алтын сынды сабырым,

Ақылға қайрат жаныдым.

Тозақты бір рет сезбеген,

Жұмақтың білмес қадірін.

Тәуелсіздігім тұғырлы,

Егемендігім бүгінгі,

Сыйлады, қалқам, сендерге

Жұмақтай мынау ғұмырды.

Қап-қара бұлттар түнерген,

Орнына оқтың гүл өнген,

Тыныштық деген не екенін,

Қан кешіп келген білем мен.

Түсіме енер өлгендер,

Ауғанда жанын бергендер.

Тесілген жүрек орынын,

Бекіте алмас ордендер.

Кешегі өткен асылдар,

Жарқылдап жанған жасындар.

Біздерге сенім жүктеді,

Бауыржан менен Қасымдар.

Осынау бейбіт күн үшін,

Шашылмау үшін ырысың,

Тәуелсіздігім – тынысым,

Жас ұрпақ – барша ұлысым,

Мәңгілік елдің жолында

Ұлт болып қалу – ұлы сын!

 

7.Үй тапсырмасы.

 

-Балалар,бүгінгі өзін-өзі тану сабағында кімдермен таныстық?                 (балалар өздері қорытындылайды) балалардың жауаптарын тыңдаймын.

-Балалар, енді бір сәт тынышталып, көзімізді

жұмайықшы. (әуенмен) Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... (сәл кідіріс жасаймын) Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, сақтап қойғанды елестетіп көріңдерші. (сәл кідіріс жасаймын) Е

лестетіп болсаңдар жайлап көздеріңді ашыңдар. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, сабақты жақсы оқыдыңдар, жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!

 

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 73; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.176 (0.006 с.)