Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
ПаразитарлыҚ хирургиялыҚ аурулар. ЭхинококкозПоиск на нашем сайте
Көптеген паразитарлық аурулардың арасында хирургтердің назарын аудартатындары – эхинококкоз, альвеококкоз және описторхоз. Бұлардың ішінде жиілігі және клиникалық ағымының ауырлығы жөнінен, асқынуларының әралуандығы байланысты эхинококкоздың орны ерекше. Эхинококкоз – адам организміне эхинококк жалпақ құртының (Echinococcus granulosus) еніп, оның балаң құрт (личинкалық) сатысының дамуына байланысты пайда болады. Бұл жалпақ құрттың ұзындығы 2,7-5,4 мм. Құрт 4 сорғыштары мен ілмешектері бар бастан, 2-3 мүшелерден (члениктер) тұрады. Соңғы мүшесінде құрттардың жұмыртқасына толып тұратын жатыры бар. Жұмыртқа саны 400-ден 800-ге дейін жетеді. Әрбір жұмыртқаның қатты хитинді қабығы бар және ол балаң құртты қоршап тұрады. Ақырғы иесі (қожайыны) (окончательнный хозяйн) зарарланғаннан кейін құрт өзінің жыныстық есеюіне (толысуына) 60-100 күнде жетіп, қоршаған ортаға жұмыртқа бөле бастайды. Жыныстық жетілген құрт өзінің ақырғы иесі – иттің организмінде – ащы ішегінде өмір сүреді. Құрттың саны бірнеше мыңға жетуі мүмкін. Табиғи жолмен эхинококк жұмыртқалары сыртқа шығады. Олар иттің жүніне жабысып қоршаған ортаға – өсімдіктердің сабағына, тоған суларға түседі. Эхинококктың аралық иелері (қожайындары) – қойлар, сиырлар, шошқалар және түйелер. Олардың организмінде паразиттің орталық сатысы – жылауық (кистозная) сатысы дамиды. Аралық иелері (қожайындары) өлгенде немесе оларды сойғаннан кейін, зарарланған ағзаларды иттер жейді де олардың организмінде жынысты жетілген құрт дамиды. Осылайша, эхинококктың даму циклы тұйықталады. Адам болса эхинококкпен оның жұмыртқаларын абайсызда (байқамай) жұтқанда зарарланады. Асқазанға түскеннен кейін жұмыртқаның хитин қабығы қарын сөлінің әсерінен ыдырайды да балаңқұрттар қарынның немесе ішектің қабырғасы арқылы өтіп веналық қан ағымына түседі. Әрі қарай бауыр капиллярларында шөгеді. Бақылаулардың 80 %-ында эхинококк бауырда дамиды. Егер балаңқұрт бауыр капиллярларынан өтіп кетсе, қан ағымымен өкпе капиллярларына жетіп, сол жерде кідіруі мүмкін. Мұндай жағдайда өкпе эхинококкы дамиды (15 %). Егер, балаңқұрт өкпе капиллярларынан да өтіп кетсе немесе жүрекшелер арасындағы пердеде жабылмаған тесік болған жағдайда, үлкен қанайналыс шеңберіне түссе, эхинококкпен кез-келген ағзалар мен тіндер зарарлануы мүмкін (талақ, бүйрек, ми, тері астылық шелмайлар және т.б.). Талақ эхинококкпен зақымдануы жиілігі жөнінен бауыр мен өкпеден кейінгі үшінші орында. Бауырда паразиттік балаңқұрттар белсенді дамиды, бір айдан кейін диаметрі 1 мм болса, 5 айдан ішінде 55 мм-ге жетуі мүмкін! Эхинококктық жылауық адам организмінің қоректік заттарының есебінен дамиды, соңғы сатыларында көлемі 10-20, тіпті 30 литрге дейін жетуі мүмкін. Эхинококк жылауығы оның өзіне тән ерекше құрылымдардан тұрады және қоршаған іргелес ағзаларды жан-жағына ысыра, итере дамиды. Бауыр жылауығы мөлдір сұйықтықпен толығады, оның құрамында янтарь қышқылы бар. Жылауықтың қабырғасы үш қабаттан тұрады. Ішкі қабаты – бір қатарлы куб тәрізді эпителийден тұрады. Оны герминативтік немесе өсу қабатыдеп атайды. Одан сыртқарырақ – қатты хитин қабығы (кутикулалық қабық) орналасады. Ол паразиттің тіршілік әрекетінің нәтижесі болып табылады. Ол ақ түсті, піскен жұмыртқаның нәруызына ұқсас. Оның сыртында үшінші қабаты – фиброздық қабық (қаптама) бар – ол организмнің паразитті шектеуге бағытталған реакциясының нәтижесі. Жылауықтың ішіндегі сұйықтықта жүзіп жүрген паразиттің тұқымы – сколекстер бар, оларды «эхинококктық құм» деп атайды. Эхинококктық құмның 1 см3-ында бірнеше мың сколекс болуы мүмкін. Олар жылауық жарылған жағдайда және операция кезінде іш немесе кеуде қуысына сұйықтық төгілген (тамған) кезде эхинококктың қайталануының немесе таралуының себебі болуы ықтимал.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 55; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.176 (0.025 с.) |