Сарғаюлардың зертханалық көрсеткіштерге сүйеніп ажырату диагнозы 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Сарғаюлардың зертханалық көрсеткіштерге сүйеніп ажырату диагнозы

3 кесте

Сарғаюлардың зертханалық көрсеткіштерге сүйеніп ажырату диагнозы

                                                                                                               

Зертханалық көрсеткіш

Сарғаю түрі

механикалық

паренхиматоздық

гемолитикалық

Қан билирубині

мөлшері көбейген, реакциясы тікелей

мөлшері көбейген, реакция негізінен тіке емес

мөлшері көбейген. Реакция тіке емес

Нәжістегі стеркобилин

жоқ

мөлшері төмен

мөлшері жоғары

Зәрдегі уробилин

жоқ

мөлшері жоғары

мөлшері жоғары

Зәрдегі өт бояутегі (пигменті)

көп

мөлшері жоғары

мөлшері өте жоғары

Қандағы холестерин

мөлшері жоғары

мөлшері қалыпты немесе жоғары

өзгеріссіз

Қан нәруыздары

өзгеріссіз

альбумин азайған, глобулиндер фракциясы жоғары

өзгеріссіз

Шөгу реакциялары: сулемалық, тимол, формол

бастапқыда өзгеріссіз, кейінірек жоғарылайды

оң мәнді

өзгеріссіз

Протромбиндік индекс

төмен

төмен

қалыпты

Альдолазаның белсенділігі

қалыпты

жоғары

қалыпты

Негіздік фосфатаза

деңгейі жоғары

өзгеріссіз

өзгеріссіз

Аминотрансферазалар

ұзаққа созылған сарғаюда жоғарылайды

жоғары

өзгеріссіз

Эритроциттердің төзімділігі (резистенттілігі)

қалыпты

қалыпты

төмендеген

4 кесте

 

Сарғаюлардың рентгенологиялық және басқа да арнаулы тексеру тәсілдерін қолданып ажырату диагнозы                   

Тексеру тәсілдері

Сарғаюдың түрі

механикалық

паренхиматоздық

гемолитикалық

Құрсақтың жалпы шолу рентгенографиясы

өт қалтасында тас анықталуы мүмкін

 өзгеріссіз

өзгеріссіз

Ретроградтық холангиография

өт жолдары кеңейген, ісік, тарылу

 өзгеріссіз

өзгеріссіз

Тері-бауыр арқылы холангиография

жоғарыдағыдай өзгерістер анықталады

 өзгеріссіз

өзгеріссіз

УДЗ (ультрадыбыстық зерттеу)

кеңейген өт жолдары, тастар

 өт жолдары кеңеймеген

өт жолдары кеңеймеген

Гастродуоденоскопия

үлкен емізікшеде өзгерістер болуы мүмкін

өзгеріссіз

өзгеріссіз

Радиоизотоптық гепатография

препаратты шығарудың кешігуі

препаратты сіңіру мен шығарудың кешігуі

өзгеріссіз

Бауырды сканерлеу

ошақты өзгерістер болуы мүмкін

бауырдың айқын шекаралының үлкеюі

өзгеріссіз

Компьютерлік томография

кеңейген өт жолдары, тастар, ісік, ұйқыбездің көлемінің ұлғаюы

өт жолдары қалыпты, бауыр үлкейген, спленомегалия

өзгеріссіз

Лапароскопия, лапароскопиялық холецистография

қоңыр-көк түсті бауыр, ұлғайған өт қалтасы (ұйқыбездің немесе үлкен емізікшенің ісіктері)

қызыл-сары түсті бауыр, өт қалтасы бос

бауыр түсті қалыпты, өт қалтасы мен өт жолдары өзгеріссіз, бірақ өт қалтасында пигментті тас болуы мүмкін

 

