Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Кардиоспазм мен өңеш (кардия) ахалазиясының диагностикалық критерийлеріПоиск на нашем сайте 1 кесте Кардиоспазм мен өңеш (кардия) ахалазиясының диагностикалық критерийлері Кардиоспазм Өңеш ахалазиясы Клиникалық симптоматикасы Дисфагия кенеттен пайда болады Басым көпшілігіне дисфагия біртіндеп басталады Парадоксальдық дисфагия байқалады Парадоксльадық дисфагия тән емес Тамақ ішу кезінде немесе тамақ ішіп болғаннан кейін бірден регургитация пайда болады Регургитация еңкейгенде, горизонталдық жағдайда, тамақ ішкеннен кейін бірнеше сағаттан соң пайда болады Рентгенологиялық симптоматикасы Өңештің моторикасы күшейген, сегментарлық жиырылуы белсенді Өңештің моторикасы әлсіреген, сегментарлық жиырылу жоқ Өңештің төменгі терминальдық бөлігі конус тәрізді Өңештің терминалдық бөлігі шеңбер тәріздес, жіңішкерген, бөлігі экстцентрлі (ортасынан ығысыңқы) орналасқан Өңеш контрастты затты күштеп итеру (бүрку) жолымен босайды («шприц симптомы») Өңештің контрасттан босауы бағананың биіктігіне тәуелді, гидростатикалық қысым жоғарылағанда ғана басталады Холинолитик инъекциясы өңештің төменгі қысқышын босаңсытады Холинолитик инъекциясына реакция теріс мәнді (фармакологиялық сынама (тест) теріс мәнді)
Емдеу. Өңештің ахалазиясы мен кардиоспазмның алғашқы сатыларында консервативтік емді қолдануға болады. Жиі қолданылатын препараттарға нитраттар тобы (нитроглицерин, изосорбид, динитрат) және кальций антагонисттерінің тобы (верапамил, нифедипин) жатады. Кейде седативтік дәрі-дәрмектер пайдаланылады. Науқастардың тамақ қабылдау тәртібіне аса көңіл бөлінуі тиіс: тәулігіне 4-5 рет, тіпті одан жиірек қабылдап, аз көлемде, асықпай, мұқият шайнау қажет. Соңғы жылдары емдеу процесінде болашағы бар саналатын емдеу тәсіліне фиброэзофагогастроскоптың көмегімен өңештің төменгі қысқышы аймағына ботулотоксин препаратын енгізу жатады. Бұл әдіс ботулинотоксиннің сфинктерді босаңсытатын әсеріне негіздлген. Қазіргі таңда кардиоспазм мен өңеш ахалазиясының негізгі емдеу әдісі – кардиодилатация. Бұл емдеу әдісінде қайталап жасалған кардиодилатация нәтижесінде тыртықты тіндер жыртылып, өңеш-асқазан қысымының градиенті төмендеп, тамақ өңештен асқазанға пассивті (салмағының ауырлық күшінің есебінен) түрде өтеді. Кеңінен таралған және жиі қолданылатын дилататор – пневматикалық (ауалық) кардиодилататор. Резеңкеден немесе пластмассадан жасалған түтікшелердің ұшында диаметрі 25, 35 және 45 мм баллондар бар. Кардиодилатацияны рентгендік әдіспен қадағалай отырып, 25 мм-лік кардиодилататормен 180-240 мм.сын.бағ-лық қысымнан бастайды. Ем сеансы күнара жүргізіледі, баллонның диаметрін біртіндеп үлкейтіп, қысымды 320 мм.сын.бағ-на дейін жеткізеді. Кардиодилатацияның әсерін дисфагияның жойылуына және өңеш-асқазандық қысым градиентінің төмендеуіне қарап бағалайды. Қысым градиентін 7-8 мм.сын.бағ-нан төмендетуге болмайды, ол кардияның қақпақшалық қызметін жойып, рефлюкс-эзофагитке әкеп соқтыруы мүмкін. Әсіресе, өңеш (кардия) ахалазиясын емдеу кезінде сақтық қажет. Бұл патологияда кардиодилатация сақтықты талап етеді және қысым жоғары болмауы тиіс. Себебі, кардияның жетіспеушілігінің даму қаупі жоғары. Сондықтан, сеанс барысында қыжыл (изжога) пайда болса, процедураны тез арада тоқтатып, эзофагоманометрия жасау керек. Кардиодилатацияны күштеп (зорлап) жасау өңеш пен кардияның кілегейлі қабығының жыртылуымен асқынуы мүмкін. Мұндай жағдайда кардиодилататордың баллонында қанның жұғындылары пайда болады. Дилатация кезінде эзофагиттің өршуі ықтимал. Кардиодилатацияның ең ауыр асқынуы – өңештің жыртылуы (перфорациясы) (0,5-1 %). Бұл асқыну шұғыл операцияға көрсетім болып табылады. Операция кезінде өңеш жарақатын тігіп, тігіс сызығын фундопликация әдісімен қосымша бекітеді. Оперативтік ем. Кардиоспазмның жоспарлы хирургиялық емінің көрсетімдерін абсолютті және салыстырмалы деп екі топқа бөледі: Абсолютті көрсетімдер: - Пневматикалық кардиодилататорды кардия арқылы асқазанға өткізудің мүмкін еместігі; - Кардия-өңештік аймақтағы қатерлі ісікке негіздемелі күдік (обоснованный) болып, ал нервтік-бұлшықеттік ауру диагнозы сенімсіз болған болған жағдайда; - Пневматикалық кардиодилатация емінің курсынан кейін (10-12 сеанс) кардия өткізгіштігінің қалыпқа келмеуі; Салыстырмалы көрсетімдер: - Кардиоспазмның хирургиялық емге көрсетімдері бар гастродуоденальдық ойық жарамен, бүйірқалталарамен (дивертикулдармен), лейомиомалармен қосарлануы; - Кардия тонусының пневматикалық дилатацияның екі курсынан кейін төмендемеуі («резеңкелік кардия» феномені); - Пневмокардиодилатацияның кардия тонусын қалыпты жағдайға келтірген 3 курсынан кейін дисфагияның тез арада қайталануы (6-12 ай); - Кардиоспазмның ІV сатысында дилатациядан нәтиже болмаса немесе дилататор кардия арқылы өтпейтін жағдайларда; - Операциядан кейін рефлюкс-эзофагиттің немесе өңештің пептикалық тарылуының салдарынан дисфагияның қайталануы. Кардиоспазмның оперативтік емінің 60 астам тәсілі ұсынылған, бірақ олардың ешқайсысы түбегейлі болып саналмайды. Осы мәселемен айналысатын авторлардың басым көпшілігі ең ұтымды хирургиялық әдіс ретінде негізіне Готштейн-Геллер тәсілімен эзофагокардиомиотомия салынған ағзасақтаушы кардиопластикалық операцияларды ұсынады. Өкінішке орай ағзасақтаушы операция барлық жағдайларда мүмкін бола бермейді. Әсіресе, дерттің ІV сатысында, егер алдында жасалған паллиативтік операция нәтиже бермей, дерттің рефлюкс-эзофагит және пептикалық стриктуралар секілді асқынулары дамыған жағдайларда тек қана өңеш резекциясы көмектеседі. Өңеш (кардия) ахалазиясындағы оперативтік емге көрсетімдер мен оның принциптері кардиоспазмдағы ұстанымдарға толық сәйкес келеді.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 63; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.006 с.) |