Тін мен жасуша құрылымының трансплантациясы 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Тін мен жасуша құрылымының трансплантациясы

    Ағза трансплантациясымен қатар кеңінен тін мен жасуша құрылымының трансплантациясы жүргізіледі.

 Соның ішінде кеңінен таралған:

- Сүйек миының трансплантациясы қан ауруларының емінде, сәуле ауруы кезінде туындайтын бұзылыстарды коррекциялауға, онкологиялық ауруларға байланысты массивті химиотерапияда және т.б. қолданылады.

- Бүйрек үсті жасуша құрылымының, ұйқы безінің В-жазушасының, талақтың және т.б трансплантациясы: дүниеден өткен ұрықтан немесе жануар, соның ішінде шошқадан тиісті ағзаларды жинастырады. Ұрықтың белгілі бір даму сатысында антигендік қасиетінің болмауының маңызы зор. Жасушалар, арнайы өңдеуден өткізгеннен кейін қоректік орталарға отырғызылып, жасуша себіндісі алынады. Алынған себіндіні іштің тік бұлшықетіне енгізіп, әрі қарай талақ немесе бүйрек артериясына енгізіледі (анастомоз жасайды). Нәтижесінде қайта отырғызылған жасушалардың ұзақ функциональді белсенділігі анықталады. Иммуносупрессияні қажет етпейді.

- Талақ тінінің трансплантациясы: әдетте спленэктомиядан (талақ жыртылысы және т.б) кейін аутотрансплантацияны қолданады. Талақты жуып, арнайы әдіспен оны ұсақтап, үлкен шарбы майдан қалыптасқан қалтасына енгізеді. Бірнеше айдан соң енгізілген аймақтан тиісті қызметті атқаратын талақ тіні-спленоид қалыптасады.

                            Микрохирургия туралы түсінік

Ғылым мен техниканың дамуы заманауи хирургияда өзіне тән ерекшелігі бар микрохирургияның туындауына ықпал етті.

Арнайы микрохирургиялық құралдар мен әртүрлі оптикалық аспаптарды қолдану негізінде, қарапайым хирургиялық әдістермен жаңа ота жасау тәсілдерін біріктіру нәтижесінде, микрохирургия ота жасау техникасының жаңа түрі ретінде қалыптасты.

Оның дамуына жаңа оптикалық аспаптардың, жоғары дәлдіктегі манипуляторлар, арнайы құралдар, атравматикалық инелер және ерекше тігіс материалдарының пайда болуы бірден бір себеп болды.

 Айта кететін жайт, микрохирургиялық техника медицинада жаңа бағыт болып табылмайды, себебі ұлғайтқыш әйнектер тәжірибеде және клиникада ота жасауда ежелден-ақ қолданылып келеді.

Нервтердің және ұсақ қан тамырлардың микрохирургиясы соңғы 50 жылдағы реконструктивты хирургияның бірден бір жетістігі болып табылады. Жиырмасыншы ғасырдың 60-шы жылдарындағы микроқантамырлар хирургиясындағы бірінші тәжірибелік және клиникалық жетістіктері 70 және 80 жылдарды айтарлықтай тез дамыды.

Қазіргі таңда жалпыға мәлім, микрохирургиялық техниканың сәтті дамуы, медицинадағы бір қатар басты бағыттардың өркендеуіне байланысты. Хирургияның бірде-бір саласы тканьдерді кесу немесе қан тоқтату үшін де оптикалық ұлғайтқыштарды қолданбай айналып өте алмайды. 

Қазіргі уақыттағы микрохирургиялық техниканы қолданудың негізгі салалары: нейрохирургия, оториноларингология, травматология, пластикалық хирургия, ангиохирургия және т.б.

1921ж неміс отоларинголог дәрігері С.Нилен ортаңғы құлақ хирургиясында алғаш рет оталық микроскопты қолдануды ұсынды. 1922 жылы дәрігер Г. Холмгрен «Цейс» фирмасымен бірігіп бинокулярлы микроскоп ойлап шығарды. Осы бағыттағы әрі қарай жұмыс фото түсіруге арналған стереомикроскоп, түрлі түсті телевизиялық камера, ота медбикесінің және хирург көмекшісіне арналған тубустардың (оптикалық түтікшелердің) дамуына әкелді.

Микрохирургиялық техникаларға дәрігерлерді үйретуге мүмкіндік пайда болды. Соған қарамастан, микроскоппен операция жасауды, әртүрлі құралдарды және жіңішке тігіс материалдарын қолдана отырып, ұзақ жылдар үйренуге тура келді.

 Жоғарыда көрсетілгендей, микрохирургия тәжірибелік және клиникалық хирургияның әртүрлі салаларында қолданылып келеді. Микрохирургияның ұсақ диаметрлі тамыр операцияларында – саусақ, алақан, аяқ-қолдың реплантациясында, коронарлық артерия, вена және лимфатикалық тамырлар хирургиясындағы ролін аса бағалау қиын. Бұл эндокриндік бездерді ауыстыруда, нервтерге, өт жолдарындағы операцияда және хирургияның әртүрлі басқа салаларында да кең таралған.