Есте сақтайтын жағдай: сарғаюдың әртүрлілігіне қарамай кейде зертханалық өзгерістер бір бағытта болуы мүмкін, сондықтан тек лабораториялық көрсеткіштер негізінде ғана ақырғы шешімге келу қиын. Себебі, ұзаққа созылған механикалық сарғаюда бауыр жасушалары өзгеріске ұшырап, паренхиматоздық сарғаюдың лабораториялық белгілерін де беруі ықтимал. Ал, паренхиматоздық сарғаюда бауырішілік холестаз (өт іркілісі) дамып, ұсақ бауырішілік өт жолдары бітеліп, механикалық сарғаюға тән лабораториялық көрсеткіштерді беруі мүмкін. Сондықтан, холестатикалық немесе цитолитикалық өзгерістерді ажырату үшін бір емес, бірнеше салыстырмалы зертханалық сынамаларды пайдаланған жөн. Клиника-лабораториялық (зертханалық) тексеру әдістері дәрігерлер қауымына бұрыннан белгілі.

Соңғы кездерде құрал-аспаптық тексерулер ауқымы кеңейді және олардың ақпараттық құндылықтары да мол. Осы орайда аталған тексеру тәсілдеріне назар аударған жөн.

Негізі тәсілдер:

- УДЗ;

- ЭРПХГ;

- Тері-бауыр арқылы холангиография;

- Өт қалтасы арқылы фистулохолангиография (микро- немесе оталық холецистостомиядан кейін;

- КТ;

- Магниттік-резонанстық холангио- панкреатография;

- Лапароскопия;

Аталған тәсілдердің тиімдісін таңдау механикалық сарғаюдың себебін болжауға, диагностикалық этапты емдеу тәсіліне ұластыру мүмкіндігіне және емдеу мекемесінің техникалық жабдықталу дәрежесіне байланысты.

Ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ). Механикалық сарғаюдың себебін анықтауда аса зор роль атқарады. Өт жолдары кеңейген жағдайда обтурацияның себебін анықтауға, 75-90% жағдайда себебін дәл анықтауға көмектеседі.

УДЗ-дің артықшылықтары:

- Зерттеу әдісін скринигтік мақсатта қолдану мүмкіндігі;

- Инвазивті еместігі, асқынулар жоқ;

- Науқастың кез келген қатаңдықтағы жағдайында қолдану мүмкіндігі;

- Бір мезетте басқа ағзалардағы (бауыр, ұйқыбез, ішперде артындағы кеңістік және т.б.) өзгерістерді анықтау мүмкіндігі;

- Пункциялық декомпрессия және диагностикалық биопсия кезінде объективті қадағалау мүмкіндігі;

- Өт жолдарын декомпрессия жасау тәсілін таңдауды объективті бағалау мүмкіндігі.

ЭРПХГ – өт жолдарын контрастты затпен тексеріп, механикалық сарғаюдың себебін анықтаудағы ең ақпаратты тәсіл. Бұл тәсіл тек өт жолдарын ғана емес, асқазан және 12-елі ішек, үлкен емізікше жағдайларын, өттің 12-елі ішекке түсуін бағалауға мүмкіндік береді. Ақпараттылығы жөнінен операция үстінде жасалатын холангиографиядан артықшылығы мол.

Холедохолитиаз салдарынан механикалық сарғаю кезіндегі үлкен емізікше аймағында болатын мүмкін деген өзгерістер мынадай:

- Жедел папиллит;

- Үлкен емізікшенің полиптері;

- Емізікше маңындағы қалташықтар (дивертикулдар);

- Үлкен емізікшенің кептетілген тастары;

- 12-елі ішек жаралары.

Үлкен емізікшедегі және оның маңайындағы біріншілік хирургиялық операциялар кезінде жойылмаған немесе түзетілмеген патологиялық өзгерістер – постхолецистэктомиялық синдромның негізгі себептері.

