Бейспецификалық жаралы колит 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Бейспецификалық жаралы колит

  8 кесте

Бейспецификалық жаралы колит

Крон ауруы

Қабынуы таралған, үзілмейді

Қабыну сегментарлық, үзілмелі

Тік шіек барлық жағдайда қабынған

Тік ішек 50 % жиілікте қабынған

Тік ішек маңайлық өзгерістер 25 %

Тік ішек маңайлық өзгеріс 75 %

Ащы ішек өзгерісі 10 %

Ащы ішек өзгерісі 30 %

Үлкен, кіші жаралар бар, саңылау тәрізді жаралар жоқ

Жаралар саңылау тәрізді, ұзын, терең, пышақпен тілгендей, көпірдің кесек тастары пішіндес

Қан тамырлары қанмен толыққан

Қан тамырлардың қанмен толуы тән емес

Ішектің серозды қабығы өзгермеген

Серозит, жабыспалар орын алады

Ішек қысқарған, жіңішкеруі сирек

Фиброзды жіңішкеру бар, ішектің қысқаруы сирек

Жыланкөздер жоқ

Ішкі ішекаралық, сыртқы терілік жыланкөздер 10 % жиілікте кездеседі

Қабынбалық жалған полиптер жиі кездеседі

Қабынбалық полиптер сирек кездеседі

Созылмалы ағымда малигнизация

Малигнизация сирек кездеседі

Микроскопиялық өзгерістер. Крон ауруы қабыну процессінің ішек қабырғасының барлық қабаттарына (трансмуральдық таралу) таралуымен сипатталады. Екінші ерекшелігі – ішек кілегей қабығының қабынулық инфильтратының тығыздығының әртүрлілігі. Инфильтрат құрамында лимфоциттер басым, аз мөлшерде плазматикалық жасушалар кездеседі; эозинофилдер мен сегментядролы лейкоциттер бірен-саран. Крон ауруына гранулемалардың (түйіршіктердің) болуы тән, бірақ оларды микроскопиялық зерттеу кезінде табу қиын. Гранулемалар бөлек, оңаша орналасады, үлкен көлемді конгломераттар құрамайды. Ол гранулемалар лимфоциттер белдігімен қоршалған эпителиоидтық және өте үлкен Пирогов-Лангханс типтес жасушалардан тұрады. Саркоидоздық гранулемалардан айырмашылығы – айқын шекарасы жоқ, фиброздық белдеме болмайды. Ал туберкулездік гранулемалардан айырмашылығы – ақ ірімшік тәрізді қоймалжың масса жоқ.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 78; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.005 с.)