Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Реципиент организмінде донорлық ағзаның өмір сүру қабілеттілігін қамтамасыз ету мәселелеріПоиск на нашем сайте Трансплантанттар жіктелісі Аутотрансплантант – донордың өзінен алынып өзіне салынатын тіндер немесе ағзалар. Изотрансплантант – донордан алынып бірдей генотипі бар реципиентке (мысалы: егізден-сыңарына ) салынған ағза немесе тін. Аллотрансплантант – донордан сол биологиялық түрге жататын реципиентке (бір адамнан екінші адамға) алынып салынған тін немесе ағза. Ксенотрансплантант – басқа биологиялық түрге жататын донордан алынған ағзаны адамға салу ( мысалы: шошқаның жүрегінің жарғақшасын – адамға ). Эксплантант – адамға синтетикалық материалдан жасалған ағзаны салу (мысалы: жасанды артериалды қан тамыр). Трансплантанттың әрі қарай өміршеңдігіне байланысты трансплантацияның келесі түрлерін ажыратады: · Аллостатикалық – трансплантант уақытша енгізіліп тек (керегелік) каркастық қызмет атқарып, реципиентте жаңа тіндердің өсуіне жағдай жасайды. · Алловиталдық – трансплантант реципиент организімінде еніп-жетіліп, жаңа жағдайларда қызметін атқарады. Трансплантанттың орналасу орнына байланысты: · Ортотопиялық – алынған ағза немесе тінді реципиенттің сол ағзаның анатомиялық орналасқан жеріне орналастыру. · Гетеротопиялық – алынған ағза немесе тіндерді басқа анатомиялық аймаққа орналастыру. Трансплантология мәселелері: Моральды-этикалық және заңдылық мәселелері: Қазақстан Республикасында ағзаларды трансплантаттауды анықтайтын негізгі заңды құжат «Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 7 бөлімінің 27-інші тарауының 169, 170 және 171 баптары болып есептеледі. Тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) транспланттау 169-бап. Тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) транспланттау және оларды алу шарттары 1. Адам, адамның мәйіті немесе жануар тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) транспланттау бойынша донор болуы мүмкін. 2. Адамның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) мәжбүрлеп алуға және оларды ауыстырып салуға тыйым салынады. 3. Адамның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) сатып алуға-сатуға тыйым салынады. 4. Реципиентпен генетикалық байланыстағы немесе онымен тіні үйлесетін (басқа организмнің тіндеріне сіңісуіне жәрдемдесетін органикалық тіндердің иммунологиялық қасиеті ) адам транспланттау бойынша тірі донор болуы мүмкін. 5. Тірі донор жан-жақты медициналық зерттеп-қараудан өтуге және өзінің тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) алуға болатындығы туралы консилиумның қорытындысын алуға тиіс. 6. Кәмелетке толмаған адам немесе әрекетке қабілетсіз адам болып табылатын тірі донордың тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) алу осы бапта көрсетілгендермен қатар, бір мезгілде мына шарттарды сақтағанда ғана: 1) осы Кодекстің 91-бабына сәйкес денсаулығының жай-күйі туралы қажетті ақпаратты алған оның заңды өкілдерінің нотариат куәландырған жазбаша келісімі болған; 2) тиісті келісімді беруге қабілетті басқа үйлесетін донор болмаған; 3) реципиент донордың ағасы-інісі немесе апасы-қарындасы (сіңлісі) болып табылған; 4) транспланттау реципиенттің өмірін сақтап қалуға арналған; 5) ықтимал донор алуға қарсылық білдірмеген жағдайда, мүмкін болады. 7. Кәмелетке толмаған адамдардың немесе әрекетке қабілетсіз адамдардың заңды өкілдерінің келісімі медициналық араласу басталғанға дейін кез келген сәтте кері қайтарып алынуы мүмкін. 8. Тірі донордан тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) алу оның нотариат куәландырған жазбаша келісімімен ғана жүзеге асырылуы мүмкін. 9. Транспланттау үшін жұп ағзаның бірі, олардың болмауы денсаулықтың біржола бұзылуына әкеп соқтырмайтын ағзаның бір бөлігі немесе тін ғана алынуы мүмкін. 10. Егер алу кезінде денсаулық сақтау ұйымына осы адамның тірі кезінде не оның жұбайының (зайыбының), жақын туыстарының немесе заңды өкілдерінің ол өлгеннен кейін оның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) реципиентке транспланттау үшін алуға келіспейтінін мәлімдегені туралы хабарланған болса, мәйіттен тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) алуға жол берілмейді. Егер консилиум тарапынан тіркелген өлім фактісінің даусыз дәлелдемесі болса, мәйіттен транспланттау үшін тіндер және (немесе) ағзалар (ағзалардың бөліктері) алынуы мүмкін. Өлім туралы қорытынды биологиялық өлімнің немесе бас миының біржола семуінің (мидың өлімінің) расталуы негізінде уәкілетті орган белгілеген тәртіппен беріледі. 11. Кейіннен транспланттау үшін тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) алуды қамтамасыз ететін адамдардың биологиялық өлімді немесе бас миының біржола семуін растауға қатысуына тыйым салынады.
