БЕЙСПЕЦИФИКАЛЫҚ КОЛИТТЕР 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

БЕЙСПЕЦИФИКАЛЫҚ КОЛИТТЕР

 

Колит - тоқ ішектің кілегей қабығының әртүрлі дәрежеде таралған қабынуы.

Колиттердің жіктелісі көп, бірақ олардың арасындағы оңтайлы жіктеліс төмендегідей:

Ағымы бойынша:

- жедел;

- созылмалы.

Этиологиясы бойынша:

- инфекциялық;

- паразитарлық;

- бейспецификалық;

- екіншілік.

Морфологиялық ерекшеліктеріне байланысты:

- талаураған (катаральдық);

- эрозивтік;

- жаралық;

Ауырлық дәрежесіне байланысты:

- жеңіл дәрежелі;

- ауыр дәрежелі.

Сатысына байланысты:

- өршу сатысы;

- ремиссия сатысы;

- қайталанбалы сатысы.

Орналасу және таралу көлеміне байланысты:

- оң жақтық;

- сол жақтық;

- шектелген;

- таралған (тотальды және субтоталды).

Аталған колиттер арасында аса маңызды топқа бейспецификалық колиттер жатады. Этиологиясы анықталған инфекциялық колиттерден басқа колиттерді кеңірек және терминологиялық тұрғыдан бірегей ету мақсатында ішектің қабынбалы дерттері (аурулары) деген ұғымға біріктірген дұрыс. Бұл қағида 2000 ж. өткен Еуропалық біріккен гастроэнтерологиялық апталықта да аталып өтті (А.Е. Вермель, 2001 ж.) Бірақ, соңғы кезде әлемде, әсіресе индустриалды дамыған елдерде бейспецификалық колиттердің екі ауыр түрі – жаралы колит пен тоқ ішектің Крон ауруы жиі кездеседі. Колиттердің бұл екі түрі ағымдарының ауырлығымен, стационарлық емді жиі қажет ететіндігімен ерекшеленеді және асқынуларының жиілігі, хирургиялық емнің қажеттілігі тұрғысынан алғанда аса көңіл бөлуді талап етеді. Сондықтан, арнаулы хирургиялық әдебиеттерде бұл колиттер мәселесі жиі талқыланады. Бұл сипаттамалар бір-бірімен жиі салыстырылып, қатар жүргізуді қажет етеді, өйткені екеуінің де негізгі клиникалық белгілері бірдей: құрсақ қуысындағы тұрақты немесе қайталанбалы жайылмалы ауырсыну сезімі, қанды-кілегейлі қосындылар бар сұйық нәжіс, қатты арықтау, қаназдылық (анемия), дисбактериоз. Екі колиттің патологиялық анатомиясында да көптеген ұқсастықтар бар. Заманауи көзқарастар бойынша бейспецификалық жаралық колит пен Крон ауруының этиопатогенезі әртүрлі, бірақ емдеу тактикасында ортақ ұстанымдар көп.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 69; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.007 с.)