Тері-бауыр арқылы холангиография (ТБАХ). Холедохолитиазға шалдыққан науқастардың 10%-ға жуығында ретроградты контрастты зерттеудің мүмкіндігі шектеулі болуы ықтимал: бұрын асқазанға жасалған операция (Бильрот-ІІ резекциясы), үлкен емізікшенің көлемі үлкен дивертикулдардың ішінде орналасуы, өт жолының төменгі бөлігіндегі өте алмайтын кедергілер (стеноз, кептетілген тас, өт жолының төменгі бөлігінің ісігі). Мұндай жағдайларда тері-бауыр арқылы холангиографияға жүгінеді. Арнаулы жіңішке иненің көмегімен кеңейген бауырішілік өт жолдарына контраст енгізеді. ЭРПХГ мен ТБАХ бірге қолданылуы мүмкін. Өт жолдарының жіңішкерген (тарылған) жерден жоғары және төмен орналасқан бөліктерінің жағдайын бағалау үшін екі әдісті біріктіріп пайдаланады.

Фистулохолангиография. Өт қалтасына пункциялық тәсілмен, лапароскопияның көмегімен немесе операция кезінде түтікше қойылған жағдайда операциядан кейін фистулохолангиография жасау мүмкіндігі бар. Ол үшін міндетті түрде өт қалтасының өзекшесі өтімді болуы керек, ал оның басты дәлелі – холецистостомадан өттің бөлінуі.

КТ – ақпараттығы өте жоғары әдіс. Оның көмегімен өт жолындағы тастарды, тарылуды және оның ерекшеліктерін, өт өзегіндегі басқа құрылымдарды анықтауға болады. Бірақ, бұл әдістің көмегімен пункциялық кәріздеу емдік тәсілін орындау қиын.

Лапароскопия. Механикалық сарғаюдың себебін анықтауда лапароскопия сирек қолданылады. Басым көпшілігіне біріншілік немесе метастаздық қатерлі ісіктердің бауырда, гепатодуоденалдық аймақта орналасуын, оперативтік емнің мүмкіндігін анықтау немесе көздемелі биопсия алу үшін қолданылады.

Ажырату (дифференциалдық) диагнозының критерийлері жоғарыда келтірілген кестелерде көрсетілген.

Емдеу. Емдеу процесінің негізгі мақсаты – холестазды жою және бауыр-бүйрек жетіспеушілігінің алдын-алу.

Механикалық сарғаю ұзақ болып, қанның құрамындағы билирубиннің деңгей жоғары болған жағдайда, түбегейлі (радикальды) операциядан кейінгі өлім жиілігінің жоғарылығы ескеріліп, екі этапты емдеу тактиасы қабылданған.

Механикалық сарғаюдың екі сатылы (этапты) емдеу тактикасының ұстанымы:

Бірінші кезекте. Қарқынды емнің аясында холестазды жоюға бағытталған азинвазивті (аз жарақат) хирургиялық әрекеттерге жүгінеді. Азаймайтын немесе үдемелі механикалық сарғаюда декомпрессияға бағытталған толық әрекеттер науқас ауруханаға түскеннен кейін 2-3 тәулік барысында жасалуы тиіс.

Екінші кезекте. 20-40 % жағдайда азинвазивті оперативтік ем механикалық сарғаюды түбегейлі жоюы мүмкін. Қалған жағдайларда механикалық сарғаю толық жойылып, науқастың жағдайы жақсарғаннан кейін радикальды операция жасалады.

Науқас ауруханаға түскен сәттен бастап толық диагностикалық зерттеулер, көпағзалық, әсіресе бауыр-бүйректік жетіспеушілікке қарсы бағытталған қарқынды кешенді еммен қосарласа жүргізіледі. Консервативтік ем қарқынын, оперативтік емнің көлемін анықтайтын басты критерий – бауыр жетіспеушілігінің дәрежесі. Клиникалық-зертханалық көрсеткіштерге байланысты бауыр жетіспеушілігін үш дәрежеге бөледі.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 57; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.01 с.)