Лимфатикалық тамырлардың коллекторында және ұсақ веналарда, диаметрі 1-2 мм артериаларда микротамырлы хирургияны (техникасын) жетілдіруге байланысты ангиохирургия дамудың жаңа бағытын алды. Бұлардың барлығы жүректің ишемия ауруында, аяқ-қолдың магистральды тамырларының окклюзионды зақымдануында, венозды және лимфатикалық ағудың бұзылуындағы хирургиялық емдеу әдісін жетілдіруге әкелді. Микрохирургиялық техника тамырлардан эмболэктомия, соның ішінде бас миынан, сонымен қатар бас ми ішілік аневризмаларға байланысты операцияларда қолдануда қолдау тапты. Қатты ми қабығының айналмалы синустарын шунттауда, сонымен қатар лимфа-венозды анастомоз қалыптастыруда кеңінен қолданылады.  

Пластикалық хирургиядағы тамыр аяқшаларындағы тері қиындысын салу, сонымен қатар саусақта, құлақта, мұрында, жоғарғы және төменгі еріндегі қалыптастыру операциясында микрохирургия таптырмайтын әдіс болып табылады.

Бұл араласулар мүшелердің трансплантациясында (бүйрек, жүрек, бауыр, өкпе және т.б.) кеңінен қолданады. Жынысты өзгерту операциясы, адамға жыныс бездерін (аталық және аналық бездерді) артерия-венозды аяқшаларын алмастыруынсыз, сонымен қатар ұрық шығарушы өзекшелерін қалыптастыру микрохирургиялық операциясыз мүмкін емес. Гипофизді артериалды аяқшалы, бүйрекүсті бездерін, басқа да ішкі секреция бездерінің трансплантациясы эндокринологиялық хирургияның көптеген мәселелерін мәнді деңгейде шеше отырып, бұл күрделі топтағы науқастарды комплексті емдеуде жаңа мүмкіндіктер ашады. 

Қалқанша безінің төменгі артериясын шажырқай тамырларымен анастомоз қалыптастыру жолымен ащы ішектің сегментін мойынға орналастыру операциясы жетілдірілді.

Микрохирургиялық техникалардағы қолданатын спленоренальды анастомоздар, бауыр және панкреатикалық өзектерде, шеткі нервтер және басқа да көптеген ағзаларға жасалатын операциялар микрохирургияның толық тізімі емес.

                Микрохирургиялық техниканың жалпы принциптері.

Микрохирургиялық әдіс деп оперативты араласуларды ерекше ұйымдастыруды түсінеді: бұл оперативті араласудағы объектіні 8, 16, 32 және одан жоғары есе анық үлкейтіп, көлеңкесіз, «салқын» жарықтандыруда, арнайы дайындалған ұзын, жіңішке құралдар мен шыңтақ асты креслоларды қолдана отырып, оталық микроскоп көмегімен жүзеге асырылады. Микроскоптың ота жасау алаңы 4-12 кв.см. Ота жасауға өте жіңішке тігіс материалы, 7/о -II/0 атравматикалық инелерді, ұсақ қантамырлардан күрделі қанды тоқтатуға арналған биполярлы микрокоагуляторды қолдануды қажет етеді. Бұл әдіс ота жасаудың жаңа сапасын көрсетеді. Әдісті қолдану кезінде үлкен оптикалық ұлғайтқыштарды пайдалану, тек құралдардың көмегімен манипуляциялау, тканьдерді аз жарақатта сақтау дағдысын игеру керек.

Операция кезінде оперативты микроскопта бірнеше ерекшеліктер пайда болады: 1) хирург операция алаңын, өзінің қол кескенін және қолданып жатқан құралдардың көп бөлігін бірден көрмейді; 2) оперативты араласудың алаңы шағын, сондықтан микроскоп арқылы көрінген қоршаған ткандердің топографиялық анатомиялық қарым- қатынасын бағалауды қажет етеді; 3) оперативты араласудың объектісі көзге анық көрінбейтін, топографоанатомиялық қатынасы толық бұзылған, күрделі тыртықты-жабыспалы конгломераттарды құрайтын, көбіне ұсақ құрылымдар, тамырлар, нерв пен тыртық талшықтары; 4) Жұмыстың сәтті жүруіне ткандердің патологиялық құрылымын және қалыпты жағдайын бағалайтын жаңа көру критерилері қажет.

