калқанша безге пальпация жасау немесе бездің көлемінің ұлғаюы, я болмаса кішіреюі негізінде АИТ-тің диагнозын қоюға болмайды; 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

калқанша безге пальпация жасау немесе бездің көлемінің ұлғаюы, я болмаса кішіреюі негізінде АИТ-тің диагнозын қоюға болмайды;

Гипертрофиялық АИТ 90 % жиілікте кездеседі, Қалқанша бездің үдемелі ұлғаюымен және біртіндеп дамитын гипотиреозбен суреттеледі. Науқастардың негізгі шағымдары қалқанша бездің көлемінің ұлғаюымен сабақтасты – ыңғайсыздық, мойын аймағындағы «қысу» сезімі, жұтынғанда түйіліп қалу. Клиникалық белгілерінің көмескілігі бездің компенсаторлық гипертрофиясымен түсіндіріледі.

Атрофиялық АИТ шамамен науқастардың 12-18 %-ында кездеседі. Басым көпшілігіне түйінді зобтың бетпердесімен (под маской) баяу дамитын гипотиреозбен сипатталады. Гипотиреоздың себебі – тиреоидтық эпителийдің атрофиясы.

Диагностикасы. 2002 ж. Ресейдің эндокринологтар ассоциациясы АИТ диагнозын анықтау үшін төмендегідей клиникалық нұсқаулар қабылдады:

- калқанша безге пальпация жасау немесе бездің көлемінің ұлғаюы, я болмаса кішіреюі негізінде АИТ-тің диагнозын қоюға болмайды;

- АИТ-тің негізгі диагностикалық критерийлері: айқын немесе субклинкиалық біріншілік гипотиреоз, қалқанша без тіндеріне қарсы антиденелердің анықталуы, аутоиммундық патологияға сәйкес УДТ-дің белгілері;

- Диагностикалық критерийлердің біреуі болмаған жағдайда АИТ диагнозы күмәнді саналады;

- АИТ-тің диагнозын анықтау үшін қалқанша бездің пункциялық биопсиясына көрсетім жоқ, ол түйінді жемсаудың диагностикалық әдісі;

- АИТ-ің диагнозы анықталғаннан кейін қан айналымдағы қалқанша безге қарыс антиденелерді динамикада анықтау дерттің ауырлық дәрежесін бейнелемейді, оның болжамдық маңызы жоқ;

- Қалқанша безге қарсы антиденелер анықталса және/немесе АИТ-тің ультрадыбыстық белгілері болса, бала көтеруді жоспарлап жүрген әйелдерде қалқанша бездің функциясын (ТТГ және Т4 гормонның қандағы концентрациясын), бала көтермес бұрын және жүктілік кезінде әрбір үш ай сайын тексеріп тұру керек.

Диагноз қою барысында жанұялық анамнезінде қалқанша бездің немесе басқа ағзалар мен жүйелердің аутоиммундық дерттері (ревматоидтық артрит, жүйелік қызылжегі, Шегрен синдромы) бар-жоқтығын сұрастыру қажет.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 55; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.009 с.)