170-бап. Тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) транспланттау тәртібі 1. Тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) транспланттау қажеттігі туралы медициналық қорытындыны тиісті денсаулық сақтау ұйымының консилиумы береді. 2. Тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) транспланттау реципиенттің не кәмелетке толмаған реципиенттің немесе сот әрекетке қабілетсіз деп таныған реципиенттің заңды өкілінің жазбаша келісімімен жүзеге асырылады. 3. Реципиент не кәмелетке толмаған реципиенттің немесе сот әрекетке қабілетсіз деп таныған реципиенттің заңды өкілі алдағы уақытта жасалатын транспланттауға байланысты реципиенттің денсаулығында орын алуы ықтимал асқынулар туралы ескертілуге тиіс. 4. Инфекция жұқтырған тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) транспланттауға тыйым салынады. 5. Тірі донордан тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) алу және консервациялау мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында және лицензияға сәйкес «трансплантология» мамандығы бойынша қызметін жүзеге асыратын, мемлекет қатысатын денсаулық сақтау ұйымдарында ғана жүргізіледі. 6. Транспланттау мақсатында мәйіттерден тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) алу және консервациялау мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында және мемлекет қатысатын денсаулық сақтау ұйымдарында жүргізіледі. 7. Тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) транспланттауға мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында және лицензияға сәйкес «трансплантология» мамандығы бойынша қызметін жүзеге асыратын, мемлекет қатысатын денсаулық сақтау ұйымдарында ғана жол беріледі. 8. Тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) алудың, консервациялаудың, адамнан адамға және жануардан адамға транспланттауды жүргізудің тәртібі мен шарттарын уәкілетті орган белгілейді. 9. Осы баптың күші ұрпақты болу тіндерін (жыныстық жасушаларды) қамтитын, адамның өсіп-өну процесіне қатысы бар тіндерге және (немесе) ағзаларға (ағзалардың бөліктеріне), сондай-ақ қан мен оның компоненттеріне қолданылмайды.
171-бап. Донор мен реципиенттің құқықтары 1. Донор осы Кодекстің 165-бабында көзделген құқықтардан басқа: 1) денсаулық сақтау ұйымдарынан тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) алу бойынша алдағы хирургиялық араласуға байланысты өзінің денсаулығында орын алуы ықтимал асқынулар туралы толық ақпаратты талап етуге; 2) тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) алу бойынша жүргізілген хирургиялық араласуға байланысты денсаулық сақтау ұйымында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ем алуға, оның ішінде дәрі-дәрмек емін алуға құқылы. 2. Реципиент: 1) денсаулық сақтау ұйымдарынан тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) транспланттау бойынша алдағы хирургиялық араласуға байланысты оның денсаулығында орын алуы ықтимал асқынулар туралы толық ақпаратты талап етуге; 2) жүргізілген хирургиялық араласуға байланысты денсаулық сақтау ұйымында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ем алуға, оның ішінде дәрі-дәрмек емін алуға құқылы. 3. Денсаулық сақтау ұйымдарының медицина және өзге де қызметкерлеріне донор мен реципиент туралы мәліметтерді жария етуге тыйым салынады. Трансплантациядан кейін реципиент организмінде транспланттанттың қызмет ету уақытын үш патологиялық факторлар азайтады: 1. Трансплантант (донормен) пен реципиент арасында иммуногенетикалық тіндік қайшылық; 2. жылулық ишемия және салқындық консервация этаптарындағы трансплантанттың ишемиялық зақымданулары; 3. нейролимфатикалық децентрализация салдарынан дамитын трансплантанттағы нейродистрофиялық процестер. Трансплантациядан кейінгі 7-10 тәулікте әдетте қабылдамау реакциясы өзінің шыңына жетеді, оны осы уақыттан бастап басу қажет. Трансплантациялық антигендер ядроқұрамды барлық жасушалардың мембранасының бетінде орналасқан және «гистосыйымдылықтың басты комплексі» деп аталатын НLА – жүйесінің гендер тобымен бақыланады (Human Leukocyte antigens). НLА – жүйесі