Микрохирургиялық операцияларды орындауда үлкен физикалық күш, тұрақты шығармашылықты және үнемі білім жетілдіруді қажет етеді. Жоғары білімділік, шабыт, мақсаткерлік және ұзақ жылдар бойғы жаттығулар жоғарғы хирургиялық әдістерді орындауға және жетістіктерге жету үшін қажет. Микрохирург үшін тәжірибелі әмбебап дайындық керек. Ол нерв, тамыр хирургиясы мен анатомиясын, пластикалық хирургияны, травматологияны және т.б. жақсы білу керек. Бұл универсиализм тәжірибелік лаборатория мен клиникада ұзақ жылдар бойы біртіндеп қалыптасады.   

Микрохирургияның жетістігі әртүрлі оптика мен арнайы құралдарды қолданып, хирургтың техникалық дағдыларын жақсартуға байланысты пациенттің өмір сапасын қалыптастыруға маңызы бар функциональды және косметикалық нәтижелерді қамтамсыз етеді.

Микрохирургияның негізгі техникалық принциптеріне операция кезіндегі барлық манипуляциялар тек хирургтің саусағының қимылымен ғана жүзеге асуына байланысты білек пен алақанның көмегіне жүгінбейді. Сондықтан микрохирургиялық операцияларды жасау барысында хирургтың қолдарының ыңғайлы орналасуына аса көңіл бөледі. 

Микрохирург жұмысының басқа да маңызды элементі болып өткірлікті даралап және хирургтің көруін жақсартатын әртүрлі оптиканы қолданады. Бұл тәжірбиелік жағынан хирургтің көзінің шаршауын және кернеулігін басып, күрделі манипуляциялар жасауға мүмкіндік береді. Егер хирург жоғарғы жетістікке жетсе, микрохирургиялық операциялардың сәттілігінің мүмкіншілігі жоғары болады.  

Ұсақ артериалар беткейінен адвентицияны алғанда 6-10 есе ұлғайтып, ал тамырлық анастомозды қалыптастыру кезінде, тігіс салғанда 25-40 есе ұлғайтуды қажет етеді. Осы жерден заманауи микрохирургиялық техникалардың екінші маңызды принципы- бір операция кезінде әртүрлі ұлғайтқыш микроскопты қолданудың қажет болуы.

Операция жасаудың қатаң ережелерін сақтауды қамтамасыз ететін микрохирургиялық операцияның келесі принципиальды позициясы- (атравматизм): анық гемостаз, ткандерді минимальды жарақаттау, экстравазаттардың болмауы, тігістердің біркелкі салынуы, еритін тігіс матеральдарымен сәйкес атравматикалық инелерді қолдану және т.б.

Қуысты түтікшелі (қан, лимфа тамырлары, шығарушы өзек) формасы бар анатомиялық түзілістерге анастомоз қалыптастыруда жалпы бірдей принциптер бар. Тігіп жатқан түтікшенің айналып кетуінің алдын-алу үшін, бастапқыда осі бойынша екі бекіткіш тігіс, кейін алдыңғы жарты айналымға, содан кейін сағаны 180 градусқа ротация жасап артқы тігіс салады.

Микроскоптың жұмыс процесстерін басқару аяқ педалімен, ал кейбір еріндік модельдерде микроскоптың қозғалуы ауыз арқылы жүзеге асады.

Сонымен, микрохирургиялық техникалардың жалпы принциптері әртүрлі анатомиялық жүйелерде немесе әртүрлі жерде орналасқан бірдей анатомиялық түзілістерде жасалатын микрохирургиялық операциялардың техникалық ерекшеліктерімен тығыз байланысты. 

Техникалық қамтамсыз етуді жетілдіру жеке хирургияның барлық салаларында микрохирургияның әрі қарай дамуына әкеледі.

 

 

Қолданылған және ұсынылатын әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодексі. Астана, 2009.

2. Алиев М.А., Ахметов К.К. Клиническая микрохирургия. – Алматы, 1994 – 141 стр.

3. Клиническая трансплантология ( под ред. Б.А.Константиновна. – М.: Аир – Арт, 2004 – 304 стр.

4. Трансплантология (под.ред. В.И.Шумакова, - М.: МИА, 2006 – 540 стр.

МАЗМҰНЫ

1. Қалқанша без аурулары .......................................................................

2. Өңеш аурулары ...................................................................................

3. Өт тас ауруы .....................................................................................

4. Созылмалы панкреатит ........................................................................

5. Механикалық сарғаю ..............................................................................

6. Портальдық гипертензия синдромы ........................................................

7. Паразитарлық аурулар. Эхинококкоз .................................................

8. Диабеттік аяқ басы .................................................................................

9. Бейспецификалық колиттер .................................................................

10.  Трансплантация негіздері. Микрохирургия туралы түсінік ............

 

 

Сабыр Қайрат Қанатұлы

Ақатаев Нағашыбай Ақатайұлы

Қойшыбаев Әріп Көбекұлы

 

Хирургиялық аурулар

2 кітап

 

Жауапты редактор

м.ғ.д. Джақанов Мұрат Кеңестікұлы

 

Корректорлар

Нұрманов Қ.Ж.

Балшамбаев М.Е.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 84; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.007 с.)