Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Трансплантацияның жеке түрлеріПоиск на нашем сайте Трансплантацияның жеке түрлері Қазіргі таңда бүйректің, бауырдың және ұйқы безінің ағзалық трансплантациялары жасалды, сонымен қатар эндокринді жүйенің тіндері мен жасушалық культураларын алмастырып салу операциясы жасалуда. Бүйрек трансплантациясын ең жиі операциялар қатарына жатқызады. Жүрек трансплантациясы трансплантология ғылымының, тіпті хирургия саласының ең биік шыңы болып есептеледі. Бүйрек трансплантациясы Тарихи тұрғыдан тәжірибелік түрде, содан кейін клиникада алғаш рет алмастырылып салынған ағза - бүйрек. Алғаш рет Ульман және Каррель 1902 жылы иттерге тәжірибе жүзінде бүйрек трансплантациясын жасаған. 1906 жылы Джобулейс шошқаның бүйрегін адамға клиникалық ксенотрансплантациясын жасаған. 1933 жылы хирург Вороной Ю.Ю. мүрде бүйрегін сынаппен уланған 26 жастағы науқас қызға аллотрансплантация жасады. Бүйрек реципиент ағзасында 2 күн қызмет атқарып, ақырында науқас бүйрек жетіспеушілігінен қайтыс болды. Ең алғашқы бүйректің сәтті алмастыруын 1952 жылы америкалық хирург Хьюмон туысқан донордан алып жасады. Ресейде алғашқы сәтті бүйрек трансплантациясын Петровский Б.В. 1965 жылы анасынан баласына жасаған. Бүйрек трансплантациясына көрсеткіш болып тұрақты гемодиализді қажет ететін созылмалы бүйрек шамасыздығының терминалды сатысы есептеледі. Бүйрек шамасыздығының даму себебі әр түрлі болуы мүмкін: созылмалы гломерулонефрит, созылмалы пиелонефрит, бүйрек поликистозы, гидронефрозға себепкер бүйрек –тас ауруы және т.б. Бүйрек жұп ағзалар қатарына жататындықтан оны тірі донордан да, өлі донордан да алып салуға мүмкіншілік бар. Соңғы жағдайда тоқтамаған жүректе бас миының өлімі тіркелгенннен кейін немесе донордың биологиялық өлімі тіркеліп жүрегі тоқтағаннан кейін бірден алып жасауға болады. Бүйрек трансплантациясын гетеротопикалық жағдайда ғана жүзеге асырады, яғни мықын артерияларында орналастырады. Операциядан кейін донор бүйрегі бірден қызметін жасай береді, бірақ кейбір жағдайларда науқаста олигурия, үйлеспеу кризі болуы мүмкін, соған байланысты көмекші ем ретінде гемодиализдің уақытша сеанстарын жүргізеді. Донорлық бүйректің реципиент организмінде үйлеспеуі кезінде қайтадан алмастырып салу мүмкіншілігі бар.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 53; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.009 с.) |