Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Кеш асқынулар – қайырылма нервтің салдануы (параличі), қалқанша без дерттерінің операциядан кейін қайталануы.Поиск на нашем сайте - Ерте асқынулар – қайырылма нервтің бір жақты немес екі жақты парезі (жарақаты), транзиторлық (өтпелі) гипопаратиреоз, тиреотоксикалық криз; - Кеш асқынулар – қайырылма нервтің салдануы (параличі), қалқанша без дерттерінің операциядан кейін қайталануы. • Бейспецификалық асқынулар: қан кету, операциядан кейінгі жараның іріңдеуі. Операциядан кейін дауыстың өзгеруі. Операция кезінде қайырылыма нервтің жарақаттануы – қалқанша без хирургиясының ең қауіпті асқынуы. Бұл асқынудың жиілігінің ауқымы кең – 0,2-15 %. Асқынуды қандай дәрігер анықтады (хирург немесе оториноларинголог), операциядан кейін қанша уақыт өтті, асқыну тек клиникалық көрінісі негізінде немесе аспаптық тексеру әдістерінің қорытындысында анықталды ма, осы аталған факторлардың барлығы да асқыну жиілігінің статистикасына ықпал етеді. Қалқанша безге қайталап жасалған операциялар кезінде (тиреотоксикоздың қайталануына байланысты) қайырылма нервтің жарақаттану жиілігі орташа есеппен 5,6 %-ға артады. Оның себептері: - Дәстүрлі орналасудан ауытқыған анатомиялық вариант; - Қайталап жасалатын операциялар (тиреотоксикоздың қайталануы) немесе өте үлкен, әрі пішіні өзгерген қалқанша безге жасалатын операциялар; - Операция кезінде байланатын жоғарғы және төменгі қалқанша без артерияларына қайырылма нервтердің жақын орналасуы; - Гемостаздың жеткіліксіздігі және шамадан тыс электрокоагуляция; - Эндокриндік хирургиядан тәжірибесі аз хирургтердің операция жасауы. Кей жағдайларда қайырылма нерв жарақатсыз болғанмен, оның қабынбалық инфильтратпен, гематомамен қысылуының немесе тыртықтану процестеріне шалдығуының салдарынан дауыс байламдарының қозғалысының бұзылуы ықтимал. Қайырылма нерв бір жақты жарақатталса дисфония пайда болып, ол бірнеше аптадан соң қайта қалыпқа келеді; нервтердің екі жақты жарақатталуы сирек (0,2-0,5 %) кездеседі, бірақ шынайы стеноздың дамуына байланысты асфиксия қаупі болған жағдайда трахеостомияға көрсетім болып табылады. Нерв жарақатының негізгі профилактикасы – субфасциалық резекцияның принциптерін қатаң сақтау. Қалқанша бездің төменгі полюстерін босату кезінде және «қауіпті аймақта» әрекет жасау (манипуляция) кезінде сақ болу керек. Кеңірдекті төменгі қалқанша без артерияларын байлау кезінде терең босату, жалаңаштау қауіпті, қалқанша бездің бүйірлік бөліктерін жараға дөрекі түрде тартқылау арқылы шығаруға болмайды.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 82; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.005 с.) |