Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Чайльд-Пьюдің цирроздың функциональдық класстарын бағалау критерийлеріПоиск на нашем сайте 6 кесте Бағалау критерийлері Баллдар саны Асцит жоқ шамалы, аз мөлшерде көп Энцефалопатия дәрежесі жоқ 1-2 3-4 Билирубин (ммоль/л) < 34 34-51 >51 Альбумин (г/л) >35 28-35 <28 Протомбин индексі (%) >70 50-70 <50
Цирроздың болжамы – бауыржасушалық жетіспеушіліктің дәрежесіне тәуелді. Жағымсыз болжамның үштігі – сарғаю, асцит және энцефалопатия 80 % жиілікте өліммен аяқталады. Чайльд бойынша А және В класындағы бір жылдық өмір сүру жиілігі – 70 %, С-класында – 30 %. А, В кластарында операция мүмкіндігі бар, ал С-класында қауіп жоғары, сондықтан варикозды веналардан қан кеткен жағдайда консервативтік ем немесе операцияның азинвазивті тәсілдерін қолданған жөн. Спленомегалия – портальдық гипертензияның тұрақты белгілерінің бірі. Талақтың төменгі жиегі қабыртқа астынан 4-5 см-ге шығып тұрады, пальпация кезінде ауырмайды. Дегенмен, кейде талақтың үлкеюі кеуде қуысының сол жағында немесе құрсақ қуысында ауырсыун сезімін тудыруы мүмкін. Оның себептері периспленит немесе талақ инфарктісі болуы ықтимал. Талақ инфарктісінде науқастардың басым көпшілігінде сол жақты реактивті плеврит қосарланады. Бауыр циррозындағы спленомегалия кейде айқын тромбоцитопениямен, соның салдарынан мұрыннан, қызыл иектен, жатырдан қан кетумен немесе болмашы соққыдан пайда болатын тері астылық қанталаумен сипатталатын геморрагиялық синдроммен көрініс береді. Асцит – дерттің кеш сатыларында дамиды және бауырдағы процестің декомпенсациясының белгісі болып табылады. Асцит бастапқы кезде өтпелі, дәрі-дәрмектік емге қайтымды болып, науқасты аса көп мазаламайды. Кейінірек асцит консервативтік емге қайтымсыз болып, жиі-жиі лапароцентез жасауға тура келеді, нәтижесінде науқас жүдей бастайды. Асцит-перитонит дамып, науқастың өліміне әкеп соғуы мүмкін. Еске салатын жағдай, бауыр циррозының компенсация сатысында немесе тотальды бауырдан тыс (бауыр астылық) портальдық гипертензияда да варикозды кеңейген веналардан қапыл массивті қан кеткен жағдайда да болуы мүмкін. Бірақ, адекватты консервативтік емнен кейін тез арада толық жойылады. Өңеш пен асқазанның варикозды кеңейген веналарынан қан кетужедел басталып, көп мөлшерде алқызыл қанмен немесе қан ұйындылары араласқан құсық түрінде көрініс береді. Кейінірек қара-қошқыл нәжіс (мелена) қосылады. Қан кету қайталануға бейім, басым көпшілігіне өлімнің басты себебі болып табылады. Қан кету бауыр қызметін күрт нашарлатып жібереді. Осы мезетте дерт компенсация сатысынан субкомпенсация немесе декомпенсация сатысына тез ауысады. Үдемелі сарғаю, асцит, тез ағымды энцефалопатия дамиды. Оңтайлы кешенді емнің нәтижесінде науқастың жағдайы жақсарып, компенсация сатысына қайта оралуы сирек кездесетін құбылыс. Бауыр циррозына қақпа венасының тромбозы қосарланса, қан кетпей-ақ ұзақ қайтымсыз асцит пайда болады. Бауыр циррозы варикозды кеңейген веналардан қан кетумен асқынса гепатопортальдық энцефалопатия дамуы мүмкін. Оның себептері – ішек өзегінен көптеген уллы заттардың қанға сіңірілуі, бауырдың детоксикациялаушы қызметінің бұзылуы (бауыр жетіспеушілігі) және портальдық қанның ауқымды бөлігінің гепатоциттерді айналып өтіп, қуыс веналарға ауытқуы болып табылады. Клиникалық белгілеріне байланысты жедел энцефалопатияны 4 ауырлық дәрежеге бөледі: - І дәреже – ұйқысырау, жеңіл эмоциялық бұзылыстар, қол басы мен саусақтардың дірілі – «флеппинг» симптом, бірақ уақыт пен кеңістіктегі сезінуі сақталған; - ІІ дәреже – науқаспен сөйлесу, түсінісу мүмкіндігі сақталған, бірақ уақыт пен кеңістікте сезінуінде бұзылыстар бар (дезориентация); - ІІІ дәреже – науқаспен сөйлесу, байланысу мүмкіндігі жоқ, бірақ ауыртатын тітіркендіргіштерге қалыпты қорғаныш реакциясы сақталған; - ІV дәреже – ауырсыну реакциясы жойылған немесе тырыспа тәрізді қалыпсыз реакция. Кейде бауыр циррозында кіндік аймағындағы тері астылық веналардың кеңеюі байқалады, бұл кіндік венасының бітелмегендігінің және оның қызметінің сақталғандығының белгісі (Крювелье-Баумгартен синдромы).
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 57; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.196 (0.009 с.) |