трансплантанттың қабылданбау сипаты мен темпін бақылайды. Қазіргі таңда 160 – тан астам антигендердің құрылымы зерттеліп, соның ішінде НLА -А, НLА -В, НLА -С және НLА -DL антигендерінің ерекше маңызы бар. Әрине, донор тіні мен реципиенттің арасында АВ0 және Rһ-фактор бойынша да сәйкестік болу керектігін ұмытпау қажет. Сонымен қатар реципиент қанында белгілі бір донордың лимфоциттеріне антиденелер бар-жоқтығы (кросс-матч) мен әрқалай таңдалған донорлардың лимфоциттеріне антиденелерді анықтауды есте сақтау керек. Донор мен реципиент арасындағы иммунологиялық қайшылықты егжей-тегжейлі талқыламай-ақ, АВ генотип бойынша оларды таңдау қатынасы 1: 640000-ға, яғни 640000 жағдайда тек біреуі ғана сәйкес болатынын айтсақ жеткілікті. Ал басқа да НLА-сублокустрады ескерсек, онда басқа мүмкін комбинацияларды елестетудің өзі қиынға түседі. Клиникалық тәжірибеде осындай мәселелердің шешімін табу жолында мыңдаған потенциалды реципиенттердің генетикалық ақпараты есепке алынған «ағзалар банктері» құрылған. Күту парақтарына потенциалды реципиенттердің иммунологиялық, гематологиялық және клиникалық жағдайы туралы мәліметтер енгізіледі және трансплантация жасатудың шұғылдылығының классы көрсетіледі. Реципиентті күту парағынан таңдаған кезде біріншіден АВ0 жүйесі және Rһ-фактор бойынша донормен сәйкес келмейтін пациенттер тізімінен алынып тасталады, ал таңдалғандардың ішінен донордың лимфоциттерімен лимфотоксикалық сынақ жүргізу барысында 30 %-лимфоциттері өлген (оң мәнді кросс-матч) пациенттер тізімнен шегеріледі. Сынақ барысында кросс-матч анықталмаған пациенттер арасынан НLА жүйесі бойынша донормен сәйкес келетіндері таңдалады. Ең ақырғы сынақ- ізашар (предшествующие) антиденелер титрін бағалау. Аллотрансплантацияның клиникалық әсерін ұзарту мақсатында келесі әдістер қоланылады: 1. Бейспецификалық иммуносупрессия: (реципиенттің иммунокомпетентті жүйесіне антимитотикалық агенттермен, яғни азатиопринмен, метилпреднизолонмен, антилимфоцитарлы глобулинмен, метотрексатпен және т.б. препараттармен тосқауыл жасау). Бұл әдіспен НLА жүйесі бойынша сәйкес келетін аллотрансплантаттардың 85 %-на дейін өміршеңдігіне қол жеткізуге болады. Сонымен қатар НLА жүйесі бойынша сәйкес келмейтін аллотрансплантаттардың 25%-ның өміршеңдігін де осы жолмен ұзартуға болады. Бірақ осындай терапияның нәтижесінде реципиентте иммунотапшылық жағдай орын алып, қатерлі аурулар мен СПИД дамуының қауіптілігі жоғарылайды. 2. Реципиенттің гематолимфоидты жүйесін донордың қызыл сүйек кемігінің жасушаларымен аллотрансплантацияға дейін алмастыру. Бұл әдісті реципиентті лимфоидты тіндердің барлығын түгелдей радиологиялық жолмен жойғаннан кейін, донордың қызыл сүйек кемігін алмастыру арқылы жүзеге асырады. 3. «Т-киллерлі»-жасушаларды таңдамалы элиминациялау ( осындай әсері бар препараттар-циклоспорин А (сандиммун, неорал), селл-септ, ҒК-506). Олардың нефротоксикалық әсерін алдын-алу мақсатында низорал препаратымен бірге қолданады. Азотиоприн және кортикостероидтармен салыстырғанда циклоспориндер реципиенттің инфекциямен күресу қабілеттілігін азайтпайды. Трансплантациядан кейін науқас қанындағы циклоспориннің мөлшерін бір деңгейде қадағалап отыру қажет, оның жеткіліксіз мөлшері қабылданбауға, ал артық мөлшері жағымсыз әсерлерін көрсетеді. Пациенттер циклоспоринді өмір бойы пайдаланатын болады және бұл препарат оларға тегін беріледі. Үш компенентті иммуносупрессивті терапияның (циклоспорин А, метилпреднизолон, азотиропин) қолданылуына қарамастан 85 % пациенттерде бірінші жылдың аралығында ағзаның жедел қабылданбаудың эпизодтары 1,5% жағдайда байқалады, соның ішінде 7% жеделдеу және ауыр түрде өтеді. (В.И.Шумаков және авторлар.1998 ж.) Ағзаларды алмастырып салғаннан кейін трансплантантты қабылдамау бар-жоқтығын анықтау мақсатында динамикада УД зерттеу жасап тұру қажет. Ал трансплантанттың ишемиясын қабылданбау кризінен ажырату және гистологиялық зерттеу мақсатында биопсия жасау тиімді.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 62; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.006 с.) |