Донор болудың мәселелері 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Донор болудың мәселелері

Донор болудың мәселелері

Заманауи транслантологияның ең маңызды мәселелерінің бірі - донор болу мәселесі. Иммунологиялық сәйкестілігі ең жоғарғы донорды таңдау және реципиентке алмастырып салу үшін пайдаланылатын ағзалар сапасы жөнінен талаптарға сәйкес келетін донорлар саны жеткілікті болу қажет.

Донорлардың негізгі екі тобын ажыратады: тірі донорлар және тіршілігі тоқтаған донорлар ( бұл жағдайда ағзаларды алмастырып салу операциясының басым көпшілігін құрайтын аллотрансплантация туралы айтылады).

Тірі донорлар

Тірі донорлар тек жұп ағзаларды ғана алмастырып салу мақсатында пайдаланылады, ал заманауи трансплантологияда – тек бүйректі алмастырып салуда ғана.

Бір жақты нефроэктомиядан кейін донор ағзасында қалған жалғыз бүйректе компенсаторлы гипертрофия дамиды, ал ол болса өз кезегінде бүкіл ағзаның қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Тірі донордан бүйректі тек оның өз еркімен толық келісім бергеннен кейін алуға болады.

Көптеген жағдайларда тірі донорлар көзі ретінде науқастардың тума- туыстары келісім береді.

Соның өзінде донор мұндай операцияның оңай еместігін, операциядан кейін өлім жиілігі 0,005 % құрайтынын, бір бүйрегінің жоқтығы екінші бүйректің ісікпен зақымданып немесе онда тастар түзілген кезінде өміріне қауіп барын білу керек.

Тірі донордан трансплантация жасау кезінде келесі жағдайларды ескеру қажет:

· Донор мен реципиент арасында иммунологиялық сәйкестілік;

· Донордың дені сау болу қажет, ол өз кезегінде операция және наркоз кезінде минимальды қауіпті қамтамасыз етеді; сонымен қатар донор ағзасының реципиент организмінде жақсы қызмет етуі;

·   Зертханалық, көк тамырішілік урография, ультрадыбысты және ангиографиялық зерттеу әдістерін пайдалану арқылы бүйректің құрылымының ерекшелігін, оның даму ақауларын, қан тамырларының ерекшеліктерін және донордың екі бүйрегінің толық қызметтік жағдайын түбегейлі анықтау қажет.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 107; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.005 с.)